CONDITIONER

КОНДИЦИОНЕР — ШАШҚА АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-КҮТІМ

Сенің шашың құрғақ әрі өңсіз бе? Бұған келісу міндетті емес. Кондиционер санаулы минутта көмекке келеді және жағдайды түзейді. Оны жуылған сулы шашқа уқалап жақ, ол әсер ететіндей біраз уақытқа қалдыр, содан кейін жылы сумен шайып таста. Сосын сенің шашың жылтыр, тегіс әрі жұмсақ болады.
25 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Кондиционер: қосымша күтім

Шаш дене мен бет сияқты үнемі күтуді қажет етеді. Шаштың түсуін болдырмау үшін немесе оның салдарын жою үшін айына бірнеше рет шашқа арналған масканы қолданған жөн. Мұндай күтім бірінші кезекте боялған, зақымдалған және өңсіз шашқа қажет. Егер сенің маскаларды қолдануға уақытың болмаса, олардың орнына кондиционерді қолдан. Ол маскалардың керемет баламасы және қолдану жңілдігімен және жылдамдығымен ерекшеленеді, сонымен қатар шашқа сапалы күтім жасайды және оларды тарауды жеңілдетеді.

Кондиционерлер түрлі қажеттіліктерді қанағаттандырады

Кондиционерді таңдай отырып, тері түріне сәйкес тері күтіміне арналған құралдарды таңдаған кезде ол сенің шашыңның түріне дәл сәйкес келуін қадағала. Мысалы, боялған шаш үшін ағартылған шаштарға арналған құралдарды қолданбау қажет, ал жұқа және әлсіз шаштарға қатты бұйра шаштарға арналған маска және кондиционер келмейді. Бірақ кондиционер қандай да болмасын шаш түріне арналса да, олардың мақсаты бір: ол шаштарды нәрлік заттармен жабдықтап, оларға күтім жасайды. Нәтижесінде, шаштың беткі жағы тегіс болады және олар жібек тәрізді жылтырайды. Сонымен қатар, кондиционерді немесе шашқа арналған масканы қолданудан кейін шаштар жақсы таралатын болады. Бұл шашы ұзын немесе қатты бұйра шаштардың иелерін ерекше қуантатын үлкен артықшылық. NIVEA тауар жинағынан кондиционерді таңдаған кезде ол шаштың қандай түріне арналғандығына мән бер. Дұрыс таңдалған кондиционер шаш жууды және сәндеуді үлкен рахатқа айналдырады!  

Кондиционерді қалай дұрыс пайдалану қажет

Кондиционерді күнде пайдалануға болады. Оны басты сусабынмен жуған сайын қолдануға кеңес беріледі. Бұл бір минуттай уақыт алады, өйткені кондиционер өте жылдам әсер етеді. Өз шашыңның ұзындығына жететіндей кондиционердің шамалы мөлшерін ал, оларды алақаныңа таратып алып, массаж жасай отырып, су шашыңа жақ. Егер сенің шашың ұзын болса, оның ұшына көңіл бөл — дәл осы жерде шаш ұшталады. Оны болдырмау үшін үнемі маска немесе кондиционер пайдалану қажет. Содан кейін шашты көбірек жылы суға шай. Бірінші рет қолданудан кейін әдеттен тыс жеңілдік сезінесің. Кондиционер сенің шашыңды жылтыр, қолға ұстағанға жағымды және жұмсақ етеді.