Тері түрлері Header

Ал сен өз теріңнің түрін білесің бе?

Бет терісіне күтім жасауда білуің керек нәрсенің бәрі

Терің аралас немесе құрғақ па? Терің қалыпты, проблемалы немесе сезімтал ма? Әр тері түрінің өзгешелігі бар. Бұл жерден сен өзіңе көмектесетін қажет ақпараттың барлығын табасың.

Теріге күтім жасау оның түріне байланысты!

Дәл саған сай келетін теріге күтім жасау құралын таңдау үшін өз теріңнің түрін анықтау маңызды. Кейде мұны жасау қиын, өйткені әркімнің терісі әртүрлі және уақыт ағымына қарай ол өзгеріп отырады. Дегенмен тері негізгі бес түрге бөлінеді. Өз теріңнің түрін анықта!

Терінің 1 түрі: аралас тері

Аралас терінің атауынан-ақ көріп тұрғанымыздай, оған қалыпты немесе тіпті құрғақ тері мен майлануға бейім проблемалы терінінің үйлесімі жатады. Т-аймақ деп аталатын маңдай, мұрын мен иек, әдеттегіше, жылтырап тұрады және безеулердің пайда болуына бейім. Ал екі беттегі тері, керісінше, қалыпты немесе тіпті құрғақ. Мұндай тері түріне күтім жасау үшін аралас теріге арнайы әзірленген және оның табиғи су теңгерімін қалпына келтіретін құралды таңдау қажет.               

Аралас терінің белгілері: 

  • майлы жылтыр 
  • Т-аймағының проблемаға бейімділігі                     
  • бет аймағындағы терінің аса құрғақтығы

Т-аймағы ерекше күтімді қажет етеді

Tips for dry skin

Аралас теріге күтім жасау бойынша кеңестер

 
  • Бетке күтім жасауға арналған құралды жақпас бұрын теріні мұқият тазарт.
  • Жуу үшін жылы суды пайдалан (ыстық та, суық та емес).
  • Ылғалдандырғыш құралды тұрақты пайдалан (шағын мөлшерде бұршақ дәнінің өлшеміндей әбден жеткілікті).
  • Аралас тері үшін арнайы жасалған құралды пайдалан.

Терінің 2 түрі: құрғақ тері

Сенің терің қабыршақтанады және тегіс емес пе? Құрғақ терінің су және липидтік, яғни май теңгерімі бұзылған. Мұндай терінің созылғыштығы әлсіз, тырысқақ және қышуға бейім келеді. Ол сыртқы жағдайлардың әсерінен жеңіл тітіркенеді. Сондықтан құрғақ тері үшін арнайы дайындалған кремдердің көмегімен  су теңгерімі мен сенің теріңнің қорғаныс қасиетін қолдау ерекше маңызды.

Құрғақ терінің белгілері:  

  • тартылу, қышуға бейімділік
  • құрғау және қабыршықтану
  • теріге сыртқы жағдайлардың әсері, мысалы, температура оңай әсерін тигізеді.

Терінің су теңгерімі — оның саулығының маңызды құраушысы

Normal Skin

Құрғақ теріге күтім жасау бойынша кеңестер

  • Сенің теріңнің әдемілігіне дұрыс нәрлендіру көмектеседі. Күн сайын 2 литр таза газдалмаған су іш.
  • Күннен қорғайтын әсері бар күндізгі крем теріні ультракүлгін сәулеленуден қорғайды.
  • Сарысу пайдаланып жүрген құралдарға жақсы толықтыру болады.
  • Табиғи май қосылған теріге күтім жасау құралдары тырысу мен құрғақтық сезімін жояды. 

Терінің 3 түрі: қалыпты тері

Егер сен айнадан ұсақ тесікті тегіс және өңі сау шымыр теріні көрсең, онда сенің теріңнің түрі қалыпты. Әдеттегіше, мұндай тері, тіпті сен кейде тиісті күтім жасай алмасаң да, ешқандай қиындық тудырмайды. Алайда, әдемі түрін сақтау үшін қалыпты тері де ылғалдандыру мен қорғауды қажет етеді. Теріге күтім жасауда жеке жоспарыңды жаса!

Қалыпты терінің белгілері:    

  • тегіс, ұсақ тесікті, кемістігі жоқ
  • өңі сау
  • қан айналымы жақсы, шымыр 

Сенің теріңе тұрақты күтім қажет

T-Zone

Қалыпты теріге күтім жасау бойынша кеңес

  • Тері жастығын сақтау үшін күндізгі және түнгі күтім құралдарын тұрақты пайдалан.
  • Бетке арналған жұмсақ пилинг кір мен жансыз жасушаларды жояды.
  • Кремді бетке жеңіл айналдыра отырып жақ, бұл қан айналымын жақсартуға септігін тигізеді.
  • Көз айналасындағы теріге күтім жасау: күтілген көз беттің ажарын келтіреді.

