NEW PRODUCTS

ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ПРОМО-НАУҚАНДАР ЖӘНЕ ЖАҢА ӨНІМ

Осы тарауда сіз NIVEA.kz сайтында және дүкендерде қазіргі кезде ұсынылып жатқан барлық соңғы сайыстар мен промо-науқандарды таба аласыз. Сізге бздің жаңа өнімдер қалай жасалатындығын, олардың қалай қолданылатындығын және әзірленетіндігін білу қызық па? Бұл жерден сіз біз жүргізетін зерттеулер туралы түсінік ала аласыз, біздің сарапшыларымызбен сұхбаттарды оқи аласыз және біздің өнімдер туралы жиі қойылатын сұрақтарды, және де оларға жауаптарды таба аласыз.
4 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

NIVEA-ның жаңа өнімдерін байқап көріңіз.

NIVEA сіздің осыншалықты әртүрлі және өте бірегей қажеттіліктеріңіз бен ұнатуларыңызға сай болу үшін, әрқашанда өз өнімдерінің сұрыпталымын жаңартуға және толықтыруға ұмтылады. Егер сіз NIVEA-ның  барлық соңғы өнімдері туралы хабардар болғыңыз келсе, сіз керек жерге келдіңіз. Дене күтімі жөніндегі жоғары сапалы құралдардың жиынтығын қарап шығыңыз, және сіз өзіңізің іздегеніңізді табасыз, немесе мүлде жаңа нәрсеге шабыттанасыз. Кім білер, мүмкін сіз өзіңіздің жаңа сүйікті өніміңізді тауып аларсыз. Сіздің қажеттіліктеріңізге қарамастан, біздің сұрыпталым жаңарып отырады және сіздің ешқайдан таба алмайтын жаңа және эксклюзивтік өнімдердің көпшілігімен үнемі толықтырылып отырады. Біз дене күтімінің аясынан шығатын құралдардың кең таңдауын ұсынамыз және сіздің өміріңіздің сапасын жақсарту, белсенділікті және тамаша өзін өзі сезіну үшін сізге қажеттіні ұсынамыз.

Біздің жаңа өнімдерімізден шабыт алыңыз. 

Жаңа келбет үшін жаңа шаш үлгісін іздеп жүрсіз бе, терінің қартаю үрдісімен қатар жүруге тырысасыз ба, немесе жай ғана өзіңіздің күнделікті гигиеналық қажеттіліктеріңізді қанағаттандырғыңыз келе ме, біздің NIVEA-ның мүлде жаңа өнімдерінің сұрыпталымында сіз үшін де қандай-да бір нәрсе табылады. NIVEA өзінің жоғары сапалы  өнімдерін және ингредиенттерін, және де оларды барынша тиімді қолдану үшін қажетті пайдалы кеңестер мен ақпараттарды мақтанышпен ұсынады. Біздің үнемі жаңарып тұратын жиынтықты қолданыңыз, және сіз ешқашан жаңа өнімді жіберіп алмайсыз. Зақымдалған шаштарды немесе теріні қалпына келтірігіңіз келе ме, немесе жай ғана жарқыраған теріні және өзіңге сенімділігіңізді сақтау үшін соңғы өнімдерді іздеп жүрсіз бе, бізде сіз үшін әрқашан да қызықты нәрселер табылады. 

NIVEA-ның жаңа өнімдерінен құр қалмаңыз.

Сіз, әрине, NIVEA-ның ең соңғы және ең үздік өнімдерін жіберіп алғыңыз клмейді, дәл сол себепті сіз осы жердесіз. Парақтағы іздеуді іске қосыңыз және өзіңізге қажеттіні тез және оңай тауып алыңыз. Парақтағы ақпараттарды өнімнің түрі, ингредиенті немесе мысалы қорғаныс факторы сияқты басқа сипаттамалары бойынша тез сұрыптау үшін, парақтың жоғарғы жағында ыңғайлы орналасқан біздің сүзгілерімізді қолданыңыз. Біздің мақсатымыз – сізге дене күтіміне арналған ең үздік құралдарды сатып алу мүмкіндігін ұсыну, яғни біз сіздің тәжірибе жасап көруіңіз үшін, шабыт алуыңыз үшін немесе тіпті өзіңіздің бұрынғы косметикалық құралдарыңызды ауыстыруыңыз үшін үнемі жаңа өнімдерді ұсынып отырамыз. Кіріңіз және қараңыз!