денеге арналған лосьон / денеге арналған сүт

ЛОСЬОН БА ӘЛДЕ СҮТШЕ ПЕ?

Күн сайын душ немесе ванна қабылдау, суық, ыстық, сондай-ақ жылытылатын бөлмелердегі құрғақ ауа терінің ылғалын жояды, нәтижесінде ол құрғап кетеді. Осы мәселені шешудің ең дұрыс әдісі – үнемі денеге арналған ылғалдандырғыш лосьон немесе сүтшені пайдалану. Сен бізде жеңіл немесе жинақтайтын лосьон болсын, нәрлендіргіш сүтше немесе крем болсын — теріңе бәрінен де бұрын қажет болатын күтімдік құралды таба аласың.
9 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Құрғақ теріге арналған күтім

Көп адамдар қыстың күні тері құрғақтығынан зардап шегеді, басқалар бұған табиғатынан бейім, үшіншілер жай ғана теріге үнемі күтім мен назар бөлгісі келеді. Тері құрғақтығын жою және алдын алу үшін күн сайын денеге арналған нәрлендіргіш лосьон немесе сүтше пайдаланған жөн, ал душ немесе ванна қабылдағаннан кейін болса, тіпті жақсы. Бұған біршама уақыт қажет, бірақ ол соған тұрарлық, терің де риза болып қалады. NIVEA In-shower Body Milk және NIVEA In-shower Body Lotion душ астында тұрғанда теріге жылдам күтім жасайды. NIVEA In-showerқұралдарының бірегей формуласы сумен әрекеттескен кезде белсенді болады және теріге душтан кейін лосьон жағу қажеттілігінен арылтады. Шынтақ, тізе және сирақ ылғалдың жетіспеуінен зардап шегетін аймақтарға жатады. Оның себебі осы аймақтардағы терінің май бездері аздығында және тері астындағы майлы қабаттың жіңішке болуында. Сондықтан оған, әсіресе қыста, май бездері белсенді әрекет етпейтін кезде, қарқынды күтім қажет.  

Денеге арналған лосьон ба әлде сүтше ме – айырмашылығы неде?   

Денеге арналған лосьон мен сүтшенің арасындағы айырмашылық, әдетте олардың құрамындағы су мен майдың қатынасында: сүтшеде майдың құрамы жоғарғы пайызға ие болса, лосьонның құрамында су басым болады, соның арқасында ол ең алдымен дене терісін ылғалмен қамтамасыз етеді. Денеге арналған сүт өте нәрлі, сондықтан ол құрғақ теріге лайықты. Денеге арналған лосьон салқындатқыш әсер береді. Бұл оның құрамындағы судың көбірек болуына байланысты: лосьонды жаққан соң ол булана бастайды, және теріде жағымды сергектік сезімін қалдырады. Сондықтан жазда денеге арналған лосьонды пайдалану ерекше жағымды. 

Тері күтіміне арналған құралдарды жағу: жағымды жора

Нәзік жанасу және сергітетін хош иістер – лосьонды күнделікті пайдалану денені және рухты жандандырады, сонымен қатар теріні сұлу және күтілген етіп көрсетеді. Сондықтан уақыт болған кезде осы қысқа жораға бірнеше минут бөліп, өз теріңді нәзік массажбен еркелету қажет.