SHAMPOO

СУСАБЫН — СҰЛУ ШАШҚА АРНАЛҒАН КҮТІМ

Күтім жасайтын сусабын — бұл шаш күтімінің негізі. Ол шашты қажетті ылғалмен қамтамасыз етіп, жұмсақ тазартады және оларды жылтыратады. Сусабын үнемі адам шашының жеке түріне сәйкес болуы тиіс болғандықтан, NIVEA шаштың барлық түріне арналған сусабындардың кең өнімдер қатарын әзірледі. Біз сол сияқты шаш күтімі бойынша бірнеше пайдалы кеңестерді біріктіріп жинадық.
32 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Шашқа күтім жасау оның түріне байланысты  

Сенің шашыңның түріне мінсіз лайықты NIVEA ұсынған дұрыс таңдалған сусабын және күтімге арналған басқа да құралдар сұлу шаш жайлы арманыңды шындыққа айналдырады. Шашың қандай болғанына қарамастан – қысқа боб болып қиылған ба, ұзын және тік немесе толқынды және қалың болса да – шашыңның түрін ескеріп, таңдалған құралдардың көмегімен күте отырып, сен шашыңа үнемі риза боласың!

Сусабыннан не қажет және оның мақсаты қандай? 

Сусабын – бұл шаш күтімінің негізі. Ол үнемі шаштың түріне сәйкес болуы тиіс. Сусабын шашты кірден, жағымсыз иістен және шаш қою үшін қолданылатын мусс, спрей немесе гель сияқты құралдардың қалдығынан тазартады. Әр жуған сайын шаш бастапқы күйіне келеді және күтім жасау құралдарын жағуға дайын болады. Сусабындардың құрамына шашты тиімді тазартатын беттік белсенді заттар кіреді. Олар шаш құрылымын зақымдамайтын жұмсақ жууды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар NIVEA сусабындары нәрлендіргіш және ылғалдандырғыш заттарға бай. Олар шашқа жуу кезінде сіңеді және олардың сау құрылымын сақтайды. Сусабындар тағы не үшін жақсы? Дұрыс таңдалған сусабын бас терісіне күтім жасайды. Ол май бездерінің жұмысын реттейді, соның арқасында шаш тез майланбайды. Сондай-ақ, шаш күтіміне арналған біздің құралдар бас терісіне өте жұмсақ әсер етеді, оны тітіркендірмейді және кептірмейді, және сондықтан өте сезімтал теріге де жарамды.  

Сенің шашыңның түріне лайықты сусабын

NIVEA тауар жинағында шаштың әр түріне сусабын табылады. Қалыпты шашқа арналған сусабындар оларды жылтыратады, құрғақ және зақымдалған шаш үшін – нәрлі күтіммен қамтамасыз етеді, ал арнайы ылғалдандырғыш сусабындар әсіресе басты күнделікті жуу үшін лайықты. Сенің шашың боялған ба? Онда саған шаш түсін сақтайтын сусабын қажет. Мұндай сусабындар шаш бетіндегі қабыршақтарды тегістейді, соның арқасында бояу пигменттері қандай түсте болмасын оларда ұзақ сақталады.

Тазарту және күтім жасау: сусабын және кондиционер 1-де 2

Жылтырлық, көлем және қосымша тазалық – сенің уақытың аз болса да, бұл артықшылықтардан бас тартудың қажеті жоқ. 1-де 2 сусабыны – бір құтыдағы сусабын және кондиционер. Конционерлік құрауыштар әсіресе ұзын шаш үшін өте маңызды болатын қосымша күтіммен қамтамасыз етеді. Соның арқасында шаш оңай таралады, әдемі жылтыр және қолмен ұстағанда ерекше жағымды. Өз шашыңның қажеттіліктерін ескеріп, NIVEA лайықты сусабынын таңда, ал олар саған жайнаған сұлулық пен жібектей жұмсақтық сыйлап, алғысын білдіреді.