Теріні әдемі ету үшін оған күтім жасау бойынша үздік кеңестер

Денеңіздің кез келген бөлігіндегі теріге жыл бойы күтім жасау бойынша кішігірім кеңестер мен керемет идеялар

Өзің үшін әдемі терінің құпиясын аш

Қыстың аязды күндері біздің теріміз нені қажет етеді?

  • Жылдың суық уақытында біздің теріміз жұмсақтығы мен әдемілігін сақтап қалуы үшін оған қосымша күтім жасау керек.                                                                                 
  • Егер сен ыстық ваннада ұзақ балбырап жатқың келсе де, бәрібір оны тым ұзақ қабылдамауға немесе тым ыстық қылмауға тырыс. Душқа жиі жуыну немесе ваннада ұзақ жату сіздің теріңіздің қорғаныш қышқылдық қабатына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде оның мүйіздік қабаты тым өткізгіш болады – ал бұл зиянды заттардың ішке өтуі жеңілдейтінін білдіреді.           
  • Су температурасының 32 градустан аспауын қадағалаудың қажеттілігі осы жағдайға байланысты. Ванна үшін қосымша ретінде теріге шығын болған ылғалды қайтаратын NIVEA Natural Oil Shower Oil секілді майды пайдалан немесе өзіңді  NIVEA Goodbye Stress Cream Bath рН-бейтарап кремімен аяла. 
  • Душ қабылдаған әр кезден кейін массаж жасағандай қимылмен қандай да бір күтім жасайтын қарқынды кремді, мысалы, NIVEA Care секілді кремді жақ. Оның құрамында жаққан соң бірден теріге сіңетін нәзік ылғалды балауыз бар, қарқынды және ұзақ күтіммен қамтамасыз етеді, әрі теріде майлылық сезімін қалдырмайды. Сен теріңнің қалай жұмсақ және созылғыш болғанын бірден сезесің.                                                                                                                                                                                                           
  • Ылғалдандырудың қосымша нығайтқышы: Аптасына бір рет денеге арналған скрабты пайдалан, содан соң ылғалдандыруды нақты нығайтқыш, мысалы, NIVEA Smooth Sensation Body Milk жақ, оны пайдаланған соң терің шымырланып, сауыға түседі.       
  • Бет терісі – мүлдем өзгеше дүние: күтімді дұрыс таңдау теріңнің түріне байланысты.

Теріге әдемілік беріп, жарқырату үшін күтім жасау

Q10 Care
Суық ауа райында біздің май бездеріміз тері майын аз мөлшерде бөледі. Суық температура мен жылыту жүйесі жұмысының салдарынан құрғақ ауа да біздің терімізді ылғалсыздандырады. NIVEA Nourishing Body Milk көмегімен күнделікті толыққанды күтім мен оның түнгі уақыттағы қалпына келтіргіш әсері қыс кезінде терінің ылғалдылығын қалпына келтіруге көмектеседі.

Шынтақтағы, балтырдағы және тізедегі әдемі тері

Терінің кейбір жерлері басқаларынан бұрын тез құрғап кетеді. Оларға тек суық кезде ғана емес, жыл бойы қосымша күтім қажет етіледі. Тартылу мен қышуды сезбеу үшін денеге арналған NIVEA-ның өнімдер қатарындағы "Қалпына келтіру мен қамқорлық" NIVEA Repair & Care range кремдер мен лосьондарын пайдалан. Олардың құрамында терідегі зат алмасуда маңызды роль атқаратын және тері кедергісін күшейту арқасында тері ылғалдылығының шығынын болдырмайтын декспантенол дәрумендік негізі бар. 

Өз теріңді толыққанды күтіммен аяла, ал ол саған әдемілік сыйлайды. Шынтағыңдағы тері өте құрғақ па? Онда оны лимонмен сүртіп көр. Бұл лимон қышқылы бар табиғи скраб. Оның құрамында тұрпайы түлеткіш түйіршектер болмағандықтан, ол теріге жұмсақ әсер етеді. Саған анағұрлым қарқынды скраб қажет пе? Бұл жағдайда NIVEA-ның Creme Peeling скрабын пайдаланып көр.

