жаңа

MAKE UP EXPERT сіңіп кететін түнгі маска

50 ml
Сатып алу

Артықшылықтары

қоректендіруші
Қалпына келтіруші
  • Жасушалық-белсенді гиалурон қышқылы бар
  • Ұйықтаған кездегі шаршау белгілерін: бет ажарының солуын және мимикалық әжімдерді дұрыстайды
  • Теріні терең ылғалдандырады және күш береді

Мына өнім туралы көбірек біліңіз

NIVEA алғаш рет макияждан кейін қарқынды қалпына келтіретін NIVEA® MAKE UP EXPERT ерігіш түнгі маскасын әзірлеп шығарды – сіз ұйықтап жатқанда ол жұмыс істейді! Өйткені күні бойы макияж астында шаршаған теріңіз түнде ғана күтім процедураларын жақсырақ қабылдайтын болады. Крем-масканың формуласы тері жасушаларына өз гиалурон қышқылын өндіріп шығаруға түрткі беретін жасушалық-белсенді гиалурон қышқылынан және сквалан майынан тұрады. Маска шаршаған теріні ылғалға толтырады, күш береді және мимикалық әжімдердің пайда болуының алдын алады. Нәзік әрі жібектей текстура теріге тыныс алуға мүмкіндік бере отырып ериді. Күні бойы макияж астында болған теріңізге қалпына келтіретін түнгі ұйқы сыйлаңыз! Крем-масканы кешке тазартылған бет пен мойын терісіне жағыңыз да, жеңіл уқалаңыз және маска еріп, сіңгенше 5-10 минуттай бой жазыңыз. Жуу қажет емес.

Артикулы 82630 (826300986009)

Ингредиенттер тізімі

Ескертпе
Атап көрсетілген ингредиенттер өндірістік процестің өзекті параметрлеріне сәйкес келеді. Жаңа ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, рецептураларымызды тұрақты түрде реттеп тұратындықтан, әрбір жағдайда қаптамада көрсетілген ингредиенттерге сәйкестігі туралы декларация жасалады.

Құрамында: Aqua, Glycerin, Cetearyl Alcohol, Ethylhexyl Cocoate, Hydrogenated Coco-Glycerides, Methylpropanediol, Squalane, Butyrospermum Parkii Butter, Glyceryl Stearate Citrate, Octyldodecanol, Sodium Hyaluronate, Magnolia Officinalis Bark Extract, Creatine, 1-Methylhydantoin-2-Imide, Ethylhexylglycerin, Carbomer, Benzophenone, Sodium Hydroxide, Phenoxyethanol, Limonene, Linalool, Citronellol, Benzyl Alcohol, Geraniol, Alpha-Isomethyl Ionone, Parfum