FIND OUT MORE ABOUT THE NEEDS OF YOUR HAIR

СІЗІДҢ ШАШТАРЫҢЫЗҒА НЕ КЕРЕКТІГІ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

Біздің шаштарымызға жақсы күтімді және сәндеуді қамтамасыз ету үшін, біз өз шашымыздың түрі қандай екендігін және олар үшін не шынымен де пайдалы екендігін білуіміз керек. NIVEA осы салада 100 жылдан артық уақыт бойы зерттеулер жүргізіп келеді және шаш күтімі саласындағы өз білімдерімен бөлісуге дайын.
217 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу
Барлығын көрсету

Жуу, кептіру, шаш сәндеу: өз шашымызға қалай қамқорлық жасауға болады.

Әдемі шаштар белгілі күш-жігер жұмсауды қажет етеді. Өз шаштарыңызға олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиісті күтімді қамтамасыз ету үшін, сіздің шашыңыздың түрі қандай екендігін білу пайдалы. Шаш күтімі жөніндегі көптеген кеңестер сондай-ақ шаштардың барлық түрлері үшін өзекті. Бұйра шаштарға күтім жасау жөніндегі кеңестер. Сіздің денеңіз бен бетіңіз ғана қарқынды күтімді қажет етпейді, ол сіздің шаштарыңызға да қажет, олай болмаған жағдайда, олар құрғақ және түтілуге бейім болады. Өз табиғаты бойынша, бұйра шаштар тура шаштарға қарағанда көбірек қамқорлықты қажет етеді. Аптасына бір рет шаштарға арналған нәрлендіргіш маскадан бас тартпаңыз. Бұдан басқа, шаштарға күнделікті күтім жасаудың меншік жорасын әзірлеу қажет. Уақыта өткен сайын шаштарға кондиционер жағыңыз және шаштарға феннен жиірек демалуға мүмкіндік беріңіз. Өте ыстық ауа шаштардың құрылымын бұзуы мүмкін. 

Қалың шаштарға күтім жасау жөніндегі кеңестер.

Тіпті егер сіздің шаштарыңыз өте қалың, бағынбайтын болса да, қобалжымаңыз! Сіз өте әдемі шаш сәндеуін жасай аласыз. Сіздің шаштарыңыз өте қажет ететін нәрлендіру үшін әрбір екінші жуудан кейін кондиционерді қолданыңыз және шаштарды табиғи  түрде кептіріңіз. Бағынбайтын шаштарды бағындыру туралы біздің ескертпеміз: шаш сәндеуге арналған кремнің немесе мусстың аздаған мөлшерін ұсақ тікірейіп тұрған шаштардан құтылу үшін шаштардың ұшына жағыңыз. Жібектей, сау шаштарға арналған күтім. Егер шаштар жылтыр босла және көлемі бар болса ғана сау  болып көрінеді. Бірақ көп жағдайда біздің шаштарымызға нәрлендіру мен жылтырлық жетіспейді, бұл оларды сынғыш және көмескі етеді. Шаш күтімі жөніндегі біздің ескертпеміз: өз шаштарыңызға қарқынды күтім сыйлаңыз. Бас терісі және шаштар қоректік заттарды жақсы сіңіруі үшін, жуудан бұрын біраз күте тұрыңыз. Сіздің шаштарыңыз қайтадан жібектей жылтырлыққа ие болады және бұрынғыдан да оңай таралатын болады.

Күнделікті күтім жөніндегі кеңестер.

Егер сіз көбірек көлемді қалайтын болсаңыз, шаштарға көлем беру үшін арнайы әзірленген құралдарды қолданыңыз. Фенмен кептірудің дұрыс техникасы сіздің шаштарыңызға лезде көлем қосады – әрқашан шаштарыңызды шаштың өсу бағытына қарсы кептіріңіз. Бұл шаштарды түбінен көтереді. Қалжыраған және зақымдалған шаштарға күтім жасау үшін нәрлендіргіш кондиционерді қолданыңыз және шаш сәндеу кезінде ыстықты болдырмаңыз. Сіз күтімге арналған дұрыс құралдарды қолданатындығыңызға көз жеткізіңіз. Сіздің шаштарыңыз, егер сіз өз шаштарыңызға сай келетін сусабындар мен кондиционерлерді қолданған жағдайда ғана денсаулығын сақтап қалады.