Салқындықты күні бойына сақтайды-Ең жақсы антиперспиранттардың көмегімен

Антиперспиранттар-спрейлерден алюминийсіз дезодоранттарға дейін

Салқындықты күні бойына сақтайды-Тердің бөлінуін қалай азайтуға болатынын біліңіз және ұзақ уақытқа сергектік пен сенімділікті сыйлайтын тамаша иісі бар дезодорантты көріңіз

Антиперспиранттардың дезодоранттардан айырмашылығы неде?

Дезодоранттар да, антиперспиранттар да тері иісін тудыратын бактериялармен күреседі. Антиперспиранттар сондай-ақ тердің бөлінуін азайтады

Антиперспиранттар қалай жұмыс істейді?

Дезодоранттардың құрамында тердің иісін тудыратын бактериялардың өсімін болдырмайтын және тіпті олардың санын азайтатын иісті жоятын белсенді заттар бар. Антиперспиранттар тердің бөлінуін өздігінен азайту үшін әзірленген, алайда құрамында дезодоранттың да әсері бар, себебі бактериялардың өсімі аса төменгі рН-фактордың салдарынан және ылғалдылықтың азыдығынан кідіреді. Ұзақ уақыттық әсері бар антиперспиранттардың көбі тері бетіндегі тер бездерін уақытша бұғаттайды, бұл олар бөліп шығаратын тердің мөлшерін азайтады. Бір жағынан дезодоранттар термен байланысты иіске әсер етеді. Олардың құрамында спирт немесе құрамында алкоголь жоқ өзге белсенді ингредиенттер бар. Терісі тітіркенуге бейім адамдар құрамында алкоголь жоқ өнімді таңдай алады. NIVEA Dry Comfort Antiperspirant Stick немесе NIVEA Fresh Natural Deodorant Roll-on сияқты құрамында спирт жоқ өнімдер сергектікті ұзақ уақытқа қамтамасыз ете отырып, теріні тітіркендірмейді. Классикалық дезодоранттар сияқты антиперспиранттардың да орасан зор хош иістері және тіпті иіссіздері де бар, мысалы, NIVEA Stress Protect Spray немесе кез келген өзге сергіткіш хош иіс.

Таза қолтық

Құрамында спирт жоқ шарикті антиперспиранттардың, стиктердің немесе спрейлердің қолтықтың тазалығын тітіркендірместен сақтай отырып, теріге нәзік күтім жасайтын арнайы әзірленген формуласы бар. 

Тіпті күйзеліс жағдайлары кезінде де қорғайды

Тіпті күйзеліс жағдайлары кезінде жұмыс істейтін арнайы формуласы бар антиперспиранттың көмегімен жағымсыз иіс пен ылғалдың пайда болуының алдын алу мен күйзелісті тоқтатудың аса тиімді әдісін біліңіз.

Тердің шамадан тыс бөлінуін қалай азайтуға және жағымсыз иістен қалай құтылуға болатыны жайлы кеңестер.

Тершеңдіктің нашар гигиенамен еш байланысы жоқ. Алайда, тердің шамадан тыс бөлінуін азайту үшін өзіңіз жасай алатын кейбір әрекетттер бар. Олардың бірі – тердің бөлінуін тиімді түрде азайтатын антиперспирантты табу. Одан басқа, жейтін тамағыңызды қадалағаныңыз жөн: аса ащы, тұзды немесе ыстық тағам тершеңдікті арттыруы мүмкін. Біздің, мысалы, NIVEA Stress Protect 48H Antiperspirant Roll-on антиперспирантын таңертең және қажет болған жағдайда, күні бойына қолданыңыз. Теріңізге күтім жасаңыз: дем алатын, табиғи материалдардан тігілген киім киіңіз және синтетикадан емес, табиғи матадан тігілген төсек-орын тысын таңдаңыз. Бұл теріні табиғи түрде сергек сақтаудың тағы бір тамаша әдісі. Осыған ұқсас әдіс, қабаттап киген киім – бір қалың свитерге қарағанда, өз ағзаңыздың температурасын бақылауға көмектесуге анағұрлым жақсы әдіс.

Сіздер үшін ең жақсы антиперспирантты таңдай отырып

Антиперспирант түрлері орасан зор. Сіздің жеке қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын және өзіңізге деген сенімділік сезімін сыйлайтынын таңдаңыз.

Менің қай антиперспирантты қолданғаным дұрыс?

Дұрыс антиперспирантты таңдау арқылы, Сіздің бойыңыздан сенімділік сезімі байқалатын болады және Сіз өзіңізді жайлы сезінетін боласыз. Егер Сіз шамадан тыс терлейтін болсаңыз, 48 сағатқа дейін әрекет ететін күшті антиперспирантты таңдаған маңызды. Сіз спрейді, шарикті антиперспирантты немесе қатты стикті таңдай аласыз. Сіз қатты асыққан күндері Сізге аэрозольдық қаптамадағы антиперспирант көмектесе алады. Антиперспиранттың түрі жайлы сөз қозғалғанда, әр адамның жеке өзінің ұнататыны болады. Кейбір әйелдерге шарикті антиперспирант, басқаларына қатты стиктің текстурасы ұнайды. Бұлардың жақсы жағы әр түрінің тиімділігі мен қолдану кезіндегі қарапайымдылығында.

Тегіс әрі әдемі қолтық

Антиперспиранттардың арнайы формуласының арқасында тердің шамадан тыс бөлінуі өткеннің еншісінде қалады және Сіздің теріңіздің қаншалықты сезімтал екені маңызды емес.

Алюминий тұздары - Сіз нені білуіңіз қажет

Алюминий тұздары мен олардың салдары жайында көп әңгіме бар. Олар тердің бөлінуін азайту мүмкіндіктерінің арқасында антиперспиранттардың белсенді ингредиенттері болып табылады. Құрамында алюминий тұздары бар антиперспиранттар туралы зерттеушілер былай дейді: алюминий тұздары қолтық аумағында тердің бөлінуін азайтады, тер бездерінің жоғарғы жағын азайтады. Олар сондай-ақ термен байланысты иіс тудыратын бактериялар санын азайтуға мүмкіндік береді. Косметикалық құралдарға пайдаланылатын кез келген өзге ингредиенттер сияқты, алюминий тұздарын қолдану қатаң реттеледі, қауіпсіздіктің қатаң стандарттарына сәйкес келуі және ғылыми сынақтардан өтуі қажет. Осылайша, әдеттегі антиперспиранттарды немесе құрамында алюминий жоқ антиперспиранттарды таңдасаңыз да, олардың барлығы Сіздің ағзаңыз үшін қауіпсіз екеніне сенімді болсаңыз болады. Өзіңіз үшін ең жақсы антиперспирантты немесе дезодорантты табу үшін NIVEA ассортиментін қолданып көріңіз. *Тердің шамадан тыс бөлінуі туралы толығырақ осы жерден қараңыз*

Біздің ұсыныстарымыз