Мицеллярлы сумен тазарту: ерекшеліктері мен артықшылықтары

Мицеллярлы сумен тазарту

Мицеллярлы сумен тазарту: ерекшеліктері мен артықшылықтары

Таң кофеден емес, теріні тазартудан басталады; ұйықтар алдында да дәл осыны қайталау керек. Өз-өзіңе күтім жасау дәстүрі осы идеяға негізделеді. Сондықтан да терінің талаптарына жауап беретін күн сайынғы құралды таңдау аса маңызды. Осы санаттағы ең ыңғайлы өнімдердің бірі мицеллярлы су болып табылады. Неліктен? Оны қалай дұрыс қолдану керек және оның артықшылығы неде? Қарастырып көрелік.
Мицеллярлы судың құпиясы неде?

Мицеллярлы судың құпиясы неде?

Мицеллярлы су — инновациялық косметикалық құрал. Ол макияжды оңай кетіріп қана қоймайды, сондай-ақ теріге күтім жасайды. Инновацияның мәні — тазарту және ылғалдандыру. Бұл құралдың ең басты құпиясы — мицеллалар — тері майы мен декоративті косметиканы магнит тәрізді сіңіріп алатын микро бөлшектер болып табылады. Олар кірді көмкеріп алады да, теріге тигізбей тұрады, соның арқасында тері тазарады, оңай әрі тиімді. Сондай-ақ мицеллалар теріні ылғалдандырады.

Мицеллярлы судың артықшылықтары

  • Құралдың негізгі артықшылықтарының бірі — жеңіл формуласы болып табылады: сапалы мицеллярлы судың құрамында теріні тітіркендіретін компоненттер жоқ және аллергиялық реакция тудырмайды, өйткені оның
  • құрамында парабендер, силикондар мен иістеуіштер жоқ
  • Құрамында табиғи компоненттер бар. Мысалы, NIVEA мицеллярлы суының құрамында Е дәрумені және бадам майы сияқты ингредиенттер бар.
  • Қолдану оңай: NIVEA мицеллярлы суын мақта дискісіне жағып, бетіңізді мұқият сүртіңіз. Небәрі санаулы минуттарда-ақ теріңіз жабысқақтық сезімінсіз, майланбай, жеңіл тазарып, қарқынды ылғалданады.
  • Тіпті, сезімтал теріні тазартуға да жарамды және теріні тітіркендірмейді, құрғатпайды немесе тартылып қалу сезіміне жол бермейді.
  • Терінің краннан ағатын кермек сумен түйісуіне жол бермейді.
  • Мицеллярлы су — бұл ыңғайлы әрі үнемді. NIVEA желісінде ол тиімді бағамен әрі 400 мл көп мөлшерде ұсынылған, бұл тазартқыш құралды ұзақ уақыт бойы сатып алмай-ақ қоюға мүмкіндік береді.
Кез келген тері

Кез келген тері түріне арналған мицеллярлы су

NIVEA сарапшылары әрбір тері түрінің ерекшеліктерін ескеріп, табиғи ингредиенттер қосылған күтім жасайтын, дәрумен қосылған мицеллярлы судың екі түрін дайындады.

Құрғақ және сезімтал теріге арналған 3-еуі 1-еуінде жұмсартқыш мицеллярлы суы теріні тітіркендірмей, макияжды мұқият тазартып, кетіреді. Ол теріні қарқынды ылғалдандырып, жұмсартады, сондай-ақ кірпікке де күтім жасайды. Құралдың құрамында күн сайын жеңіл, сондай-ақ тиімді күтім жасайтын бадам майы мен В5 провитамині бар. Бадам майы антиоксиданттар мен нәрлендіргіш заттарға бай, соның арқасында теріге жұмсақтық, тығыздық және тегістік береді, ал B5 провитаминінің ылғалдандырғыш және жараны жазатын қасиеттері бар.  

Қалыпты және аралас теріге арналған 3-еуі 1-еуінде сергіткіш мицеллярлы суы косметика мен кірді оңай кетіруге көмектеседі, сондай-ақ күтім жасайтын қасиеті бар, тазалық сезімін сыйлап, макияжды кетірген кезде кірпікке күтім жасайды. Ол терінің серпімділігі мен созылғыштығын сақтап тұруға көмектесетін Е дәруменімен байытылған.

Өзіңізге жарамды мицеллярлы суды таңдап, бетті тазарту кезінде-ақ күтім де жасаңыз. Инновациялық құралды тұрақты түрде қолдану макияжды кетіру емшарасын жеңіл әрі жағымды етеді, сондай-ақ теріге тазалық, жеңілдік және жылтырлық береді.