BEAUTIFUL SKIN

ӘДЕМІ ТЕРІГЕ АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер біз өзіміздің терімізге тиісті түрде қамқорлық жасағымыз келсе, өз теріміздің түрін, оған не пайдалы болатындығын, оған не жетіспей тұрғндығңын, және теріні жұмсақ және серпімді етіп сақтау үшін біз не істей алатындығымызды білу кедергі болмас еді. Бұл жерден сіз сізге әдемгі теріге апаратын жолдағы көмек болатын бірқатар ақпараттармен, ұсыныстармен және кеңестермен таныса аласыз.
11 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Сіздің теріңіз әдемі және жарқырайтын болып көрінуі үшін оған қамқорлық жасаңыз.

Өз теріңізге тиісті түрде қамқорлық жасау үшін, тері түрлері туралы көбірек білген жөн. Бұл сіздің теріңіз үнемі қандай жүктемеге ұшырайтындығын, және оның әдемілігін сақтау үшін не жасау керектігін түсінуге көмектеседі. Сондықтан NIVEA сізге теріңізге күтім жасау жөніндегі өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандыруға көмектесетін, сарапшылар дайындаған ақпараттық мақалаларды ұсынады. Біз сізге терінің сіз ұмтылған әдемілігін қалпына келтіруге немесе сақтап тұруға және сау, бақытты және әл-ауқатты болып көрінуіңізге көмектесеміз. Біздің сарапшыларымыздың кеңестері мен қадамдық ұсыныстары күтім жүйесін әзірлеуге көмектесу болсын, қандай заттардан бас тарту керектігіне қатысты немесе сіздің теріңіздің түріне мінсіз сай келетін өнімдерге қатысты ұсыныстар болсын, теріге тиісті күтім жасау үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпараттарды қамтиды.

Терінің көптеген түрлері бар; сіздікін қалай анықтауға болатындығын біліңіз.

Теріге күтім жасау туралы сөз болғанда, ең алдымен, сізге өз теріңіздің түрі қандай екендігін білу керек. Қабынуға бейім бе? Мүмкін сіздің теріңіз өте сезімтал, құрғақ немесе майлы шығар? Өз теріңіздің қасиеттерін біле отырып, сіз  теріге таңертең және кешке күтім жасаудың дұрыс сызбасын таңдай аласыз, және де майлы іздер қалдырмайтын, теріні аса құрғатпайтын немесе басқа да жағымсыз салдарға әкеп соқпайтын қолайлы құралдарды таңдай аласыз. Дәл сізге арналған дұрыс нұсқаулықты іздеп табу үшін, сіз өзіңізге қызықты тақырыптардағы біз дайындаған  ақпараттық мақалалардың жиынтығы бойынша іздеуді қолдана аласыз. Сіз парақтың жоғарғы жағында орналасқан ыңғайлы сүзгілерді қолдана отырып, біздің мақалалар жиынтығымызды ұйымдастыра аласыз, және терінің түріне, беттің түсіне және басқа сипаттамаларға қарай дәл сізге қолайлы кеңестерді таба аласыз.

Біз сізге сіздің бірегей теріңізге арналған дұрыс құралдарды табуға көмектесеміз.

Сіздің теріңіз сіз сияқты бірегей, және әрбір адамның терісі күтім сызбасына аздаған, ал кейбір жағдайларда  айтарлықтай елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді.  Қалпына келтіретін күтім мен ақшаны босқа жұмсаудың арасындағы айырмашылық - терінің сау түрін сақтап тұруға арналған құралдарды немесе заттарды таңдауда болып табылады. Міне сондықтан сізге бірдіңе сатып алудың алдында өзіңізге не керек екендігін білу маңызды. Біз сізді дұрыс жолға қоя аламыз және сізге теріңіздің қандай болып көрінуіне қарамастан, сіздің теріңіздің барлық қажеттіліктерін анықтауға көмектесеміз. NIVEA өзінің жоғары сапалы өнімдерін және жеке гигиена саласындағыы ауқымды тәжірибесін  мақтаныш етеді.