күннен қорғайтын спрей

КҮННЕН ҚОРҒАЙТЫН СПРЕЙ

Күнге күюге арналған спрейлер оларды пайдалану қолайлығына қарай кең қолданылады. Біздің тауар жинағымызда ұстау үшін ыңғайлы құтылардағы пульверизаторы бар түрлі спрейлер, тапаншалы тозаңдатқышы бар спрейлер, сонымен қатар аэрозольдер ұсынылған. Осы құралдардың кез келгенін теріге сеп, сәл уқалап жақ, міне дайын – сенің терің сенімді қорғалған.
6 Нәтижелері

Іздеуді нақтылау

Іздеуді нақтылау Жабу

Күннен қорғайтын спрей: күн көзінен ақылмен рахат ал

Жаздың күні жылы және шуақты күн табиғатқа шақырған кезде, күннен қорғайтын спрей бізге ашық аспан астында өткізетін уақытпен уайымдамай рахаттануға мүмкіндік беріп, терімізді сенімді қорғанышпен қамтамасыз етеді. Күн жарығы өте маңызды: ультракүлгін сәулелер зат алмасуды ынталандырады және иммундық жүйені нығайтады. В спектрінің  УК-сәулелену әсерінен сүйек жүйесінің беріктігіне әсер ететін D дәрумені шығарылады.  Сондықтан күн ваннасын қабылдау және ашық ауада уақыт өткізу кез келген жаста жағымды және пайдалы. Әсіресе балалар ашық күндері далада ойнап, спортпен айналысып немесе жай ғана демалып, уақыт өткізгенді жақсы көреді. Күн сәулесі ағзаның дұрыс дамуына қаншалықты маңызды болса да, одан үнемі абайлықпен рахат алған дұрыс. Бала терісі әсіресе ультракүлгін сәулеленудің әсеріне сезімтал. Алайда күннен қорғайтын спрей тері жасушаларының зақымдалуынан ұзақ қорғайды және терінің қатерлі ісігінің алдын алады. Қолданылуы жеңіл әрі ыңғайлы, күннен қорғайтын спрей жылдам, және ең маңыздысы теріні УК сәулеленудің А және В спектрлерінен сенімді қорғайды.  

NIVEA күннен қорғайтын спрейлер: күннен тиімді қорғану

Күннен қорғайтын спрейлер қолдану жеңілдігімен ерекшеленеді және теріге күн сәулесінің қарқынды зиянды әсеріне кедергі келтіреді. NIVEA ұсынған күннен қорғайтын спрейлердің алуан түрі тұтынушылардың барлық мүмкін талаптары мен талғамын қанағаттандыра алады. Ылғалдандырғыш спрейлер күннен тиімді қорғанышты, жұмсақ күтім мен қарқынды ылғалдандыруды біріктіреді. «Қорғаныш және күнге күю» өнімдер қатарындағы спрейлерде промеланиннің табиғи сығындысы бар және осыған орай керемет және төзімді күю әсерімен қамтамасыз етеді. NIVEA ұсынған «Қорғаныш және салқындық» спрейлері жағымды салқындатқыш әсері бар және теріде сергектік пен тегістік сезімін қалдырады. Өте сезімтал тері үшін құрамында хош иістендіргіші, бояғыштар мен консерванттары жоқ, сонымен қатар УК-сәулеленудің А спектрінен қорғаудың өте жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ететін    *Protect & Sensitive* спрейлері қолдануға келеді. Тері саулығын сақтау үшін күн астында болғаннан кейін *After Sun* құралдарын қолданған жөн. Салқындатқыш лосьондар күнге күюден кейін теріні ылғалдандырады және тыныштандырады.