Әйелдерге арналған крем

Сенің теріңнің түрі қандай?

Денеге күтім жасаудың қандай құралы тап саған керек екенін біліп ал

Терің сау әрі әдемі болуы үшін оның түріне сәйкес келетін күтім жасау құралы қажет.

Терінің қажеттілігін ескеретін жеке күтім

Терінің түрін ескерген дұрыс күтім - теріңді нәзік әрі әдемі етуге апаратын жол. Өз теріңнің жеке қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау құралдарын таңда.

Сенің теріңнің түрі қандай?

  • Әдетте қалыпты тері тегіс және созылғыш. Құрғақ жерлер мен тырысып қалғанды сезу терінің бұл түріне тән емес.  Ол мінсіз десе де болады. Тығыздықтың мінсіз деңгейі қалыпты теріні тегіс және созылмалы етеді. Ол аса көп көңіл бөлуді талап етпейді және қанды жақсы айналдырады. Алайда тіпті қалыпты тері де әдемі түрін сақтау үшін ылғалдандыру мен қорғауды қажет етеді. Қалыпты теріні нәрлендіру және оның жұмсақтығы мен жарқырауын сақтау үшін жеңіл ылғалдандыратын лосьон жеткілікті болады.                                                   
  • Құрғақ теріге оның қажеттіліктеріне сәйкес ылғалдандыратын күтім қажет; олай болмаған жағдайда ол кеуіп, түлеп, қыши бастайды. Әсіресе, жіліншік пен тізе жақтағы тері құрғақ болса, тым осал.                                                                                                               
  • Сенің терің жиі тітіркенеді және сен терінің құрғақтығы мен тырысып қалуын жақсы білесің бе? Бұл теріңнің тым құрғақтығын білдіреді. Оған оның табиғи қорғаныш кедергісін қалпына келтіретін ерекше күтім қажет.                                                 
  • Сезімтал теріні оған жасалған бұрыс күтімге жауап ретінде қызаруынан байқауға болады. Бұл жағдайда күтім жасауда рН деңгейі бейтарап жұмсақ құралды пайдалану қажет.

Қалыпты тері: нәзік күтім теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді.

normal skin

Қалыпты теріге ылғалдың теңгерімді деңгейі тән.  Бұл түрдегі тері үшін  жұмсақ крем немесе лосьон қолданып, қарапайым күнделікті күтім жасау жеткілікті - теріңіз сау әрі жарқырап тұрады.

Құрғақ теріге үнемі күтім қажет

Құрғақ тері ерекше күтімді қажет етеді. Оның қорғаныш қабаты өте оңай әлсірейді, бұл түлеу мен кедір-бұдырлардың пайда болуына алып келеді. Қанық нәрлендіргіш кремдер мен маскалар терінің липидтік қорғаныш қабатын қалпына келтіреді.

Өте құрғақ тері — NIVEA күтім жасау қорғаныш құралдары

Өте құрғақ және құрғақ терінің табиғи қорғаныш қабатын қалпына келтіру үшін ылғалдандырып, липидтермен қамтамасыз ету қажет. Бұған қарқынды нәрлендіргіш кремдер көмектесе алады.

Ересек немесе сезімтал тері

Қартаюдың алдын алатын күтім құралдары ересек терінің созылғыштығын сақтауға мүмкіндік береді. Сезімтал терінің теңгерімін сақтауға жұмсақ лосьондар көмектеседі.

Сезімтал тері — тиімділігі жоғары жұмсақ күтім құралдары

Sensitive Skin
Сезімтал тері күшейтілген нәрлендіруді қажет етеді. Жұмсақ күтім жасау құралы сезімтал терідегі ылғалдың құрамын тұрақтандырып, оның тітіркенуіне жол бермейді. 

Ересек тері —NIVEA күтім жасау құралдары тері жасушаларын жаңартады және оның созылғыштығын қалпына келтіреді.

Жас ұлғая келе теріміз шымырлығы мен созылғыштығын жоғалтады. Лайықты күтім құралын, мысалы, құрамында қосарланған Q10 коэнзимі бар Q10 Firming Body Lotion таңда.
product-stage-bg

Терінің әр түріне арналған жеке қамқорлық пен күтім

Біздің ұсыныстарымыз