WHAT IS YOUR SKIN TYPE?

СІЗДІҢ ТЕРІҢІЗДІҢ ТҮРІ ҚАНДАЙ?

Сіз өз теріңіздің түрін білесіз бе? Қандай күтім сіз үшін оңтайлы? NIVEA-ның қандай дезодоранты немесе кремі сіз үшін ең жақсы түрде қолайлы? Бұл жерден сіз терінің түрлері туралы сұрақтарға жауаптар табасыз, және де терінің әрбір түріне арналған күтім жөніндегі құнды ұсыныстарды табасыз.
252 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу
Барлығын көрсету

Өз теріңіздің түрін біліңіз!

 Қалыпты тері: Егер сіздің теріңізде жіңішке саңылаулар бар, бет түсі сау болса, онда сіздің теріңіз қалыпты тері. Егер мұндай теріде кей кезде безеу шығып қалса, ісінсе немесе тітіркену пайда болса, абыржымаңыз. Бірақ сау сыртқы түрін сақтап тұру үшін қалыпты терінің өзі күтім жөніндегі жеке бағдарламаны, және де жеткілікті ылғалдануды және қорғанысты  қажет етеді. Біздің кеңес: тері әдемі және сау болып қалу үшін үнемі күндізгі және түнгі күтім құралдарын қолданыңыз

Құрғақ немесе сезімтал тері ме?

Құрғақ тері: тері қолмен ұстағанда құрғақ және қабыршақтана ма? Құрғақ теріге ылғал  мен липидтер, яғни майлар жетіспейді. Сондықтан мұндай тері тартылған болып көрінеді, төмен серпімділікпен ерекшеленеді және қышудың пайда болуына бейім. Құрғақ тері күн сәулесі, жел, құрғақ және ыстық ауа сияқты сыртқы  факторлардың әсеріне тітіркенумен жауап береді. Теріні ылғалданған етіп сақтауға және оның қорғаныстық бөгеуілін арттыруға  арнайы кремдер көмектеседі. Біздің кеңес: теріні УК-сәулелерінің әсерінен қорғау үшін SPF-факторлары бар күндізгі кремдерді қолданыңыз. Сезімтал тері: сезімтал тері – бұл терінің түрі емес, оның жағдайы болар, өйткені құрғақ та, аралас тері де сезімтал бола алады. Әдетте, сезімтал тері ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне күштірек жауап береді, мысалы, стресс, дұрыс тамақтанбау, ультракүлгін сәулелену, құрғақ және ыстық ауа. Терінің теңгерімі бұзылған кезде, ол құрғақ, тартылған болады, қызару мен қышу пайда болады. Сезімтал теріні жайландыру және нығайту үшін оған ерекше күтімді қамтамасыз ету керек. Біздің кеңес: сезімтал теріге арнап арнайы әзірлеген күтім жасау құралдарын қолданыңыз. 

Аралас немесе мәселелі тері ме?

Аралас  тері: тері аралас деп аталады, өйткені терінің екі түрін бір уақытта үйлестіреді – құрғақ және майлы. Аралас тері жарқырап көрінеді және безеулердің пайда болуына бейім, әсіресе Т-аймағында: маңдайда, мұрында және иекте. Ал ұрттың терісі керісінше – қалыпты немесе құрғақтықққа бейім. Оның табиғи теңгерімін қалпына келтіру үшін аралас теріге арнап арнайы әзірленген күтім құралдарын әрқашан таңдаңыз. Мәселелі тері: мәселелі тері тері майын қарқынды бөліп шығаруға бейім. Нәтижесі қандай? Қара нүктелер мен безеулер. Мәселелі терінің пайда болуы себебі генетикалық бейімділік, стрес және гормоналдық өзгерістер болуы мүмкін. Терінің табиғи теңгерімін қалпына келтіру және кемшіліктердің пайда болуына жол бермеуге бактерияға қарсы компоненттері бар арнайы тазарту және күтім құралдары көмектеседі. Біздің кеңес:  таңертең және кешке жуыну үшін биязы тазартушы скрабты қолданыңыз.

Кемелденген тері ме?

Өз теріңіздің жастығын сақтаңыз! Жас ұлғайған сайын біздің теріміз, оның құрылымы мен сыртқы түрі әртүрлі факторлардың әсерінен өзгереді. Жасушалардың белсенділігі азаяды, регенерация үрдісі баяулайды,коллагеннің түзілу деңгейі төмендейді, ультракүлгін сәулесінің әсерінен зақымдалулар пайда болады. Көп жағдайда терінің түрі өзгереді – кемелденген тері әдетте құрғақтыққа бейім. Қартаю үрдісін баяулататын тері күтіміне арналған дұрыс таңдалған құралдар,  жас ұлғаюының және мимикалық әжімдердің, және де терідегі қара дақтардың пайда болуын болдырмауға және азайтуға көмектеседі. Біздің кеңес: мимикалық әжімдер ең алдымен көрінетін көз маңындағы теріге күтім жөніндегі арнайы құралдарды қолданыңыз.