
Бас терісі неліктен құрғақ болып келеді?
Бас терісінің күрделі құрылымы

Жаңа жасушалар бас терісінің аса терең қабаттарында үнемі қалыптасып тұрады. Қан айналымы қалыпты сау бас терісі - әдемі шаш кепілі.
Теңгерімге жету: сау, жақсы ылғалдандырылған бас терісі

Егер бас терісінің табиғи теңгерімі жойылса, теңгерімді қалпына келтіру үшін, шашты тазартып, қоректендіру қажет. Алоэ және су лалагүлінің сығындысы қосылған NIVEA Hydro Care сусабыны шашты ауырлатпастан, оны ылғалмен қанықтырады.
Өзіңізді тексеріңіз: құрғақ бас терісімен және қайызғақпен күресуге не көмектеседі?
- Тым ыстық душ қабылдамауға тырысыңыз – бас терісінің табиғи майы мен ылғалын жоғалтуға алып келеді.
- Жылу беру маусымы кезіндегі жел, суық әрі құрғақ ауа да бас терісін зақымдауы мүмкін.
- Егер сіздің бас теріңіз қайызғақтың түзілуіне бейім болып келсе, қайызғаққа қарсы жұмсақ сусабынды, мысалы, NIVEA Repair Anti-Dandruff сусабынын қолданған жөн. Жұмсақ сусабынның, мысалы, NIVEA Hydro Care сусабынының көмегімен құрғақ бас терісіне күтім ждасаңыз, себебі мұндай жағдайда қайызғаққа қарсы сусабын бас терісінің табиғи балансын жоюы мүмкін
- Тіпті сау бас терісі де шашты фенмен жиі кептіргеннен қатты зардап шегуі мүмкін. Сол себепті шашты кептіруге арналған фенді қолданбауға тырысыңыз, шашыңыз табиғи түрде кепсін
- Құрғақ бас терісі демалып, тері майының өндірілуін ынталандыру үшін. шашыңызды екі күн жумаңыз. Егер Сізде қайызғақ болса, сусабынның тиімді жұмысы үшін басты күн сайын жуған жөн.
Бас терісінің табиғи күтімі
Тегіс әрі жарқыраған

Сіз зәйтүн немесе кокос майының көмегімен құрғақ бас теріңізге толық табиғи күтім жасай аласыз. Бірнеше тамшысын бас терісіне уқалап жағыңыз да, жуып тастамаңыз – табиғи майды толтырады, шашты ылғалдандырады және қоректендіреді. Қарқынды қоректендіру үшін майды түнге қалдырыңыз.
Екі есе күш

Құрғақ бас терісімен күресудің тағы бір табиғи әдісі – үйлесімі 2:1 болатын қалақай және алма сірке суы қоспасын пайдалана отырып, уқалау. Алайда, сірке су бас терісін тітіркендірмес үшін ингредиенттердің ара қатынасына назар аударыңыз.