Күтім жасаудағы тәжірибелік кеңестер – мойын мен төс маңы

  • Әйелдің шын жасы туралы оның мойнындағы, қолы мен төс маңайындағы терінің жағдайы айтып береді деген дәстүрлі пікір бар.                                                                                           
  • Өз жасыңнан анағұрлым жас көріну үшін теріңе күтім жасауға көп көңіл бөлген маңызды.                                                                                                                                                   
  • Міне сондықтан да терінің созылғыштығын жақсартатын NIVEA Vital Body Lotion немесе біздің NIVEA Q10 өнімдер қатарындағықұралдарды пайдалану қажет. Солардың арқасында тері жас және созылғыш болады.                                                                                                             
  • Сенің теріңдегі кішігірім кемшіліктер оның сыртқы көрінісін бұзбауы үшін скрабты пайдалан.                                                                                                                         
  • Скрабты мойын мен төстің маңына жағып, шамамен аптасына екі рет  пайдаланған дұрыс. Бұл үшін бетке арналған скрабты қолдан, себебі, денеге арналған скрабтар тым қатты болуы мүмкін. Мысалы, Purifying Wash Gel пайдаланып көр.                                                                                                                             
  • Ол теріңнің жансыз жасушаларын жояды, оның сыртқы түрін жақсартады және терің жарқырағандай болады.                                                                                                                   
  • Бұл үшін ылғалдандырғыш маскалар да жақсы келеді. Денені босататын ванна қабылдау уақытында оны мойын мен төстің маңына жақ та, теріңді ылғалдың қосымша үлесімен аяла – терің лезде ғана жастықтың лебін сезеді.

Қол және т.б. – теріміздің анағұрлым көп көрінетін бөлігі

Қолға күтім жасау
Денеге ұқыпты күтім жасау жайлы әңгіме қозғағанда,  қолға күтім жасау аса қажетті болып табылады. Әдемі және тегіс теріге ие болу үшін аптасына бір рет теңіз тұзы қосылған скрабты пайдалан, негіз ретінде, әрине, әрқашанда асүйден табылатын тұз бен майды пайдалан.

Төс маңындағы теріге тегістік беруге арналған алма компресі

Ылғалсызданған теріге йогурт пен алма маскалары керемет келеді. Йогурт теріні тыныштандырса, ал алма жұмсақ антиоксиданттық әрекет етеді – төс маңындағы теріңді әдемі етуге көмектесетін керемет үйлесім.

Бастан аяққа дейін әдемі тері

Беттегі нәзік тері, сондай-ақ балтырдағы және шынтақтағы құрғақ жерлер өзіңе күнделікті күтім жасау барысында ерекше көңіл аударуды талап етеді. Бірақ біз табанымызға онша көп көңіл бөлмейміз. Ал оларға жылдың суық кезінде үлкен жүктеме түседі: күн сайын біз тар, ауыр бәтеңке немесе етікпен жүреміз, сондықтан табандағы тері өте тез құрғап кетеді. Аяқтарыңа қатты көңіл бөл және дене күтімін аяққа арналған босаңсытатын ваннадан баста. Hansaplast ұсынған Anti Callus 2in1 Peeling секілді жұмсақ скраб ваннадан кейін пайдаланғанда дененің құрғақ жасушаларын жояды және табанға қарай қан ағысын күшейтеді. Өз теріңе қосымша күтім жасау үшін ванна қабылдаған соң NIVEA Creme немесе NIVEA Soft жақ, мүмкіндігінше, босаңсытатын массажбен үйлестір! Аяқтағы оғаш және құрғақ теріден құтылуға көмектесетін   Hansaplast-тың Anti-Callus 20% UREA Intensive Cream пайдалануға болады. Бұдан басқа, түнгі ұйқы кезінде өз табаныңа күтім жасаған пайдалы, өйткені терінің қалпына келуі бәрінен де жақсы түнде жүреді: кремді көбірек жақ, мақтадан жасалған шұлықты ки де төсекке жантай! 

