NIVEA тарихы

ТЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІ. ӘРТҮРЛІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР.

 

Жүз жылдан артық уақыт бұрын біз NIVEA кремін жасадық, және онымен бірге тері күтімінің заманауи концепциясы пайда болды. Бүгінгі күні бүкіл әлемде терісінің түрі әртүрлі миллиондаған адамдар NIVEA құралдарын қолданады, осы брендтің сапасына сенім артады. Дәл осы себепті біздің зерттеушілер әртүрлі адамдардың терісінің жеке ерекшеліктерін және мәдени, гендерлік және жас ерекшеліктеріне байланысты оған күтім жасау құралдарына қойылатын әртүрлі талаптарды белсенді зерттеуде. Осы тәсілдің аясында соңғы бірнеше онжылдықта біз тері күтіміне арналған инновациялық құралдардың көпшілігін әзірледік: дезодоранттан бастап күннен қорғау құралдарына дейін. Бүкіл әлем бойынша 50-ден астам ұйымдар бізбен ынтымақтастықта, бұл бізге дәл сіздің теріңізге сай келетін құралдарды жасауға мүмкіндік береді. Гамбургтегі біздің басты кеңсеміздің жанында біз тіпті азиялық және латынамерикалық нарыққа арналған өнімдерді әзірлеу жөніндегі меншік зертхананы аштық: бізге терінің әртүрлі түрлерінің қажеттіліктерін және осы аймақтардың климаттық ерекшеліктерін кешенді ескеру маңызды. Біз мұны ерте ме кеш пе, біздің өнімдер бүкіл әлемдегі адамдардың сенімінен шығуы үшін жасаймыз.

Барлығы "nix"-тен басталды

NIVEA кремінің сәттілік тарихының бастауында Эвцерит деп аталатын түпкілікті жаңа компоненттің әзірленуі тұрды. Ол эмульгатор сияқты әрекет жасайды және керемет нәзік тұрақты құрылымы бар сулы-майлы құрам болып табылады. 1911 жылы доктор Исаак Лифшютцтің осы революциялық формуланы жасауы сенгісіз сәттілік болды. Дерматолог профессор Пауль Герсон Унна доктор Лифшютцтің осы саладағы тәжірибесі мен білімдерін лайықты бағалады және оны химик әрі Beiersdorf компаниясының қосалқы құрылтайшысы доктор Оскар Тропловицпен таныстырды, ол сулы-майлы эмульсияның теріге арналған косметикалық крем үшін мінсіз негіз болатындығын бірден түсінді. Тек қана атауын ойлап табу ғана қалды, оны кремнің өзі ескертті. Оның аппақ қардай түсімен шабыттанған доктор Тропловиц кремді «nix, nivis» латын сөздерінен алынған NIVEA деп атады, яғни NIVEA латын тілінен аударғанда «қардай аппақ» дегенді білдіреді.    

NIVEA әлемгі танымалдықты жаулап алуда

1911

Химик доктор Исаак Лифшютц тұрақты сулы-майлы эмульсияны жасай алатын эвцерит эмульгаторын ойлап табады. Фармацевт және кәсіпкер доктор Оскар Тропловиц жаңа заттың мүмкіндігі орасан зор екендігін түсінеді және дерматолог профессор Пауль Герсон Уннамен бірге NIVEA «барлық кремдердің түпнегізін» әзірлейді. Табыс толқынында жақын арада басқа да косметикалық құралдар пайда бола бастайды: тальк, сабын және шаштарға арналған сүтше. Бүгінгі күні үш алғашқы ашушылардың ісін біздің зерттеу және әзірлеу бөліміміздің 500 қызметкерлері жалғастыруда. Табанды жұмыс істеген жылдар әлемге қазіргі кезде индустрияның алтын стандарты ретінде қабылданатын, тері күтімі саласындағы көптеген жаңалық ашуларды сыйлады.  
 

1914

Мұхит лайнерлері  және алғашқы гидропландар алыс қашықтықтағы  саяхаттарды жеңілдетіп және халықаралық нарықтарға шығуды мүмкін етіп,  мемлекеттер мен континенттерді жалғастырады. Beiersdorf жас компаниясы осы мүмкіндікті қармады: NIVEA кремі пайда болғаннан кейін бар боған үш жыл ішінде ол барлық континенттерде сатыла бастады. Бүгінгі күні, шет елдік нарық оның сатылымының 42%-н әлдақашан қамтыған. Тұрақты формуланың арқасында  NIVEA кремдері  үлкен қашықтықтарды өте алады және әртүрлі климаттық аймақтарда сақтала алады. Бүгінгі күні NIVEA өнімдері әлемнің 200-ден астам елдерінде сатылады.   
 

