Дейін және кейін: макияждың астына жағатын негіз және оны

MAKE-UP EXPERT арқылы жеңіл кетіру

NIVEA ҰСЫНҒАН САРАПШЫЛЫҚ КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ

Әлем күннен-күнге өзгеріп жатады, сен де сондайсың! Бүгін көзіңді бір сызықпен бояп қойсаң, ертең мықты smoky eyes жасап аласың; түссіз жылтырдың орнына тұрақты қызыл далап келді, сен расында да, басқа адам болып шыға келесің. Айтпақшы, әсерлі болып көріну үшін бір ғана макияж жеткіліксіз, теріні мұқият бақылау керек. Тері бейнеңдегі өзгерістердің бәрін қабылдайды, сондықтан да қамқорлықты қажет етеді. Жаңа бейне жасамас бұрын теріңді макияждың астына жағатын негіздің көмегімен дайында, ал ұйықтар алдында өз қалпыңа келу үшін косметиканы мұқият әрі абайлап кетір.
Теріні

Теріні макияжға дайындау

Бірнеше тартымды балконы, әдемі, кең көлемді көрінісі бар терезелер мен мозаикасы бар үйді көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Іргетасы сыр берсе, ол үй қаншалықты керемет болса да, ұзақ тұрмас еді. Дәл осы сияқты сәнді макияж үшін қылқаламды шебер қолдану дағдылары емес, негіз аса маңызды. Дайындық дұрыс болған жағдайда косметика жақсы жағылады және ұзақ тұрады, тегіссіздік пен қабыршықтануға жол бермейді. Алдын ала ылғалдандыру мінсіз бейне қалыптастыруға және терінің саулығын сақтауға көмектеседі.

Мінсіз макияждың құпиясын NIVEA сарапшылары ашты. Олар арнайы құралдар желісін әзірледі, соның арқасында косметика бетке жақсы жағылады, ал тері жағымсыз сыртқы әсерден қорғалады:
– Қалыпты және аралас немесе құрғақ және сезімтал теріге арналған 2-еуі 1-еуінде ылғалдандырғыш крем-флюиді теріні қарқынды ылғалдандырып, реңк беретін креммен және опамен жасалатын макияжға дайындайды.
– Көздің айналасына жағатын крем осы аймақтағы нәзік теріні қорғап, консилердің және басқа да косметикалық өнімдердің тиімді жағылуын қамтамасыз етеді.

Make-up Expert

Make-up Expert өнімдерінің құрамы

MAKE-UP EXPERT бірегей формуласының құрамында табиғи ингредиенттер бар.

Желідегі барлық құралдардың құрамына енетін лотос сығындысы теріні тиімді ылғалдандырып,
– Қалпына келтіруге әсер етеді. Оның жайландыратын әсері бар, теріні жұмсартып, құрғаудан қорғайды. Сонымен қатар лотос сығындысы жасушааралық мембраналарды нығайтып, қанның микроциркуляциясын жақсартады.
– Қалыпты және аралас теріге арналған 2-еуі 1-еуінде ылғалдандырғыш крем-флюидтің құрамында Е дәрумені бар. Бұл антиоксидант теріні қалпына келтіріп, нәрлендіреді, оның шымырлығы мен созылғыштығын арттырады.
Қырмызыгүл сығындысы — құрғақ және сезімтал теріге арналған 2-еуі 1-еуінде ылғалдандырғыш крем-флюидтің құрамындағы аса маңызды компонент. Қырмызыгүлдің жайландыратын және қорғайтын қасиеттері бар, сондай-ақ теріні тегістейді.  
– Көздің айналасына жағуға арналған кремнің құрамындағы жүзім сүйектерінің майы жастың ұлғаюы салдарынан орын алатын өзгерістердің алдын алуға көмектесіп, терінің шымырлығын, созылғыштығын және әсемдігін сақтайды.

Неліктен NIVEA Make-up Expert?

MAKE-UP EXPERT желісі күн сайынғы макияжды ыңғайлы әрі тиімді етеді, бірден екі бағытта әсер етеді: 

– Макияждың астына жағатын мінсіз негіз: инновациялық флюид құрылымының арқасында құрал теріні косметика жағуға дайындайды және небәрі 1 минутта-ақ сіңеді. Оның құрамында майдың аздаған мөлшері бар және әдеттегі креммен салыстырғанда анағұрлым сұйық болып табылады.  
– Макияж жаққан кезде мұқият қорғайды: MAKE-UP EXPERT теріні ылғалдандырып, оны құрғаудан қорғайды.

Мысықтар

Макияжды кетіру: «мысық» немесе «балық»? 

Үйден шығар алдында макияжды оңай әрі жылдам жаққың келеді, ал үйге келген соң далапты, кірпік сүрмесін, реңк беретін кремді және басқа да құралдарды аз уақытта кетіріп тастағың келеді. Көптеген оқиғаға толы күн бойыңдағы бар күш-қуатыңды алып, бетіңе күтім жасауға күш қалдырмайды десе де болады, алайда косметиканы ұйықтар алдында кетіру — кез келген қыздың міндетті емшарасы. NIVEA MAKE-UP EXPERT макияжды мақта дискісімен кетіргенді және сумен жуынып кетіргенді ұнататындарға да барынша мүмкіндік береді.

Мысықтар

«Мысықтар» косметиканы жұмсақ табанымен кетіргендей мақта дискісімен кетіреді. Оларға көздегі макияжды кетіруге арналған MAKE-UP EXPERT күтім жасау құралы керемет жарамды. Сондай-ақ бұл құрал көздеріне баса назар аударып, көз бояуын, сүрме немесе ашық түсті кірпік сүрмесін қолданатын қыздар үшін керемет таңдау. Екі фазалы құрылымының арқасында ол бірден екі бағытта әсер етеді: май негізді мөлдір негіз косметиканы оңай әрі сапалы кетіреді, ал С дәрумені қосылған күтім жасайтын түрлі түсті фаза көздің айналасындағы теріге және кірпікке күтім жасайды. Бірегей формула жеңіл күтім жасап, кірпіктің түсуін азайтады.

Балықтар

«Балықтар» суды ұнатады, косметикасын мақта дискісін пайдаланбай, жай ғана жуынып кетіреді. Олар, сондай-ақ терісі сезімтал жандар макияжды душта кетіруге арналған MAKE-UP EXPERT құралын қолдана алады. Жеңіл күтім жасайтын өнім күн сайынғы жеңіл макияжды қарқынды ылғалдандырып, жылдам кетіреді. Құрал бет пен мойынды жеңіл тазартуға көмектесіп, тітіркендірмейді. Оны душты қабылдап жатқан кезде қолдануға болады, бұл уақытты үнемдеуге әрі теріге мұқият күтім жасауға көмектеседі.

MAKE-UP EXPERT желісімен әрбір әйел макияждағы нағыз сарапшы бола алып, әртүрлі бейнеге еніп, косметиканы тәжірибе жүзінде қолдана алады. Ал NIVEA құралдары терінің жас әрі сұлу қалпында сақталуына, қажетті күтім жасауға және макияжбен де, онысыз да сау болып көрінуіне қамқор болады.

Сізге біздің ұсыныстар