Дезодоранттардың түрлері
Дезодоранттардың түрлері: Классикалық, әйгілі, тиімді — дезодорант-спрей

Дезодорант-спрей бүріккішінің арқасында белсенді құрауыштарды теріге мінсіз себеді. Сондықтан күні бойы сенімді қорғанышты қамтамасыз ету үшін жай ғана бүріккіштің батырмасын баса салса болғаны.
Роликті дезодорант — ыңғайлы да ықшамды

Роликті дезодоранттар — бұл жағымсыз иістерден қорғайтын тиімді құрал ғана емес. Олардың көбінің құрамында зақымданған теріні ылғалдандыратын және тыныштандыратын қосымша майлар мен күтімдік құрауыштар бар.
Дезодорант-стик — әрқашан қол астында

Стик үлгісіндегі дезодорант ханымдар сөмкесіне тамаша сыйып кетеді. Ол жағымды текстурадан тұрады және күтім жасайтын ингредиенттермен байытылған.