Face Care

ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БЕТ КҮТІМІ

Ерлерге арналған бет терісінің күтімі бойынша біздің сапалы өнімдер ерлер терісінің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған. Сондықтан біз терінің кез келген түрі мен жасына лайықты мінсіз құралдарды ұсынамыз. Ал саған күтімнің қандай түрі қажет?
2 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Ерлерге арналған бет күтімі — арнайы ерлер терісі үшін                                                                           

Ерлердің терісі күтімге арналған құралдың текстурасы мен әсер ету қағидасына өзінің жеке талаптарын қояды. Оның қасиеттері әйелдер терісінің қасиеттерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бет терісінің күтімі бойынша ерлерге арналған құралдар ерлер терісінің қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандыру үшін арнайы әзірленген. Сондықтан сенің өмірлік жолдасың қолданатын бетке арналған крем саған лайық емес. Ол тіпті сенің теріңе зиян келтіруі мүмкін, өйткені әйелдерге арналған кремдердің текстурасы әдетте майлы болады.  

Ерлерге арналған бет күтімі: құралдардың әрекет ету қағидаларының жеке талаптары.

Ерлердің терісі әйелдердің терісінен 15–20 пайызға қалың және оның майлы бездері әлдеқайда көбірек, сондықтан ол безеулер мен бөртпелердің пайда болуына бейім. Бет күтімі бойынша ерлерге арналған құралдар осы ерекшелікті ескереді. Олар теріні ылғалмен қамтамасыз етеді және де тері саңылауларын бітемейтін жеңіл текстураға ие. 

Тері түрі мен жасты ескеретін ерлерге арналған бет күтімі. 

Ерлердің терісіне қалың шашты жабын тән. Бұл қасиет әсіресе сақал өскенде байқалады. Сақал жақта беттің шамамен үштен бірін жауып тұратын 5000 бастап 30 000 шашқа дейін болады. Бұл шаштар бір біріне өте жақын орналасқан және көптеген майлы бездермен қоршалған. Бет күтімі бойынша ерлерге арналған қалпына келтіру құралдары ерлер терісінің ерекше құрылымын және оған қырынудың әсерін ескереді. Ерлердің терісінде коллаген көп болады, сондықтан ол әйелдің терісіне қарағанда созылғыштық пен қаттылықты көбірек сақтайды. Алайда 35 жастан кейін коллагенді талшықтар бұзыла бастайды – ал кейде тіпті әйелдердікінен жылдам, - және теріде алғашқы әжімдер пайда болады. Қартаюға қарсы құрауыштары бар, ерлер терісіне күтім жасауға арналған күндізгі және түнгі құралдарды қолдану бұл процессті баяулатуға көмектеседі. Бет күтімі бойынша ерлерге арналған құралдарды әзірлеу негізінде заманауи ғылыми білімдер жатса ғана олар тиімді болмақ. NIVEA көп жылдық тәжірибе  мен алдыңғы қатарлы, мұқият жинақталған күтім концепциядарын жасау үшін дерматология саласындағы өзекті жетістіктерді қолданады.