Майлы шаш: тақырып атауы

Шашың майлы ма? Түк те емес!

Шашты жалтыратып, сауықтыратын күтім бойынша қарапайым кеңестер

Қазір ғана жуылған шаш қайтадан майлы болып кеткен жағдай саған таныс па? Дұрыс күтім жасаудың көмегімен бұдан құтылуға болады.

Майлы шаш: себептері мен шашты тез сәндеу бойынша ұсыныстар

Майлы шаш қайдан пайда болады?

Шаштың майлы болуының себебі шаштардың түбінде орналасқан май бездерінің майды тым қарқынды бөлуіне байланысты. Бұл шаш түбінің, тіпті шаштың бүтіндей бұрымдарының майлануына алып келеді. Ең жаман жағдайда майлы қайызғақтың пайда болуы да мүмкін. 

Тері майының көптеп бөлінуінің бірнеше себебі бар болуы мүмкін. Олардың қатарына күйзеліс, дұрыс күтім жасамау және теңгерімсіз диета кіреді. Жасөспірімдік кезеңде пайда болған гормондық өзгерістер, сондай-ақ жүктілік немесе етеккір үзілісі май бездерінің шамадан тыс белсенділігіне алып келуі мүмкін.    

Одан басқа, көптеген адамда тері майының шамадан тыс бөлінуіне генетикалық бейімділігі бар. Жыл мезгілі де маңызды: жазда бас терісі терлейді, соның нәтижесінде шаш көбірек майланып тұрады. Сондықтан шаштың түбі сау болу үшін, ал тазалық сезімі ұзағырақ сақталу үшін шашқа айрықша күтім қажет.  

Шаштың көлемін үлкейтуге арналған пайдалы кеңестер

Майлы шаш

Май бездерінің бөлінуі шаш пен терінің жұмсақтығы мен созылғыштығын қамтамасыз етеді. Алайда, егер бұл бездер тым қарқынды жұмыс жасаса, шаштар тез майланады.

Күн сайын жақсы шаш үлгісі: майлы шашқа арналған стилистің кеңестері

  • Шаш үлгісіне арналған сергіткіш спрейлер мен мусстар шашқа көлем береді және оның басқа жабысып тұруына кедергі болады.
  • Түбінен түтіп қою да солай шаштың бас терісіне тікелей жанасуын болдырмайды.
  • Құрғақ сусабын шаш пен терінің артық майын жояды. Шаш анағұрлым күтілген болып көрінеді және жабыспайды.
  • Сәнді жалпақ баулар мен шашқа тағатын жиектер шаштың майлы түбін жасыруға көмектеседі.
  • Егер ештеңе көмектеспесе, "сулы шаш әсерін" жасап көр: сәндеуге арналған гельді жағып, шаштың үстіңгі қабатын артқа қарай тарап тастаңыз. Майлы шаш бұрын болмағандай әсер береді.

Майлы шашпен қоштас!

Фенді абайлап қолдану

Шашты фенмен сәндеу

Егер сен шашыңды фенмен кептіретін болсаң, ыстық ауа тікелей теріге тимейтіндей оны бастан алшақ ұстауға тырыс. Әйтпесе онда тер пайда болып, ол шашқа майды өте тез таратып жібереді. 

Майлы шашқа арналған спа-бағдарлама

Майлы шашқа ерекше күтім қажет етіледі. Мысалы, бас терісіне жұмсақ массаж пайдалы. Ол терінің артық майын шығарады және босаңсуына көмектеседі. Егер шаштар тез майлануға бейім болса, оларды күн сайын жуа берсе де болады. 

Күні бойы әдемілігін сақтау үшін шашты таңертең жуған дұрыс

NIVEA Balanced and Fresh Care Shampoo секілді силиконсыз жұмсақ сусабындар бәрінен бұрын майлы шашты жуу үшін жарамды.

Кондиционерлер мен маскаларды пайдаланғанда, оларды шаштың түбіне жақпа, сонда шаш тез майлы болып кетпейді. Қолданылған құралдар шашта қалып қалмауы үшін оларды мұқият шай. NIVEA силиконсыз сусабындары туралы көбірек білу.

Стильді шаш үлгілерінен бас тартпа!

Шаш бұйралайтын қысқаштар

Айтпақшы, түссіздендірген бұрымдар мен химиялық бұйралау шаштың кеуектілігін арттырады. Майлы шашта бұл онша байқалмайды, өйткені ол жетіспейтін майдың орнын өздігінен толтырады.