Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау

Атқаратын қызметі көп ыңғайлы құралдар

Егер таңертең уақыт үнемдеп, жуынатын бөлмеңіздегі сөреде орын алатын өнімдер санын азайтқыңыз келсе, NIVEA-ның душқа арналған көптеген құралдарын пайдалансаңыз болады. Бірқатар басқа артықшылықтарын, мысалы теріні қорғау мен ылғалдандыруды және тазалық сезімін қоспағанда, олар атқаратын қызметінің көптігі тұрғысынан жақсы: теріні терең тазарту, сондай-ақ жуыну мен бас жуу үшін бір құралды пайдалана аласыз.

Таңертеңгі рәсімдер

Таңертең төсектен тұрғанда алдымен душ қабылдайтын шығарсыз, ал бұл таңертең жасайтын шараларыңыздың бастамасы ғана. Бірақ таңертең жасалатын рәсімдер қиын әрі ұзақ болмауы тиіс. Керемет болып көріну үшін қажеттінің бәрін жасаңыз. Таңертең қабылдаған душтың буы беттегі қатты түкті жұмсартады, сондықтан душтан кейін бірден көбік жағып, қырынуға болады. Содан кейін теріні құрғақтықтан сақтап, қырынудан кейін тітіркенуге жол бермейтін қырынудан кейінгі лосьонды немесе бальзамды жағады. Және ең соңғысы, душтан кейін денеңіз әлі салқын әрі таза болып тұрғанда дезодорант шашады, осындайда оның әсері жақсы болады. Әрине, таңертең жасалатын басқа да рәсімдерді қоссаңыз болады, бірақ бұл — негізгі қадамдар, олар күні бойы сергектік пен тазалық сезімін сақтауға көмектеседі.