SKIN CARE TIPS

ТЕРІГЕ КҮТІМ ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР

Тері сау және әдемі болуы үшін, оның қандай түрге жататындығын білу қажет және күтімге арналған құралдарды дұрыс таңдау қажет. NIVEA компаниясының мамандары осы саладағы зерттеулермен 100 жылдан артық уақыт бойы айналысып келеді, және олар өз білімдерімен бөлісуге дайын. Осы тарауды сізге тақырыпты жақсы білуге және теріге одан да жақсы қамқорлық жасауды бастауға көмектесетін бірқатар қызықты мақалалар бар.
5 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Өз теріңіздің қажеттіліктерін зерттеңіз.

Өзіңіздің теріңізбен жақынырақ таныс болыңыз. Терінің әдемілігін сақтап қалу үшін, біздің кеңестерді ұстаныңыз және жеке қажеттіліктерді ескере отырып, күнделікті күтім іс-шарасын таңдап алыңыз. Міне сондықтан алдымен өз теріңіздің түрін анықтап алған өте маңызды. Кейде мұны жасау өте қиын, өйткені әркімнің терісі әртүрлі, және уақыт өткен сайын ол өзгеріп отырады. Сонда да, терінің негізгі бес түрін ерекшелеуге болады. Қалыпты тері серпімді, сау, қан айналымы жақсы. Құрғақ терінің серпімділігі аз, қышуға және тітіркенуге бейім болады. Аралас  тері көп жағдайда майлы жылтырға ие, оған Т-аймағындағы бөртулер тән, ал ұрт маңы өте құрғақ болып тұрады. Мәселелі тері гормоналдық фонның өзгерістеріне өте қатты әрекет жасайды, әдетте өте көп тері майын бөліп шығарады, бұл қара нүктелердің және безеулердің пайда болуына әкеп соғады. Бұдан басқа, терінің сезімтал түрі де болады: бұл жағдай терінің  барлық түрлерінде болуы мүмкін, бірақ көбінесе терісі құрғақ адамдарды мазалайды. Біздің тері күтіміндегі кеңесіміз: тек қана сіздің теріңіздің түріне арналған өнімдерді ғана қолданыңыз. Мәселелі және сезімтал тері ерекше назар аударуды қажет етеді. Жастықты сақтау үшін теріге күтім жасау. Біздің барлығымыз жас, серпімді тері туралы армандаймыз. Бірақ біздің теріміздің қартаюы – табиғи үрдіс. 30 жастан асқаннан кейін біздің теріміз өзгереді. Қартаю үрдісіне көптеген сыртқы факторлар әсер етеді, және олардың ішінде тері жасушаларының белсенділігінің төмендеуі де маңызды роль атқарады. УК-сәулелену терінің уақытынан бұрын қартаюына әкеп соғады. Әрі қарай, жасушалық жаңаруға арналған Q10 және креатині бар кремдерді қолдана отырып, өз теріңізге көмектесіңіз. Көз маңындағы аймаққа күтім жасауға арналған арнайы құралдарды қолданыңыз, өйткені көз маңындағы теріде алғашқы әжімдер көріне бастайды. 

Терінің әдемілігін қалай сақтауға болады.

Терінің жағдайына дұрыс таңдалған косметикалық құралдар ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ тұтастай алғанда өмір салты әсер етеді. Біздің қарапайым кеңестерімізді орындап,  өз теріңізге әдемі болып қалуға көмектесіңіз: бет терісіне арналған сіздің күтіміңіз күнделікті және ретті болуы тиіс: таңертең және кешке теріні мұқият тазарту ластануларды және майдың артықтарын кетіру үшін өте қажет. Тазарту іс-шарасынан кейін күннен қорғайтын факторы бар жеңіл ылғалдандырушы кремнің кезегі келеді. Әрбір кештке нәрлендіретін түнгі кремді жағыңыз: бұл тері регенерациясының табиғи үрдісіне ықпал етеді. Тері күтімі жөніндегі біздің кеңесіміз: көз маңындағы нәзік тері үшін арнайы кремді қолдану қажет.Күн тұтастай алғанда біздің денсаулығымыз үшін пайдалы, бірақ тері үшін оның әсері зақымдағыш болуы мүмкін. Күнге күйген кезде, теріге әрбір үш сағат сайын күннен қорғайтын кремді жағыңыз. Күнде ұзақ жүргеннен кейін теріні күнге күюден кейінгі арнайы құралмен салқындату ұсынылады. Тері күтімі жөніндегі біздің кеңесіміз: әрқашан бетке арналған қорғаныс факторы  SPF 15-тен төмен емес кремді қолданыңыз. Өзіңізді еркелетіңіз және аздап демалыңыз. Стресс және қатты қобалжулар терінің жағдайына теріс әсер етеді. Сондықтан тері күтімінде маңызды: өмірдегі үйлесімді табуға тырысу. Өзіңізге көбірек қамқорлық жасау және стрестік жағдайларды болдырмауға тырысу. Аптасына бар болғаны үш рет шамамен 30 минуттан дене жаттығуларымен айналысу күнделікті стресті азайтады. Теңгерілген тамақтану туралы естен шығармау. Тері күтімі жөніндегі біздің кеңесіміз: босаңсытушы ванна тек қана эмоциялық фонды және ширығуды  азайтып қана қоймай, сздің теріңіздің жағдайына жақсы әсер етеді.