• Lip Butter
  • ЕРІН БАЛЬЗАМЫ
Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау

Кез келген жағдайда құтқаратын ерін бальзамы

Күнделікті өмірде ерін көптегін күйзелісті факторлардың әсеріне ұшырайды. Күн, суық және құрғақ ауа нәзік ерін терісін ылғалдан оп-оңай айырады. Ақырын айтсақ, беттің басқа бөлігінен ерекшелігі, ерін терісінде майбез де, қорғаныш май қабаты да жоқ. Нәтижесінде ерін оп-оңай желге қағылып, кеуіп, жарылып кетеді және табиғи сұлулығын жоғалтады. Ерін күтіміне арналған әртүрлі құралдар осыған қарсы әсер ете алуы мүмкін. Олар ерін терісін ылғалдандырып, оны желден қорғайды. Оған қоса, ерін күтіміне арналған дұрыс таңдалған құралдар құрғақ, қатты зақымдалған ерінді қалпына келтіруге септігін тигізеді және ауыз бұрышы жарылғанын жазуға көмектеседі. Ерін қайтадан жұмсарып, күтілген болып көрінеді және сауығады.

Кез келген қажеттілік үшін ерінге арналған дұрыс бальзам

Тері күтіміне арналған құралдар сияқты NIVEA ұсынған ерін күтіміне арналған құралдар да әртүрлі қажеттіліктер үшін арнайы әзірленген. Еріннің болмашы пигменттелуі оның зиянды УК-сәулелерден аз қорғалғанын білдіреді. Сондықтан, күнге шыққан кезде ерін күтіміне арналған ультракүлгін сәулелерден қорғайтын өнімдерді пайдаланған дұрыс. Екіншіден, суық қыс мезгілінде ерінге арналған аса қарқынды құралдарды пайдаланған маңызды. Ерін күтіміне арналған құралдар қолданылуы мен консистенциясы бойынша өзгеше болады. Түтіктегі дәстүрлі қатты бальзам ерін далабы сияқты қағидатпен жасалған. Мықты қорғаныш қалпақшасы бальзамды ластанудан қорғайды. Оны қолдану үшін түтікті бұрып, бальзамды ерінге жақса болды. Керісінше, ерінге арналған май кішкентай құтылармен шығарылады және саусақтың көмегімен жағылады. NIVEA ерін күтіміне арналған барлық құралдары шағын әрі ыңғайлы, сондықтан оларды жол жүргенде де пайдалана аласыз.

Күтім көрген жұмсақ ерін үшін тиімді құрам


Ерніңізді қарқынды күтіммен қамтамасыз ету үшін NIVEA сапалы ингредиенттердің мол ассортиментін пайдаланады. NIVEA ерін күтімін ойлап тапты, сондықтан компания жаңа өнімдерді дайындауға көп жылдық тәжірибесімен ғана емес, ең соңғы зерттеулердің деректерімен де үлес қосады. Бұл ерінге күтім жасап, оны терінің өз функцияларымен бірге үйлесімді өзара әрекеттесу арқылы қорғайтын өнімдердің пайда болуына алып келді. Ерінді жалау, шын мәнінде ерінге зиян келтіреді. Бұл ерінді одан бетер құрғатып, теріні тітіркендіреді. Керісінше, ерінге тұрақты күтім жасау осындай жағдайлардан ұзақ уақыт қорғайды. Қауесеттерге қарамастан, ерінге арналған бальзам ешқандай да тәуелділік тудырмайды.

Күтім, хош иіс және түс — бәрі біреуінде!


NIVEA ұсынған ерін күтімінде тиімді нәрлендіргіш және қорғағыш компоненттер нәзік косметикалық қасиеттермен үйлеседі. Ерінге ұқыпты күтім көрсетіледі, ал онымен бірге ерін сәл реңк берілген тегіс табиғи түріне енеді. Інжудей жарқыл немесе жарқыраған пигменттер ерніңізді ерекше жылтыратады, ал жағымды хош иісі жақсы сезімге бөлейді. Сондай-ақ ерін күтіміне арналған қандай да бір косметикалық қасиеттері жоқ әртүрлі өнімдер ұсынылған. Ерлерге арналған ерін күтімі құралдарының да иісі мен жылтырағы жоқ – тиімділігі жоғары күтімдік құрамы өзімен өзі ерінге әдемі күтім береді.