The right sun care header

Күннен қорғауға арналған оңтайлы крем

Жаз, күн, күюден қорғайтын крем — керемет демалыстың айнымас серіктері

Күн ванналарының орны мен уақытына қатыссыз дұрыс таңдалған күннен қорғайтын кремдермен сен әрқашанда қауіпсіздікте боласың. Өз теріңнің ерекшелігін біле отырып, күн сәулелері мен ыстықтың жағымсыз салдарынан оңай құтыла аласың.

NIVEA күннен қорғайтын кремі сенімге лайық

Оңтайлы қорғаныс

Күнге еш қатерсіз күйеміз

Оңтайлы қорғаныш

NIVEA SUN өнімдер қатарының барлығы күн сәулесіне төзімділік қасиетіне ие, фотоқорғау қасиеттері бар. Егер күнге күюге арналған дұрыс таңдалған кремді қолдансақ, ультракүлгін сәулелерден терінің табиғи қорғанышы, тіпті қатты аптап кезінде де тиімді болады.           

Сондықтан құммен, сумен, сүлгімен және термен жанасқанда кремнің сүртілу қасиеті бар болғандықтан, оны әр 2 сағат сайын қайталап жағып тұру қажет.

Қорғау және күтім

Біз сенің теріңе арналған сенімді қорғаныш пен керемет күтімді қамтамасыз ететін өнімдер қатарын дайындадық — сенің теріңнің қажеттілігі бәрінен жоғары.  NIVEA SUN өнімдер қатары пайдаланғанда өте тиімді және жағымды. Еш қатерсіз күннен рахат алу үшін күннен қорғайтын кремдерді қалай дұрыс жағуға болатынын біз айтып береміз.

Күннен қорғайтын крем: жағудың құпиялары

SPF факторы нені білдіреді?

Терінің табиғи қорғанысының ұзақтығы — бұл күннің астында теріде күю белгілерінің пайда болуынсыз жүрудегі әр адам үшін жеке уақыт мөлшері.  Крем жақпай-ақ әрекет ететін терінің табиғи қорғанысының уақыт мөлшері терінің түріне байланысты, әдеттегідей, 5-тен 30 минутқа дейін өзгеріп отырады. Күннен қорғайтын кремнің факторына (SPF-фактор), егер табиғи қорғаныстың жеке ұзақтығын көбейтсек, күннің астында қатерсіз болатын уақыттың мөлшері шығады.

Күннен қорғайтын крем суға төзімді болуы қажет

NIVEA SUN күннен қорғайтын суға төзімді өнімдер қатары (COLIPA 2005) халықаралық стандарттарына сәйкес сынақтан өткен. 

• Мысалға алсақ, екі рет 20 минуттық шомылудан кейін кремдер өзінің қорғаныс факторын кем дегенде 50% сақтайды. 

• "Суға төзімділігі аса жоғары" белгісі бар өнімдердің суға төзімділігі қосарлы деңгейге ие (20 минуттан 4 рет шомылуға жарамды).   

• Балаларға арналған Ойна да шомыл топтамасының "суға төзімділігі аса жоғары" белгісі бар өнімдері өзінің қорғаныш қасиетін 120 минут шомылғаннан кейін де кем дегенде 50 % сақтайды.

Күннен қорғайтын кремді дұрыс қолдану: жағу бойынша кеңестер

Күннен күюден қорғайтын SPF-факторлы кремнің дұрыс мөлшерін таңдау қорғанышты қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Бұл үшін NIVEA сарапшылары қарапайым саусақ ережелерін жасап шығарды:   
  • 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған қажетті мөлшер: крем тектес құрал жолағының ұзындығы бір-бір жарым орта саусақтай (мысалы, NIVEA Sun балалар үшін күннен қорғайтын лосьоны) немесе 5-6 рет басылған NIVEA Sun балалар үшін күннен қорғайтын спрейі. NIVEA Sun балалар үшін күннен қорғайтын спрейі.                                                                         
  • 6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған қажетті мөлшер: крем тектес құрал жолағының ұзындығы бір жарым-екі орта саусақтай немесе 7-10 рет басылған 
  • Үлкен балаларға және үлкендерге арналған қажетті мөлшер:  крем тектес құрал жолағының ұзындығы білектен орта саусақтың ұшына дейінгідей немесе спрейдің 15 рет басылуы. 