1924

Бұл жасы 20-ден 30-ға дейінгі сәнді қыздардың дәуірі ғана емес, сонымен қатар мұрт қоюды ұнататын ерлердің дәуірі. NIVEA-да қырынуға дейін және кейін ерлердің терісіне күтім қажеттігін түсінді. Мысалы, NIVEA-ның қырынуға арналған сабыны ерлер үшін арнайы жасалған бірінші өнім болды. Біртіндеп барлық жастағы адамдар көп уақытын таза ауада өткізетін  және спортпен айналысуға жұмсайтын болды. Аристократиялық бозғылдықтың орнына жаңа өмір салты келді: салауаты, өмірге қуанышты, күнге күйген. Бір жолы Beiersdorf жарнамалық бөлімінің басшысы Хуан Грегорио Клаузен, көңілді және шырайлы үш ағайындыларды байқайды, содан бастап жаңа жарнамалық науқан басталды. 1924 жылы NIVEA ұлдары NIVEA жарнамасындағы жаңа жұлдыздар болды. Осымен біруақытта дизайнның жаңа концепциясы бастама алды: NIVEA кремі алғаш рет осы күнге дейін брендтің бетке ұстары болып қалып отырған дәл сол көк құтыда дүкен сөрелерінде пайда болды. 

Алғашқы бой-бенд

The first boyband

1925 жылғы NIVEA қыздары

NIVEA Girls 1925

NIVEA қыздары

Бүгінгі күні «Даңк минуты», «Дауыс» және «Топ-модель америкалық түрде»  форматындағы реалити-шоулар барлық жерде кеңінен таралған, бірақ алыстағы 1925 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында осындай таланттар сайысы болған жоқ. Сондықтан, берлин газеттерінің бірінде бүкіл Германия аумағында үш NIVEA  қыздарын іздеу туралы хабарландыру пайда болған кезде, бұл қоғамда кеңінен талқылауға түсті. Барлығын толқытқаны компанияның сыланған сұлу қыздар емес, нақты өмір сүретін қарапайым қыздарды іздеп жүргендігі: «Біз көз қарықтыратын әдемі қыздарды, би көйлегін киіп сәнденіп жүрген қыздарды немесе жас сәнқой қыздарды жүрген  іздеп жүрген жоқпыз. Біз табиғи әдемілігімен, салауатты және балғын қыздарды іздеп жүрміз». Бір жас ана, солтүстік Германиядағы Фленсбург қаласынан Фрелих ханым, осы жарнаманы көріп, оның үш қыздары – Марго, Эльфирд және Герта – осындай сипаттамаларға мінсіз сай келеді деп шешті. Қыздардың әкесі өз әйелінің осындай бастамасы туралы білгенде, ол өзінің қыздарынан «мұқаба бетіндегі қыздарды» жасағанын қаламайтындығын мәлімдеді. Сондықтан ол әйел сайысқа өтінімді жасырын түрде, еріне хабарламай жасады. Оның осылай жасағандығынан  қыздардың өте жолы болды. Фрелих ағайынды қыздар мыңдаған бәсекелестерді артқа қалдырып, сайыста жеңіп шықты. Бір қызығы, бұл жанұя ешқашанда NIVEA компаниясы туралы естімеген екен: ол адамдар Германияға жақында ғана NIVEA құралдары сатылмайтын Самоа елінен көшіп келген еді . Өркөкірек  отағасы өзінің қыздары  NIVEA қыздарына айналу идеясына көндікті. Сөйтіп олар жаңа жарнамалық науқанның жұлдыздары болды. Біраз уақыттан кейін Фрелих ағайынды қыздарын, бұрынырақ NIVEA ұлдарымен болғандағыдай,  барлық жерде «Сәлем, NIVEA» деген ұрандармен қарсы алатын болды.  