Өз теріңді қосымша қуат пен ылғалдылықпен аяла

Сымбатты және нәзік теріні қалпына келтіру мен қорғау үшін оған жан-жақты күтім қажет.

Өз теріңді қайта жайнат

Жайнаған тері

Қыстық теріден біржола құтыламыз

Қыстың бұлыңғыр күндерінде біздің теріміздің өзі күннің сәулесі жеткіліксіздігін сезінеді.  Егер сен сымбатты да жарқыраған теріні қалайтын болсаң, NIVEA BB Cream Light пайдалан, ол сенің теріңнің сыртқы түрін жақсартады және оған табиғи жарқылын береді. Ал егер күн сәулесі түскен кезде бұл крем сенің теріңді күн сайын қорғауды SPF 10 қамтамасыз етеді.                   

Күзгі және қыстың бұлыңғыр күндерінде күтім мен макияжды үйлестірген NIVEA Q10 Plus Anti-Wrinkle CC Cream -екеуі біреуінде жинақталған әжімге қарсы және үндес крем дұрыс таңдау болады. Құрамында Q10 коэнзимі бар оның формуласы терінің құрылымын жақсартады және ұсақ әжімдерді ішкі жағынан жұмсартады.Бұл крем теріні аса сымбатты етеді және оны ылғалмен толықтырады. Оның құрамындағы түзетуші минералдық пигменттер терідегі ұсақ кемшіл тұстарды бүркемелейді, соның арқасында беттің түсі жас және бірқалыпты болады.

Тері әдемі болу үшін нәзік күтім – тіпті душта да

Душта тұрып теріге күтім жасау
Қыста теріңнің әдемілігі мен жайнауын сақта – суық кезде теріңе қосымша күтім қажет.

"Өзімізді аялаймыз" бағдарламасы

Тым ыстық душ сенің теріңді құрғатып жіберуі мүмкін. Сондықтан NIVEA Natural Oil Shower Oil немесе In-Shower Body Milk секілді күтім жасауға арналған құралдармен теріңді аялап, тіпті душта болсаң да оған күтім жасаған дұрыс. NIVEA-ның Natural Oil Shower Oil құрамында табиғи майлардың 55 пайызы бар және ол жағымды хош иісі бар жұмсақ көбікке айналады. Душ қабылдау кезінде май теріні қосымша қамқорлықпен қамтамасыз етіп, күтімділік сезімін сыйлайды және оны құрғап кетуден қорғайды. Бадам майы қосылған NIVEA In-Shower Body Milk душ қабылдау кезінде құрғақ теріге күтім жасайды. Құрамында бадам майы бар қанық формула ылғалды теріге жеңіл сіңеді және оған оңай жағылады. Инновациялық формуласы судың көмегімен белсенді болады.

Дәнекер тінге арналған фитнес

Дененің барлық бөлігіндегі тері шымырлығын сақтауы үшін оған тек қана күнделікті мінсіз күтім жеткіліксіз – күнделікті дене жаттығуларының жүйесі де өте маңызды. Осы себептен біз дәнекер тіндерді нығайтатын йогамен, пилатеспен және аэробикамен айналысуды ұсынамыз. Терінің май тіні анағұрлым тығыз болса, оның үстіндегі терінің кедір-бұдырлары азаяды, нәтижесінде ол тегістеу боп көрінеді. Бұдан басқа, дене жаттығулары қан айналымын жақсартады және теріге әдемі, сау және қызғылт түс береді – ендеше жаттығуға дәл қазір кіріс!

Дене мен арқа - іш туралы да ұмытпаңыз

Арқа мен іш
Өз денемізге күтім жасағанда біз жиі арқа мен ішіміз туралы ұмытып кетеміз. Дененің бұл бөліктеріне ерекше көңіл аудар. Крем жағуға уақыт тапшы ма? Онда NIVEA-ның денеге арналған шайылатын лосьонын пайдалан – оның көмегімен душта іш пен арқаға күтім жасауға болады.  

Теріні әдемі және тегіс қылу үшін оған кешенді күтім жасау

Біздің ұсыныстарымыз