Пайдалану шарттары

1. Жеке мәліметтер


Мәліметтер құпиялылығы туралы біздің құқықтық саясатымызбен танысуыңызды өтінеміз.  
 

2. Мазмұны

http://www.ru.nivea.kz /  сайтында (бұдан әрі — «веб-сайт») суреттер, фотосуреттер, графикалық суреттер, тауар белгілері, фильмдер, аудио- және бейнефайлдар мен мәтіндер сияқты материалдар (бұдан әрі – «материалдар») қолданылады. Материалдар Beiersdorf AG, 20245 Гамбург, Унна к-сі, 48 компаниясының (бұдан әрі — «Beiersdorf») меншігі болып табылады, авторлық құқық, тауар белгілері, өнеркәсіптік үлгілер туралы заңнамалық нормалармен қорғалады, неміс және халықаралық құқыққа сәйкес жеке құқық тұжырымдамасына негізделеді. Материалдарды жеке қолданудан өзгеше кез келген қолдану жағдайы Beiersdorf алдын ала берген келісімін талап етеді. Сол талап материалдардың кез келген өзгерістерін енгізуге де, әсіресе аудармаларға немесе өңдеудің басқа түріне, сонымен қатар материалдарды табыстауға қолданылады.
Егер материалдар тікелей веб-сайттан (мысалы, Медиа-Орталықта) жүктеуге арнаған болса, онда оларға жүктеу кезінде көрсетілген ерекше ережелер мен шарттар қолданылады.  

 

 

3. Құқықтық ескертпе

Пайдаланушы материалдарды жүктеу немесе оларды басқа түрде қолданған кезде, пайдаланушы бұл үшін жауапкершілік пен тәуекелді өзіне артады.  Beiersdorf осыған байланысты пайдаланушының кез келген шығындары үшін жауап бермейді, әсіресе, бұл мәліметтерге, техникалық құралдарға және бағдарламалық жасақтамаға қатысты болса. Осы ереже қасақана жасалған зиянға немесе өрескел абайсыздық салдарынан келтірілген зиянға таралмайды. Beiersdorf үшінші тұлғалардың құқығын бұзғаны үшін өзіне ешқандай жауапкершілік артпайды.  

Осы веб-сайттағы ақпарат мұқият құрастырылып, тексерілуі тиіс. Алайда  Beiersdorf  ақпарат дәл, өзекті және толық болуы үшін өзіне ешқандай жауапкершілік артпайды. Осы веб-сайттың мақсаты жалпы ақпарат ұсыну болып табылады, ол дәрігер немесе маманның кеңестерін алмастырмайды. 

4. Рейтингтер

Тіркелген пайдаланушылардың веб-сайттың мазмұнына өнім, жұмыс барысы және басқа да аспектілер жағынан баға беруге мүмкіндігі бар.  Егер пайдаланушы пікірін қалдырса, ол Beiersdorf компаниясына осы пікірді шектелмеген уақытта кез келген жерде қолдануға құқық береді.  Beiersdorf пікірді шектелмеген мөлшерде, яғни кез келген қолжетімді түрде онлайн да, офлайн түрде де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және таратуға құқылы. Сонымен қатар Beiersdorf рейтингті қысқартуға құқылы. Егер пайдаланушы пікірдің астына атын жазса, Beiersdorf пайдаланушының пікірін жариялаған кезде көрсетуге құқылы, бірақ міндетті емес.  

Пікір және/немесе ой қалдыра отырып, пайдаланушы сол сияқты алдын ала біліп тұрып дұрыс емес пікір бермейтініне, Германияның авторлық құқық туралы заңын және үшінші тұлғалардың басқа кез келген құқықтарын бұзатын (а); заңнамалық нормаларды немесе ресми жарлықтарды бұзатын (б); жеке немесе заңды тұлғаға қатысты беделін түсіретін, өсек-аяң, қорлау немесе кемсітушілік ақпараттан тұратын (в); басқа веб-сайттарға, мекенжайларға, эл. пошта, байланыс ақпараттан немесе телефон нөмірлерінен (г) тұратын;  немесе компьютерлік вирустардан, құрттардан немесе бағдарламалар немесе файлдар үшін басқа әлеуетті қауіптен (д) тұратын пікір қалдырмайтынына кепіл береді. Beiersdorf кез келген заңсыз құрастырылған пікірлерді, әсіресе кемсітушілік, порнографиялық немесе ұлтшылдық пікірлерді, сонымен қатар зорлық-зомбылықты насихаттайтын немесе хаттар тізбегінен, жаппай жөнелтімдерден тұратын немесе спамның басқа түрлерінен тұратын рейтингтерді жоюға, немесе сондай мазмұнды сайтта жарияламау құқығын өзіне қалдырады. 

5. Құқықтық салдар

Егер пайдаланушы аталған ережелерді және пайдалану шарттарын және/немесе қандай да бір құқықтық нормаларды бұзса, Beiersdorf  пайдаланушының жүйеге кіруін бұғаттап қоюға құқылы. Осыған ұқсас әрекеттерді жасаған жағдайда веб-сайтты қолдануға тыйым салынады, осыған орай оның пайдалану бойынша жасалған кез келген кейінгі әрекеттері заңсыз деп танылады. Beiersdorf өз материалдарын рұқсатсыз пайдаланудан қорғауды, сонымен қатар кез келген басқа бұзылған құқығын, әсіресе, жеке құқықтарын, тауар белгілеріне, өнеркәсіптік үлгілерге деген құқықты, авторлық құқықтарды және азаматтық немесе қылмыстық заңнама аясындағы басқа зияткерлік құқықтарын қорғау құқығын өзіне қалдырады. 
 
Осы ережелерде және шарттардағы жеке ережелердің жарамсыздығы немесе жойылуы қалған ережелер мен шарттардың жарамдылығына әсер етпейді. 

Техникалық жаңартпалар мен заңнамадағы өзгерістер салдарынан осы ережелер мен шарттар мерзім сайын қаралуы мүмкін, бұл соңғы рет 2015 жылғы сәуірде жасалған. Егер сіз біздің веб-сайтымызда орын алған қандай да бір құқық бұзушылық туралы хабарлағыңыз келсе, бізбен байланысуыңызды өтінеміз: "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050022, Абай даңғылы, 42, 5-ші қабат, тел: +7 (727) 313 0728.