NIVEA:КҮННЕН ҚОРҒАУДЫҢ БАСТАМАШЫЛАРЫ

1958

1950-ші жылдары өмір қайнап жатты, денсаулық, оптимизм және белсенді өмір салты сәнге енді. Молшылық артып келеді, көбірек адамдар саяхаттауға мүмкін алды. Жеке автокөліктердің пайда болуымен адамдар қозғалғыш бола бастады, олар күншуақ оңтүстік елдеріне көбірек баратын болды. Немістер үшін Италия армандаған елге айналды. Дәл осы уақытта NIVEA-ның әзірлеу бөлімінде күн сәулесінің теріге әсерін ауқымды зерттеу толығымен жүріп жатты. Қоғамға мүлде жаңа өнімді ұсыну үшін өте сәтті кезең: күннен қорғайтын құрал: NIVEA Ultra-Oil. Спрейді жағудың оңай болуы және оның теріде қалдыратын жағымды сезімі, жаңа буынның еркіндікті сүйетін көңіл күйлерін көрсетті. Келесі бірнеше онжылдық ішінде олардың алға озып шығуы тері күтімі бойынша бірқатар жаңалықтарға алып келді, оның ішінде:

• SPF немесе күннен қорғау факторы бар күннен қорғау құралдары
• күнге күюге арналған күннен қорғау спрейлері
• NIVEA Sun Visage сияқты күннен қорғайтын ылғалдандырғыш кремдер
• балаларға, сәбилерге және сезімтал теріге арналған мамандандырылған өнімдер.

Жағажай мәдениетінің және күн өнімдерінің жылдар бойы өзгергендігі күмәнсіз. Бірақ NIVEA-ның мақсаты дәл сондай болды: қай жерде болсын және қай кезде болсын, барлық жастағы адамдарға күннен ләззат алуға көмектесу.
 

1963

NIVEA добы демалыстың міндетті атрибутына айналды. Сақтауда шағын, оңай үрленеді, ол бүкіл жанұя үшін көптеген ойын-сауықты қамтамасыз етеді. Соңғы 40 жыл ішінде біз бүкіл әлемдегі көптеген адамдардың қуанышына орай, 20 миллионнан астам доптар шығардық. 

1975

Сол кездің сәнді журналдарын қарап отырып, бірден байқайсың: өзінің тартымдылығын көрсететін уақыт келді. Суға шомылу киімдері кішірейе бастады, ал өте батыл адамдар жағажайда жартылай жалаңаш күнге күйе бастады. 1970 жылдары күннен сенімді қорғаныс бұрын соңды болмағандай өзекті болды. NIVEA зерттеушілері күннен қорғау факторларын анықтау тәсілін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосты, бұл күннен қорғайтын қасиеттері бар әртүрлі құралдардың тиімділігін алғаш рет салыстыруға мүмкіндік берді. 1975 жылдың өзінде NIVEA өзінің құралдарында күннен қорғау факторын көрсете бастады. 

NIVEA-МЕН ТЕРІ КҮТІМІНДЕГІ РЕВОЛЮЦИЯ

1986

Бүгінгі күні ерлердің алдында тері күтіміне арналған орасан зор таңдау ашылды. Бірақ 90 жыл бұрын ерлердің тері күтімі басты түрде сабын мен суға тірелген. Жағдай көбінесе NIVEA-ның арқасында өзгерді. Қырынуға арналған крем мен сабынды шығарғаннан кейін NIVEA тері күтіміне арналған тағы бір құралдың бастамашысы болды: 1980 жылы дүкендердің сөрелерінде NIVEA-ның қырынудан кейінгі спиртсіз шипамайы пайда болды. Қырынудан кейінгі биязы шипамай ерлердің назарын жылдам жаулап алды, бұл ерлерге арналған тері күтімі құралдарының керектігін тағы бір рет дәлелдеді. Келесі инновациялық алға шығу 1986 жылы, NIVEA MEN – ерлердің терісінің ерекшеліктерін ескере отырып, олар үшін арнайы әзірленген күтім құралдарының алғашқы желісі шыққан кезде болды. NIVEA Men құралдары ерлердің ванна бөлмелерінде тез орын алды, және бүгінгі күні желіге кремдер, сусабындар, шаш сәндеуге арналған құралдар, душқа арналған құралдар мен дене күтіміне арналған құралдар, бетке арналған құралдар мен жас ұлғаюына қарсы өнімдер кіреді. 

1998

Аға буын өзіне деген сенімділіктің жаңа сезіміне ие болуда. Оларда ақша, өзінің жастық шағы сезімі және өмір сапасына қатысты жоғары сұраныстары бар. Бұл көңіл күй тері күтіміне де таралады. NIVEA-ның зерттеу бөлімі қартаю мен терінің өзгеруі арасындағы өзара байланысты анықтады. Соның нәтижесінде кемелденген тері күтіміне арналған құралдардың жаңа желісі пайда болды. Алғаш рет тарихта 50 жастан әйелдерге арналған арнайы күтім құралдары жасалды. Прогресс бір орында тұрмайды: компьютерлік технологиялар мен визуалдау әдістері дамып келеді., бұл тері мен оларда болып жатқан өзгерістерге басқаша қарауға мүмкіндік береді. NIVEA зерттеу орталығы біздің теріміздің құрылымы мен функциялары туралы жаңалықтар ашуда. Алынған деректердің арқасында 1998 жылы Beiersdorf алғашқылардың бірі болып теріде табиғи күйде болатын компонент негізінде крем әзірледі. Кейінгі жылдары NIVEA Q10 коэнзимін шығарылатын құралдардың дерлік барлық санаттарында қолданатын болды: NIVEA For Men ерлерге арналған желіден бастап NIVEA Sun  күннен қорғау құралдарына дейін. 

