Шаштардың өсуін қалай жеделдетуге болады-header

Шаштардың өсуін қалай жеделдетуге болады

Қысқа уақыт ішінде ұзын шаштар

Сау шаштар қашанда әйел сұлулығының көрінісі деп есептеледі. Бірақ егер сен ұзын шаш өсіргің келса, онда шыдамдылық таныту керек: шаш өсуінің орташа жылдамдығы айына шамамен бір сантиметрді құрайды.

Шаштар - өсуі жөніндегі жеңімпаздар

Ғаламат рекорд

hair growth

Қызықты факт! Адамның басын шамамен 100 000 шаш жауып тұрады, олардың әрқайсысы күніне шамамен 0,35 мм-ге өседі. Жиынтығында шаштардың өсу жылдамдығы айына 1000 м құрайды, Бұл шынында да көрнекі жетістік!

Шаштардың өсуі: қызықты фактілер

Шаштар, тырнақтар сияқты, негізінен кератиннен тұрады.
Бас терісінің шаршы сантиметріне орташа есеппен 200 шаш сай келеді.

Қалыңдығы генетикалық себептерге байланысты, орташа есеппен 0,04 бастап 0,12 мм-ді құрайды. Шаштардың өсуі бірнеше циклдерден тұрады:

  • кезең екі айдан алты айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде жаңа түптердің қалыптасуы жүзеге асады, шаштар үнемі өседі. Осы кезеңнен әрбір адамның басындағы шаштардың 90%-дейінгілері тұрақты өтеді.
  • кезең – ауыспалы кезең, 2-3 апта. Осы кезеңде шаштардың өсуі тоқталады.
  • кезең – тыныштық кезеңі. Шамамен 9 айдан кейін шаштарды дәл сол шаш пияздарынан өсіп шығатын жаңалары алмастырады.

Осылайша, шаштардың өсуі – үнемі циклмен қайталанып тұратын процесс. Бірақ оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін: стресс, психологиялық жүктемелер, гормондық ауытқулар және т.б. Бірақ дұрыс тамақтану және тиісті күтімнің көмегімен шаштардың өсуін жеделдетуге болады, және тез арада сен өзіңнің ұзын бұрымдарыңмен сүйсіне аласың.

Сонымен қатар, егер шаштарды айдың белгілі фазасында қиса, олар тезірек өседі деген жалған ой осы уақытқа дейін ешқандай ғылыми растауға ие болмады. 

Ұзын шаштарды өсіру жөніндегі біздің ұсыныстар

Шаштардың өсуін жеделдетуге арналған күтім жөніндегі кеңестер

Ең алдымен, шаштарды өте абайлап тарау қажет. Күн сайын тарақта шаштар азырақ қалған сайын, дұрыс болады.

Кеңес: егер шаштарды топтастырып жинағың келсе немесе бұрым жасағың келсе, арзан резіңкелерді қолданба. Олар шаштардың құрылымын зақымдайды және олардың ұшталуына ықпал етеді. Жиналған шаштарды жинақы айналып тұратын спираль резіңкелерді қолданған дұрыс. Мұндай резіңкелер, шаштарға зиян тигізбейтіндігімен қатар, өте қолайлы: олар шаштарда іздер қалдырмайды. Бұл өте маңызды, өйткені қазір күн бойында стильдерді өзгертіп отыру сәнді.

Кеңес: егер күн сайын жаңа шаш түрін жасап отырса, шаштар бір ғана жерде күш түсуге ұшырмайды, демек, азырақ зақымдалатын болады.

Кеңес: күрделі шаш сәндеуден кейін шаштарға аздап демалуға мүмкіндік бер. Мысалы, қоректік масканы немесе аздаған кокос майын қолдануға брлады. Майды шаштардың түбіне уқалап жағу керек. Осылайша, шаштар қажетті ылғалды алады және сау жылтырлыққа ие болады.

Ұмытпа: шаш күтіміне арналған құралдар әрқашан олардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс. Қалаған әсерге, мысалы әдемі бұрымдарға, майлылығы азырақ шаштарға немесе жарқырайтын боялған шаштар қол жеткізу үшін, бір ғана желінің сусабындарын және кондиционерлерін қолданған жөн.

Шаштарды қию шаштардың тезірек өсуіне ықпал ете ме?

cutting the tips

Сау шаштар қашанда әйел сұлулығының көрінісі деп есептеледі. Бірақ егер сен ұзын шаш өсіргің келса, онда шыдамдылық таныту керек: шаш өсуінің орташа жылдамдығы айына шамамен бір сантиметрді құрайды.

Біздің ұсыныстар