Мұндай мөлшер қолға, кеудеге, мойын мен бетке жағылады. Арқа, іш пен аяққа құралдың екі есе үлесі қажет. 5 жасқа дейінгі балалардың бетіне, мойны мен кеудесіне 2 есе көп крем жағу керек, себебі, кішкентай балалардың бас аумағы үйлесімсіз үлкен. Назар аударыңыз! 

Кремнің жаңа қабатын алдын ала жағу қажет.

Мұқият жағу

Тер бөлінуден, су мен белсенді қозғалыстардан сүртілетін болғандықтан, күннен қорғайтын кремді тек шомылудан соң ғана әр 2 сағаттан кейін жағу қажет. Күннен қорғайтын кремді қайталап жағу қорғаныс факторы жаңарды дегенді білдірмейтінін есте ұстау абзал. Ол тері қабатының табиғи қорғанышының әрекет ұзақтығын жай ғана қолдау дегенді білдіреді. Назар аударыңыз! Қорғайтын кремінің тиісті мөлшерін жақ. Осылайша құралда көрсетілген SPF-факторды қамтамасыз етуге болады. Теріні күні бойы қорғай алатын тиісті SPF-факторды басынан бастап таңдап алу қажет. 

Soles

Крем жаққан кезде құлақтың сырғалығы мен табан секілді дене мүшелерін де ұмытпаған жөн!

Күннің ұйғарынды мөлшері

УФА /УФВ сәулелерден қорғайтын тиімділігі жоғары өнімдер, суға төзімді, жаққан соң бірден әсер етеді, дерматологтармен мақұлданған. 

Күннен қорғайтын крем — маңызды ақпарат

Бір сәтте қорғау деген нені білдіреді?

NIVEA SUN өнімдер қатарының барлығы құралды жаққаннан соң бірден теріні күю мен ерте қартаюдан бір сәтте қорғауды қамтамасыз етеді. "Бір сәтте қорғау" құралды жаққаннан соң УФА/УФВ сәулелерден бір сәтте қорғайды дегенді білдіреді; құрал әрекет етуін бастаған белгілі бір уақытты күту қажет емес. Күннен қорғайтын кремді жаққан соң сен күннен рахат аласың. Әйткенмен, құралды жағажайға шықпас бұрын алдын ала жағу қажет, өйткені сен жолда болғанда терің УК сәулелердің ықпалына қайтсе де шалдығады.

Қорғайтын құралды қайталап жаға отырып, күннің астында болу уақытын ұзартуға бола ма?

Қорғаныш тиімділігі ұзартылмайды. Сіз таңдаған SPF-факторы күннің астында теріні зақымдамай сіздің қанша уақыт болатыныңызды анықтайды. Кремді қайталап жағу (теріні сүрткеннен соң, шомылудан және т.б. кейін) қорғаныстың сәйкес деңгейін қолдауға көмектеседі, бірақ оны арттырмайды. 

Күннен қорғайтын өнімдердің жарамдылық мерзімі қандай?

Ашылмаған өнімдердің жарамдылық мерзімі 30 айға дейін. Өнімнің ашылғаннан кейінгі сақтау мерзімі қаптаманың сыртқы бетінде көрсетіледі. Ол сандарды көресете отырып, ашылған құтының суретімен кескінделеді. Бұл сандар ашылған өнімді қанша уақыт сақтауға болатынын білдіреді. Әдеттегідей, сақтау ұзақтығы 12 айды құрайды.

Біздің ұсыныстарымыз