2011/2014

Біз барлығымыз өзіміздің жарқыраған күтім  жасалған түрімізді бағалаймыз, ал біздің өмірімізде барған сайын қозғалыс пен ширығу артып барады. Бірақ, заманауи өмірдің жылдамдығы мен стрестеріне қарамастан, NIVEA-мен бірге сіз өзіңізге қамқорлық жасауға арналған жағымды сәттерден бас тартуға тура келмейді. Өйткені NIVEA уақытты барынша аз жұмсап жоғары деңгейдегі күтімді сыйлайтын инновациялық өнімдердің желісін әзірледі. Нәтижесінде 2011 жылы іс жүзінде қара киімде ақ іздер және ашық түсті киімде сарғыш дақтар қалдырмайтын NIVEA ақ пен қараға арналған көрінбейтін қорғаныс дезодоранттарының алғашқы желісі пайда болды. Бұл нағыз алға озып шығу болды!  Содан кейін тез арада тағы бір жаңалық ашылды: 2014 жылы дүкен сөрелерінде денеге арналған жуылатын кондиционер пайда болды. Бұл құрал заманауи ерлер мен әйелдердің күнделікті гигиеналық іс-шараларына жақсы кіріктіріледі және көп уақытты үнемдейді, өйткені оны душқа түсіп жатқанда жылдам жағуға болады. Енді сіздің әрбір күніңіз теріге арналған жоғары дәрежелі күтімге толы болады.   

Дақ қалдырмайтын дезодоранттарды өндірудің революциялық технологиялары

Нәтижесінде 2011 жылы іс жүзінде қара киімде ақ іздер және ашық түсті киімде сарғыш дақтар қалдырмайтын NIVEA ақ пен қараға арналған көрінбейтін қорғаныс дезодоранттарының алғашқы желісі пайда болды.

Душта жуынып жатқан кезде қолдануға болатын NIVEA-ның алғашқы денеге арналған лосьоны

2014 жылы Beiersdorf зерттеушілері кремді жағудың қарапайым және жеңіл жаңа тәсілін ойлап тапты: душта қолдануға болатын денеге арналған кондиционер. Дене күтіміне арналған бұл революциялық құрал көптеген оң пікірлерге ие болды. Осыдан кейін жақын арада біртұтас желі пайда болды.

Бүгін және ертең.

1911 жылы NIVEA өзінің жеңімпаздық шеруін бір кремнен бастаған, ал бүгінгі күні компания 500-ден астам құралдардан түратын орасан зор сұрыпталымды ұсынады. Осы жылдар ішінде NIVEA әлемге тері күтіміне арналған көптеген инновациялық құралдарды ұсынды. Және жаңа өнімдер әлі да пайда болуын жалғастыруда. *Natural Balance* желісін жасау кезінде  NIVEA экологияға қамқорлық білдіреді, өйткені осы мәселе көптеген адамдарға жақын таныс. Бұл NIVEA-ның көбінесе табиғи компоненттерден, оның ішінде органикалық ауыл шаруашылықтарында өсірілген  компоненттерден тұратын алғашқы желісі. Бұдан басқа, дүкен сөрелерінде NIVEA Q10plus әжімдерге қарсы сарысуы бар белсенді шариктер  пайда болды; біздің теріміздің маңызды компоненті - Q10 коэнзимінің концентрациясы – оларда NIVEA Q10plus желісінің әжімдерге қарсы басқа құралдарындағыға қарағанда айтарлықтай жоғары. Кеше, бүгін және ертең – NIVEA әрқашанда тері күтіміне арналған құралдар арасында алтын стандарт болған, қазір де солай және болып қала береді. Тері күтіміне арналған құралдардың атақты брендінің тарихындағы басқа да маңызды сәттер туралы оқыңыз: АЛҒАШҚЫ КҮННЕН БАСТАП – БІР ҚАДАМ АЛДА