Ең тиімді дезодорантты таңдау

Тиімді дезодоранттармен бірге күні бойына сергектікті сақтаңыз

Өзіне деген сенімділік пен дененің саулығы арасында байланыс болады. Өз қолтығыңызды көрсетуден қысылмаңыз және күшті дезодоранттар мен антиперспиранттар туралы ғылыммен танысыңыз.

Ең тиімді дезодоранттар туралы білгіңіз келгеннің барлығы осында

Өз өмір сүру салтыңыз үшін дұрыс таңдау жасауыңызға көмектесу үшін жеке гигиена құралдары жайындағы жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

Дезодорант қалай жұмыс істейді?

Дезодоранттың қалай жұмыс істейтінін тексермес бұрын, тердің пайда болуы неден туатынын және тер бөліну ғылымын анықтап алуымыз қажет. Жылу немесе күйзеліс сияқты сыртқы факторлар біздің тер бездеріміздің жұмысын іске қосған кезде, олар су мен тұз бөледі. Адамдардың көбі тердің өзі жағымсыз иіс көзі болып табылады деп ойлайды. Ақиқатында, иістің себебі апокрин бездерінен – қолтық ойпаттарындағы бездерден бөлінетін термен қоректенетін терідегі бактерия болып табылады. Сіздің жайлылығыңыз бен саулылығыңыз үшін аэрозоль түріндегі дезодорант тер бездерінің өзін емес, бактериялардың тіршілік ету әрекетін бұғаттайды. 

Спортпен шұғылдану үшін арнайы дезодорант қажет пе?

Жаттығулар кезінде Сізге тер дақтарының немесе жағымсыз иістің қажеті жоқ. NIVEA Stress Protect Spray сияқты күшті антиперспирант тек ылғалды ғана емес, сондай-ақ иісті де бақылайды. Оның бірегей формуласы Сізді тіпті күйзеліс жағдайларында да қолдайды.

Дезодоранттың антиперспиранттан ерекшелігі неде?

  • Дезодоранттар қолтық ойпатындағы бактериялар өсімін азайтады 
  • Антиперспиранттар тердің бөлінуін азайтады және сондай-ақ тер иісімен байланысты иіс тудыратын бактериялар санын азайтуға көмектеседі 
  • Антиперспиранттар арналардағы тер көлемін азайтады
  • Дезодоранттар иістен қорғайтын белгілі бір уақыт мөлшерімен қамтамасыз етеді
  • Антиперспиранттар терден қорғайтын белгілі бір уақыт мөлшерімен қамтамасыз етеді

Ең тиімді құралдарды таңдау

Сіздің теріңіздің түрі мен өмір сүру салтыңызға келетін хош иіс пен формуланы таңдау үшін қаптаманың ішінде не жасырынып тұрғанын анықтап алыңыз.

Сіздің фирмалық хош иісіңізді іздеу

NIVEA міндеті – теріңізді қорғайтын және оған күтім жасайтын құралдарды жасап шығару. Нәтижесінде жұмсақ, алайда кез келген өмір сүру салтында тиімді әсер ететін формулаларға әрдайым басты көңіл бөлінеді. Бұл дегеніміз, Сіз өз көңіл-күйіңіз бен жеке басыңызға мінсіз сай келетін құралды таңдай аласыз дегенді білдіреді, ол күні бойына өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі. Нәзік хош иістерге ынтық жандар NIVEA Fresh Flower дезодорантының таза гүлдер нотасын жақсы көреді. Аса талғампаздық хош иістерді ұнататындар үшін өзін күні бойына нәзік сезінуге мәжбүрлейтін NIVEA Power Touch антиперспирантын шығардық. Егер Сіз NIVEA кремінің бірегей иісін ұнататын болсаңыз, онда тайсалмастан NIVEA Protect&Care таңдаңыз.

Сіз жаттығу немесе фитнес-залында шұғылданып жатқан кезіңізде, түр-әлпетіңіз бен иісіңіз жайында уайымдауды қоспағанда, ойлайтын басқа да жайттарыңыз бар. NIVEA Dry Comfort құрамында қолтық аумағындағы ылғал мен иісті 48 сағатқа дейін бұғаттайтын мырыштың арнайы кешені бар.