face cream

БЕТКЕ АРНАЛҒАН КРЕМ

Күн сайын сенің терің көптеген сыртқы факторлардың әсеріне тап болады: суық, құрғақ ауа, күн сәулелері. Бұл әсерлер үнемі жағымды болмайды – олардың кейбірі теріні тітіркендіреді және оның алдын ала қартаюына алып келеді. Сондықтан күн сайын өз теріңді бетке арналған сапалы кремнің көмегімен қорғау және нәрлендіру маңызды. Саған қандай крем лайықты?
16 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Сенің терің де сен сияқты бірегей

Сенің теріңнің қажеттіліктеріне мінсіз сәйкес келетін кремді табу үшін теріңнің түрін білу қажет. Бұл бет терісінің күтімі үшін құралды дұрыс таңдаудың жалғыз тәсілі, олар сенің теріңе жағымды әсер етеді. Саған терінің тырысқақтығы мен құрғақтығын сезіну жақсы таныс па? Сенің теріңде кемшіліктер пайда бола ма? Ол қарқынды жарыққа, жоғарғы немесе  төменгі температураға сезімтал ма? Терің қандай болмасын – аралас, құрғақ, проблемалы, қалыпты немесе сезімтал – NIVEA ұсынған бет терісінің күтіміне арналған құралдар жинағынан сен теріңнің қажеттіліктерін қанағаттандыратын кремді таба аласың.   Біз құрғақ теріге арналған ылғалдандырғыш құралдарды, сезімтал тері үшін ерекше жұмсақ формуласы бар кремдерді, сонымен қатар безеу мен проблемалы тері үшін майлы жылтырдан арылтатын тиімді құралдарды ұсынамыз. 

Ерекше талаптары бар теріге ерекше күтім жасау 

Жасымыз ұлғайған сайын біздің теріміз өзгереді. Жасушалардың регенерациясы баяу жүреді, коллагеннің шығуы азаяды, тері ылғалдылық пен созылғыштықты жоғалтады. Сондықтан NIVEA зерттеу орталығының ғалымдары ересек терінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған бетке арналған арнайы кремдер дайындады. Олардың бірегей формулалары бар әжімдерді айтарлықтай азайтады және жаңаларының пайда болуына жол бермейді, осылайша теріге балғындық пен жастықты қайтарады. Күннің ультракүлгін сәулесі терінің ерте қартаюын болдыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Біздің теріміз күн сайын ультракүлгін сәулелердің ұзақ әсеріне тап болады, өйткені олар белгілі мөлшерде тіпті терезе әйнектері арқылы да өте алады. Дәл осы үшін NIVEA ұсынған теріге күндізгі күтім жасаудың көптеген өнімдерінде күннен қорғау факторы 15 немесе 30, сонымен қатар УК-А сәулелерінен қорғау үшін арнайы сүзгі бар. Теріге қажетті күтім жасау ғана емес, оған бідей реңк беру маңызды болып табылатындарға бетке арналған реңкті крем керемет шешім бола алады. NIVEA құралдар жинағында терінің барлық түріне арналған ылғалдандыратын тонды кремдер бар. ВВ-кремдер терінің тегіс емес жерлерін тегістеп, ұсақ олқылықтарды жасырып, сонымен қатар оны ылғалдандырып және қорғап, теріні керемет реңкпен қамтамасыз етеді.   

NIVEA ұсынған теріге күтім жасаудың кешенді бағдарламасы

Терінің сұлулығын және жастығын ұзақ уақытқа сақтау үшін оған күнделікті күтім жасауды қамтамасыз ету маңызды. Бетке арналған күндізгі кремнен басқа күнделікті күтім түнгі кремнен және де көз айналасындағы теріге арналған арнайы құралдан тұруы тиіс. Үнемі бір өнімдер қатарындағы косметикалық құралдарды таңда – сол кезде олардың құрауыштары сенің теріңе лайықты және оған тиімді әсер беретініне сенімді боласың. Бетке күнделікті күтім жасаудың ажыратылмас сатыларының біріне тазарту жатады. Сулы сулықтар, гельдер, скрабтар және басқа тазартқыш құралдарды теріңнің түріне сәйкес таңдаған жөн.