ерлерге арналған қырыну құралдары

ҚЫРЫНУ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЖЕҢІЛ БОЛҒАН ЕМЕС

Әрбір ер адамға құрғақ немесе ылғалды, тегіс немесе сақал қалдырумен, бетте ғана немесе бүкіл денеде қырыну қажеттілігімен үнемі кездесуге тура келеді. Сондықтан NIVEA MEN бөлімінде біз терінің кез келген түрі үшін, қырынудың кез келген әдісі үшін және күтімнің кез келген қажеттіліктері үшін пайдалы кеңестер ұсынамыз.
21 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу
Ерлердің қырынуы: теріге мінсіз күтім жасау 

Әрбір ер адам қырыну қандай мәселелермен байланысты екендігін біледі. Тегіс қырылған бет қаншалықты сұлу көрінсе де, қырынудың күнделікті процессі тері үшін жаман сынақ болып табылады. Тітіркенуден теріні қорғау үшін қырыну процессін күтім бойынша белгілі шаралармен сүйемелдеген жөн. Біріншіден, асықпа – қырынуға жеткілікті уақыт бөл. Асығыстық пен әбігерлік үстінде теріні кесіп алуға болады. Екіншіден, бетті мұқият тазартудан баста. Бұл рәсім микробтарды жояды және олардың тері саңылауларына енуінен сақтайды. Сонымен қатар қырынуға арналған көбік, гель немесе крем майсыздандырылған теріге жақсы қонады. Үшінші қадам – осы кезде ғана қырыну басталады: күнін белсенді бастағысы келетін ерлер салқындатқыш әсері бар қырынуға арналған гельдерді бағалайды. Терісі сезімтал ерлерге құрамында спирті жоқ, иісі бейтарап құралдарды қолдануға болады. Қырынуға арналған көбікті, гельді немесе кремді тым болмағанда теріде екі минутқа қалдыр, ол сақалды жұмсартады. Ең қатты қылдар үстіңгі ерін үстінде және иекте өседі – бұл орындарды қырыну соңына қалдыр, сол кезде сақал қажеттілігінше жұмсарады. Ақырында, қырынудан кейін қырылған қылды және құралдың қалдығын суық сумен шай. Ол теріні сергітеді және тері саңылауларын кішірейтеді. Ақырында, қырынудан кейін міндетті түрде теріге тиісті күтім жаса. Қырынудан кейінгі лосьон немесе бетке арналған крем терінің тітіркенуін және қабынуын болдырмайды. Құрамында спирті бар құралдар иіссіздендіргіш әсер береді, сол кезде олардың салқындатқыш құрамы қосымша сергектік зарядын береді. Терісі сезімтал немесе құрғақ ерлер үшін қырынудан кейін қолданылатын спирті жоқ жұмсақ құралдарды қолдануға кеңес беріледі – олар теріні ылғалдандырады және оның өндірілуіне ықпал етеді. Бальзам қос күтім жасайды, терінің тітіркенген жақтарын тыныштандырады және оған қуаттың жаңа зарядын береді.   

Қырынудың барлық әдістері үшін  

Сулап қырынумен қатар көп ер адамдар құрғақ қырынуды артық көреді. Мұндай жағдайда теріні тыныштандыру және дезинфекциялау үшін қырынудан кейін қолданылатын ылғалдандырғыш құралды қолдану маңызды. Сөзсіз, бет терісінің күтімін сәнді «сақалды» трендке еліктеп, қырынудан толық бас тартуға шешім жасағандар да ұмытпауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, сақал астындағы тері жылдам құрғап, қабыршақтана бастайды. Біз сақалға қарамастан теріге жеңіл жағылатын бетке арналған майсыз гель қолдануға кеңес береміз. Дененің басқа бөліктерін қыруға қатысты, бұл жерде де бетті қыру кезіндегі ережелер орындалады: қылтандарды ұқыпты алып тастау үшін оларды ең алдымен көбіктің, гель немесе кремнің көмегімен жұмсартып алу қажет. Содан кейін жаңадан қырылған, және сәйкесінше, өте сезімтал тері орындарына қырынудан кейін жағылатын спирті жоқ жұмсақ бальзам жағу қажет.