

Күннен қорғайтын факторды дұрыс таңдау — күн көзінде уайымсыз шаттанудың кепілі.
Күннен қорғайтын фактор (SPF)
Мұны білу маңызды! Сенің теріңнің түріне келетін SPF-факторы сенің теріңнің табиғи қорғанышы әрекет ететін уақытты, яғни күннен қорғайтын құралсыз күннің астында бола алатын уақытты көрсетеді. Әдеттегідей, ол терінің түріне, сенің жүрген жерің мен жыл мезгіліне байланысты 5-тен 30 минутқа дейінгі аралықта өзгеріп отырады.

Жоғары күннен қорғау факторы бар күннен қорғау құралдары күн астында жүріп барынша рахат алуға мүмкіндік беріп, нәтижесінде денеңіз күнге дұрыс бірқалыпты күйеді. Күннен қорғайтын фактор төрт топқа бөлінеді: төменгі (6-10), орташа (15-25), жоғары (30-50) және өте жоғары (50+).

Аталған формуланы пайдалана отырып, сенің терің үшін өте жақсы келетін күннен қорғау факторын анықтай аласың. Оңтайлы таңдалған күннен қорғау өнімі теңіздің жағасында немесе таулы жерде күн көзінде уайымсыз рахаттануыңа мүмкіндік береді.
Терің үшін күннен қорғайтын факторды қалай дұрыс анықтауға болады?
Оңтайлы күннен қорғайтын факторы бар күннен қорғайтын құралдарды таңдауда келесі өлшемдерге көңіл бөл:
- Күн астында жүрудің ұзақтығы
- Терінің түрі
- Сен күн астында жүретін жер
- Сен күн астында жүретін уақыт
Мейлінше: теріңізді қорғауда сапалы кремдерге сеніңіз
УК СҮЗГІЛЕР
МИНЕРАЛДЫ СҮЗГІЛЕР
ДНК ЗАҚЫМДАНУЫН БОЛДЫРМАУ
ХИМИЯЛЫҚ СҮЗГІЛЕР

Күннен қорғайтын факторы неғұрлым жоғары болса, УК сәулелерден қорғану соғұрлым тиімді болады.
Ұзақ сақталатын табиғи күнге күю
Күннен қорғайтын факторы жоғары құралдары пайдалана отырып, сен табиғи күюдің үрдісін баяулатасың. Мұндай баяулаудың артықшылығы — кері ықпалдың азаюы, күнге күюдің пайдасын арттыру, сондай-ақ қола реңкті ұзаққа сақтау.
Бөлісуге асығамыз! NIVEA SUN өнімдер қатарында табиғи күюді ынталандыратын өнім бар. NIVEA® SUN Қорғау және күнге күю құрамында меланиннің өндірілуін күшейтетін табиғи өсімдік сығындысы бар. Меланин — денеде табиғи жолмен өндірілетін және теріні УК сәулелерінен қорғайтын, күюдің қарқындылығын қамтамасыз ететін пигмент. Нәтижесі — ұзақ сақталатын табиғи күнге күю.