FACIAL CLEANSING

БЕТ ТЕРІСІН ТАЗАРТУ

Тері сұлу болу үшін оны тек қана жеткілікті нәрлендіру ғана емес, сонымен қатар таңертең және кешке қарай мұқият тазарту қажет. Бетті немен тазарту қажет – гельмен, лосьонмен, сүтпен немесе жуынуға арналған көбікпен бе, — сенің қалауыңа және сенің теріңнің түріне байланысты. Жуынуға арналған құралдарға қосымша ретінде бетті тазартатын тониктерді және көздегі макияжды кетіруге арналған құралдарды қолдануға кеңес беріледі.
22 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу
Қалыпты және құрама теріге арналған тазартқыш құралдар 

Біз бетті NIVEA ұсынған жуынуға арналған гельмен күніне екі рет жууға кеңес береміз. Ол теріні мұқият тазартады және ылғалдандырудың табиғи теңгерімін сақтауға көмектеседі. Қалыпты және құрама терідегі макияжды кетіру және тазарту үшін жуынуға арналған көбік те жарайды. Оның өзгеше қасиеті – бұл жағымды жұмсақ текстура. Сонымен қатар бұл нәзік көбіктің балғын хош иісі бар, теріге жеңілдікпен жағылып, оған күтім әсерін береді. Терісі аралас адамдарға күнделікті бетті тазарту үшін гель-скраб қолдануға кеңес беріледі. Бетке арналған скрабтар тері майының қалдығын кетіреді және терінің табиғи балансын бұзбайды. Түлеткіш бөлшектер тері саңылауларын тереңнен тазартады және жаңа безеулердің алдын алып, терінің кемшіліктерімен күреседі.  

Құрғақ және сезімтал теріні тазарту

Құрғақ және сезімтал тері өте ұқыпты тазартуды талап етеді. Бұл теріні жақсы ылғалдандыратын және тітіркендіруді болдырмайтын жуынуға арналған жұмсақ құралдарды пайдалануды меңзейді. NIVEA арнайы сезімтал теріге арналған өнімдердің бір қатарын ұсынады. Осылайша, тазартқыш сұйықтық макияжды, соның ішінде кірпікке арналған сүрмені ерітеді және теріні ылғалдандырады. Осы түрдің жаңа құралдары бірегей мицеллярлық технологияға негізделген. Мицеллярлық су косметикалық құралдардың бөлшектерін және шаңды байланыстырады және оларды теріден үйкелеусіз кетіруге мүмкіндік береді. Бет терісін аталған әдіспен жұмсақ тазарту оның қызаруын азайтады, тырысудан арылтады және құрғақ жақтарын ылғалдандырады. Тазартқыш сүтше – құрғақ және сезімтал теріге арналған тағы бір өнім. Оның жұмсақ формуласы терінің табиғи балансын қолдайды және оны тиімді тазартады. Егер уақытың болмаса не істеу қажет? Онда қолайлы сулы майлықтар – бұл саған керекті зат. 

Проблемалы тері: жуынуға арналған лайықты құралдардың көмегімен күтім жасау және тазарту 

Проблемалы теріні тазарту үшін ұсақ қабыршақтандыратын түйірлері бар скрабты қолдануға кеңес беріледі. Ол өлі жасушаларды тиімді кетіреді, сонымен қатар қалпына келтіру процесстерін және қан айналымын ынталандырады. Соның арқасында тері жуынғаннан кейін бірден ақшыл және тегіс реңкті болады. Егер сен теріңнің кемшіліктерін жасыру үшін макияж қолдансаң, онда оны міндетті тазарту қажет. Теріні тазартқаннан кейін оны сергіту керек. Бетке арналған тоник тері теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі, соңғы лас қалдықтарды және макияжды кетіреді және теріні күтімге арналған басқа құралдарды жағуға оңтайлы дайындайды. Мақта дискісін жай ғана тониктің бірнеше тамшысымен сула да, теріңді жұмсақ тазартып шық.