Теріме қалай күтім жасаймын? Бәрі де оның түріне байланысты!

Терінің әр түрінің бабы өзінше бөлек. Терінің кейбір түрлеріне көп назар аудару мен ерекше күтім қажет етіледі. Мысалы, проблемалы және сезімтал терілер үшін.

Терінің 4 түрі: проблемалы тері

Проблемалы теріде тері майы еселеп өндіріледі. Мұның себебі генетикалық бейімділік, күйзелу мен гармондық өзгеріс болуы мүмкін. Нәтижесінде қара дақтар және безеулер пайда болады. Терінің табиғи теңгерімін қалпына келтіруге тазарту және бактерияға қарсы құрауыштары бар күтім жасауға арналған арнайы құралдар көмектеседі. 

Проблемалы терінің белгілері:     

  • кеңейген саңылаулар
  • майлы жылтыр
  • бөртуге бейімділі

Қиын уақыттағы аяулы қамқорлық

Sensitive Skin

Теріге күтім жасау бойынша кеңестер

  • Кешке міндетті түрде макияжды сүрту керек, өйткені оны түні бойы қалдырса, тері тесіктері бітеледі.
  • Аптасына бір рет терің үшін жұмсақ скрабты пайдалан және бетке арналған масканы жақ.
  • Қолыңды тарт! Қара дақтар мен безеулерді сығуға тырыспа!
  • Күңгірттегіш күндізгі крем беттегі жағымсыз жылтыраудан құтылуға көмектеседі.

Терінің 5 түрі: сезімтал тері

Сезімтал тері терінің өзге түрлеріне қарағанда, күйзелу, жылытылатын ғимараттағы құрғақ ауа немесе ультракүлгін сәулелену секілді қоршаған орта факторларының ықпалына көбірек шалдығады. Егер терінің табиғи теңгерімі бұзылса, онда тартылу, қышу, құрғақтық және қызару сезімі пайда болады. Сондықтан сезімтал тері үшін оны сыртқы факторларға төзімді ете отырып, оның қорғаныс қалқанын нығайтатын және теріні тыныштандыратын ерекше, арнайы әзірленген құралдарды пайдалану маңызды. 

Сезімтал терінің белгілері: 

  • қоршаған орта факторларының ықпалына оңай шалдығады
  • тырысу, қышыну сезімі
  • жиі қызарады

Blemished Skin

Сезімтал теріге күтім жасау бойынша кеңестер

  • Қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін кремдерді таңда.
  • Бетіңді уқалама! Жуынғаннан соң бет терісін орамалмен жайлап тигізіп сорғытып ал.
  • Хош иістендіргішсіз құралдарды таңда, өйткені олар теріні тітіркендіруі мүмкін.
  • Тамақтануыңды қадағала: ащы дәмдеуіштердің теріңе тигізетін пайдасы шамалы.

Теріңнің жастығын сақта!

Жас ұлғайған сайын терінің қажеттілігі өзгереді. Қартаю үрдісіне көптеген ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді, қартаюдың шапшаңдығына тері жасушаларының белсендігі де қатты әсер етеді. Алайда дұрыс таңдалған күтімнің арқасында теріңнің жастығын ұзақ уақытқа сақтауға болады.

Терінің 6 түрі: жетілген тері

Жас ұлғайған сайын біздің терімізде оның сыртқы түрін, құрылымы мен қасиетін өзгертетін бірнеше түрлі үрдістер болады. Жасушалардың белсенділігі төмендейді, қалпына келу үрдісі бәсеңдейді, коллаген өндіру деңгейі төмендейді, ультракүлгін сәулеленуден зақымдану пайда болады. Жетілген тері ылғалдылық пен созылғыштығын жоғалтады. Әжімдердің саны мен көрінуін және пигментті дақтарды азайтуда беттің жетілген терісіне күтім жасайтын инновациялық құралдар көмектесе алады.

Жетілген терінің белгілері:   

  • созылғыштығы азаяды
  • ылғалдың жетіспеушілігі сезіледі
  • әжімдер мен пигментті дақтар айқын көрінеді

Жетілген теріге қамқорлық қажет!

Mature Skin

Жетілген теріге күтім жасау бойынша кеңестер

  • Әрқашан да күннен қорғайтын құралдарды пайдалан, өйткені ультракүлгін сәулелену терінің ертерек қартаюына алып келеді.
  • Көздің айналасындағы мимикалық әжімдер — тері қартаюының алғашқы белгілері. Олардың пайда болуын кешеуілдету үшін көз айналасындағы теріге күтім жасауға арналған арнайы құралдарды пайдалан.
  • Жоғары сапалы майдан жасалған ылғалдандырғыш маскалар терінің нәрленуін қамтамасыз етеді.
  • Жасуша деңгейінде терінің қалпына келуіне көмектесетін кремдерді таңда.