Shower gel

ДУШҚА АРНАЛҒАН ГЕЛЬ — ТАЗА РАХАТ

Жеміс, сергектік әлде сезімдік хош иіс пе? Қарқынды нәрлендіру, тиімді тазарту әлде сергектіктің нанғысыз қуаты ма? Өте сезімтал немесе өте құрғақ теріге арналған ба? NIVEA душқа арналған құралдардың алуан түрлі жинағын – нәзік кремдерден бастап нәрлі майлар мен сергітетін спорттық гельдерге дейін ұсынады. Ал сен қандай душқа арналған құралды қалайсың?
20 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Сергектік заряды және тереңінен тазарту

Біреулер терісіне қарқынды күтім жасауды қалайды, соның ішінде душ астында, ал басқаларға таңғы уақытта толығымен ояну үшін сергектік қажет. Үшіншілері болса белсенді жаттығудан кейін сергіп алғысы келеді, ал төртіншілері – душ қабылдап жатқанда қымбат уақытын үнемдеп, арасынша денесін де ылғалдандырып алғысы келеді. NIVEA ғалымдары барлық осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын душқа арналған гельдердің бір қатарын әзірледі.

Сиқырлы хош иістен қарқынды тазартуға дейін

Душ астында салқын теңізге секіруді немесе Жерорта теңізінің бақтарына барып серуендеуді армандайтындарға өз таңдауын душқа арналған сергіткіш гельге тоқтату қажет. NIVEA ұсынған теңіз самалының, экзотикалық жемістер мен гүлдердің немесе цитрустардың хош иісі бар сергітетін гельдер – күннің керемет бастамасына арналған мінсіз құралдар. Егер сен душ астында көп уақыт тұрғанды ұнатсаң және стресстен жылы су арқылы босағанды артық көрсең, NIVEA ұсынған душқа арналған нәзік кремді пайдаланып, өзіңе және өз денеңе жағымды нәрсе жаса. Оның өте жұмсақ көбігі пайдалы құрауыштармен және нәзік хош иісімен ұмытылмас сезімдер сыйлайды. NIVEA жаңа хош иістер үшін үнемі шабыт іздейді, соның арқасында сен оларды көңіл-күйіңе қарай кезектеп пайдаланып көре аласың. Біз клиенттерімізді ғажайып парфюмерлік композициялары бар душқа арналған жаңа гельдермен үнемі қуантуға тырысамыз. Құрамында бағалы майлары бар душқа арналған гельдер теріге ерекше қарқынды күтім сезімін сыйлайды. Мұндай гельдер белсенді нәрлендіру және ылғалдандыруды талап ететін терісі құрғақ адамдар үшін таптырмас құралдар. Сезімтал тері үшін түймедақтың табиғи сығындысы бар гель, ал өте құрғақ тері үшін – душқа арналған майлардың нәрлі элементтеріне бай гельдер жарайды. Душқа арналған скраб ғажайып тазартқыш әсер береді және теріні өзінің ұсақ түлеткіш бөлшектерінің арқасында жұмсақ етеді. 

Ерлер үшін душқа арналған гель – сәйкес хош иісімен

Ерлер де душ астында өз терілеріне оңтайлы күтім жасағысы келеді. NIVEA MEN душқа арналған гельдер керемет,  нағыз ерлерге арналған хош иістерге ие, ал олардың құрамына кіретін құраушылар теріге жақсы түр береді. Күннің ерекше балғын бастамасы үшін душқа арналған сергітетін гельді пайдалан, мысалы ментолы және су жалбызының хош иісі бар. Душқа арналған арнайы спорт гельдері – бұл ауыр жаттығудан кейін үлкен рахат. Олар тері мен шашты мұқият тазартады, сонымен қатар денеге қуаттың жаңа зарядын сыйлайды және сергектікті тұрақты сезінуді қамтамасыз етеді.  

Нәзік күтім — әп-сәтте

Дене терісі тек тазартуды ғана қажет етпейді. Тері жұмсақ және жайнап тұруы үшін душтан кейін оған үнемі крем жағу қажет. Алайда көп адамдар таңертең уақыт таппайтындықтан, сонымен қатар кейбір кремдер теріге толық сіңбей, онда майлы немесе жабысқақ қабат қалдыратындықтан оған мән бермейді. NIVEA ұсынған In-shower сериясының бірегей өнімдері душты қабылдау және денеге күтім жасаудың стандартты тәжірибесінде төңкеріс жасады. Бұл өнімдерді тазартылған су теріге жағып, кейін душ астында шайып тастау қажет. Нәтиже: ешқандай майлы қабат жоқ – тек қана күтім жасалған, сұлу, барқыттай жұмсақ тері.