Dry Skin Header

Құрғақ тері көмекті қажет етеді

Тиісті күтім құрғақ терінің қайтадан тегіс болуына көмектеседі.

Жел, суық және қыздырылған ауа терінің табиғи қорғаныш қабатын бұзады. Ол құрғайды, жарылып кетеді; жарғақтар пайда болады. Қарқынды ылғалдандыратын және нәрлендіретін құралдар терінің липидті қорғаныш қабатын қалпына келтіреді және құрғауды болдырмайды, ал бұл, өз кезегінде, терінің әдемі түрі мен жастығын сақтауға мүмкіндік береді.

Неліктен тері құрғақ болады?

Құрғақ тері – себептері қандай?

Сау тері созылғыш және өмірлік қуатқа бай. Бірақ тап қыста оның ылғалдылық теңгерімі бұзылуы мүмкін. Төменгі температурада май бездері майды аз бөледі, ал липидті қорғаныш қабатынсыз теріге ылғалдылық деңгейін қолдау қиынырақ. Бұдан басқа, оттегінің ағынын шектей отырып, жоғарғы қан тамырлары тарылады.                   

Нәтижесінде тері тырысып қалғандай болады, тері қатайып, қызарады. Әсіресе қатерге көбірек ұшырайтын май бездері мен тері асты май жасұнықтары жоқ жұқа тері аймақтары — балтыр, шынтақ және тізе.

Қыстағы алғашқы көмек — теріңді қалай қорғауға болады

Skin in Winter
Теріңді, мысалы, NIVEA-ның Нәрлендіретін денеге арналған сүтшесімен аяла. Оның құрамына кіретін арнайы сұрыпталған минералдар, Е дәрумені мен ылғалдандыратын бадам майының арқасында ол теріні ылғалмен тиімді және ұзақ қанықтырады.

Ерін қыста қосымша күтімді қажет етеді

Lips in Winter

Еріннің терісі жұқа және сезімтал, сондықтан онда липидті қорғаныш қабығын түзуге қабілетті май бездері жоқ. Міне, сол себептен еріннің терісі, әсіресе қыста кебу мен жарылулардың пайда болуына шалдыққыш келеді. Өз ерніңізге қалай дұрыс қамқорлық жасауға болатыны туралы көбірек біліңіз.

Ылғалдандыру шаралары – құрғақ теріге сұлулықты қалай қайтарамыз

Терінің құрғақтығымен күресудегі біздің кеңестер

  • Тітіркендіретін жуғыш гелдерді немесе қою көбік түзетін макияжды кетіруге арналған құралды құрғақ теріге жақпа. Олар теріні шектен тыс құрғатады және оның қорғаныш қалқанын бұзады. Ең дұрысы, сен душ қабылдаған кезде теріңді жұмсартатын және тегістейтін Денеге арналған шайылатын Нәрлендіргіш кондиционер немесе   Денеге арналған шайылатын Ылғалдандырғыш кондиционер секілді шайылатын ылғалдандыратын құралдарды пайдалан.                   
  • Күнделікті шаралар үшін құрамында несепнәр, Hydra IQ құрауышы және декспантенол бар нәрлендіргіш кремдерді, лосьондарды және денеге арналған басқа да құралдарды, мысалы, SOS денеге арналған ылғалдандырғыш бальзамды таңда. Олар терінің тартылуы мен құрғауына жол бермей, қарқынды күтімді қамтамасыз етеді.                                            
  • Денеге арналған нәзік сүтше де теріні құрғап кетуден қорғайды. Сүтшенің органикалық арган майы мен жожоба майы бар қаныққан формуласы терінің табиғи теңгерімін сақтайды.     
  • Одан да жақсы қарқынды күтім үшін Е дәрумені және бадам майы бар маска ретінде қолдануға болатын кремді, мысалы, NIVEA-ның Нәрлендіргіш күндізгі кремін бетіңе көбірек жақ. Крем сіңу үшін 15 минутқа қалдыр, содан соң қалдығын сулықпен кетір немесе массаж жасағандай қимылмен жұмсақ сылап сіңдір.                                   
  • SOS денеге арналған ылғалдандырғыш бальзамы немесе NIVEA-ның денеге арналған  SOS-кремі.                                                                         
  • Сенің терің өте құрғақ па? Терінің неге құрғақ болатыны және оған қалай күтім жасау туралы көбірек біл.   

Тірінің қамын ойлау дұрыс нәрлендіруден басталады – тері қажетті ылғал мен нәрлендіргіш заттарды ішкі жақтан алсын.

  • Судың жеткіліксіздігі терінің құрғауына алып келеді, сондықтан ең кем дегенде күніне екі литр су іш.                                                                             
    Егер күмәндансаң, өзіңді тексер: Өз қолыңды бас бармақ және сұқ саусақпен шымшып көр. Босат та қара: егер тері өзінің алғашқы күйіне баяу оралатын болса, сенің терің жеткіліксіз ылғал алады деген сөз.                                                                                                                     
  • Жаңғақ же! Бұл дәмді қуат көзінің құрамында көптеген майлар, минералдар мен дәрумендер бар.                                                                           
  • Майлы теңіз балығы мен кепкен өрік ағзаны кальциймен қамтамасыз етеді және қартаюға қарсы тиімді құрал болып табылады.                                                                                             
  • Сәбіз және томат шырынының құрамына, әсіресе, аздаған мөлшерде зығыр майын қосқанда, жақсы сіңетін бірнеше пайдалы дәрумендер кіреді.                                                                 
  • Үйлесімді диета біздің денеміздегі ең ауқымды мүше – теріні саулықпен қамтамасыз етуге және нығайтуға көмектеседі.                     
  • Сұлулық туралы осы жерден біл.  
product-stage-bg

Құрғақ тері үшін қарқынды күтім

Біздің ұсыныстарымыз