SUN PROTECTION

ӘДЕМІ КҮНГЕ КҮЮ ҮШІН КҮННЕН ҚОРҒАНЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР

Күн қаншалықты теріге зиян емес? Сіз үшін күннен қорғанудың дұрыс стратегиясы қандай? Сіздің күнге шыққандағы теріңіздің түрі қандай? Сіздің назарыңызға күннен қорғаныс құралдары туралы егжей-тегжейлі ақпараттарды, және сізге қобалжусыз күннен ләззат алуға көмектесетін тәжірибелік кеңестерді ұсынамыз.
3 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Күн астында жүргенде денсаулықты және жақсы хал жайыңызды сақтау үшін дұрыс шаралар қабылдаңыз.

Біз бәріміз күн сәулесінің әсеріне өте ұзақ ұшырасақ, күннің ультракүлгін сәулелерінің біздің терімізге зиянды екендігін білеміз. Бірақ біз күннен бас тартуды сізге ұсынудан аулақпыз, мүлде керісінше. Күннен ләззат алу керек; оның өмір сыйлайтын сәулелері бізді жылытады және бізге осыншалықты біз қалаған және әдемі күнге күю реңін береді. Біздің сарапшылардың мақалаларының жиынтығын қарап шығыңыз және сіз күн сәулесінің зиянды әсерін қалай болдырмау керектігін, оған қоса оны пайдаға асыру керектігін біліңіз. Осы парақта сіз теріңізді күнге күюге дейін және кейін қалай қорғау керектігі туралы, тамаша хал-жайды және әдемілікті сақтау туралы кеңестерді таба аласыз. Күннен қорғау құралдарымен алдын ала жабдықталыңыз.  Барлығы күнді жақсы көреді. Жағажайда демалып жатқанда немесе суық қыс айларында жылы күн сәулесін сіңіргенде, денсаулыққа және хал-жайыңызға қауіп төндірмей күннен ләззат алудың жаңа тәсілдерін іздеңіз. Күн бұлттардың арасынан шыққан кезде, сәнді және стильді болып жүру үшін өзіңіздің жазғы келбетіңізді қандай аксессуарлармен толықтыруға болатындығын біліңз. Біздің мамандар сізге өз теріңізді қорғаудың дұрыс кұралдарын таңдап алуға және тамаша күнге күюге дайындалуға көмектеседі. Күн ванналары – көптеген адамдар үшін жазғы демалыстың қалыпты бөлігі және шынында да D дәрумені – теріні сау және жас етіп сақтаудың үздік тәсілі. Бірақ сіз өзіңізді қорғауыңыз керек; олай болмаған жағдайда, жарқыраған күнге күю жағымсыз күн күйігіне айналып кетуі мүмкін! 

NIVEA сізге күн астындағы ең жақсы айларды өткізуге көмектеседі.

Біздің күннен қорғаныс жөніндегі мақалаларымыздың жиынтығы ауқымды және әртүрлі ақпараттарды қамтиды, сондықтан біз одан әрі жылжыдық және сіз үшін қарапайым және ыңғайлы навигацияны жасадық. Парақтың жоғарғы жағына орналасқан біздің сүзгілердің көмегімен, сіз мақалаларды өзіңіздің мүдделеріңіз бен қажеттіліктеріңізге сәйкес сұрыптай аласыз. Сіздің жазда жағажайда немесе хауызда өзіңіздің күнге күю реңіңізді жақсарту немесе ұзақ саяхат кезінде өз жанұяңызды қорғау тәсілдерін іздеп жүргеніңізге қарамастан, күннен тиісті қорғанудың салауатты өмір салты үшін және сіздің теріңіздің саулығы мен табиғи жарқырауын сақтап қалу үшін маңызы өте зор. Сондықтан сізге біздің мақалалардың жиынтығымен танысу және сізге осы жылы және алдағы уақытта да қажет болатын  кеңестермен және ескертулермен танысу қажет.