NIVEA.kz куки файлдарын қолдану

Аталған саясаттың куки файлдарын қолдануға қатысты мақсаты сізге куки файлдарын қолдану туралы немесе біздің NIVEA.de веб-сайтында ұқсас сақтау технологиялары (бұдан әрі мәтін бойынша – «куки файлдары»)  туралы ақпарат беру болып табылады.  

 

1.  Куки файлдары деген не?

Куки файлдары — сіздің браузеріңіз компьютеріңізде белгілі ақпаратты сақтау үшін орналастыратын мәліметтердің шағын бөліктері. Сіз біздің веб-сайтқа сол компьютер арқылы келесі рет кірген кезде куки-файлдарда сақталатын ақпарат біздің веб-сайтқа («негізгі куки файл»), немесе осы куки файл тиесілі («бөгде куки файл») басқа веб-сайтқа қайтарылады.
Сақталған және қайтарылған ақпараттың арқасында сәйкес веб-сайт сіз осы веб-сайтта болғаныңызды және сіз қолданатын компьютерден оның браузеріне кіргеніңізді біледі. Біз осы ақпаратты веб-сайтымызды сіз үшін оңтайлы әдіспен қалауыңызға сәйкес құру мен көрсету мүмкіндігін алу үшін қолданамыз. Осыған байланысты сіздің компьютеріңізде тек куки файлдың өзі ғана  сәйкестендіріледі. Осыдан басқа сіздің жеке мәліметтеріңіз тек қана сіздің нақты берген келісіміңіз бойынша сақталады немесе егер бұл сіз қолданған, сізге ұсынылған қызмет көрсетуді қолдану үшін қажет болса ғана сақталады. 

2. Куки файлдарын қолдануға берілетін келісім

Біздің веб-сайтта сізге қызметтерді көрсету үшін қажетті болып табылмайтын куки файлдары (қажетті куки файлдары туралы толығырақ ақпаратты сіз 3.а-тармағынан таба аласыз) сіздің келісіміңізбен ғана қолданылады. Біздің веб-сайтты белсенді пайдалана отырып, сіз куки файлдары туралы баннер пайда болғаннан кейін олардың парақтарына ауысуды жалғастырсаңыз, куки файлдарды қолдануға келісесіз деген сөз.  

Сіз куки файлдарыңыздың жеке санаттарын не өшіріп, не қосып, жеке реттелуін жасай аласыз. Сіз куки файлдарын (соның ішінде қажетті куки файлдарын) өз браузеріңізде қалай өшіру керектігі туралы толық ақпаратты 4-тармақтан таба аласыз.  

3. Куки файлдардың түрлері

Мақсаты мен функциясына қарап біз куки файлдарды келесі санаттарға бөлеміз: 
(а) абсолютті қажетті куки файлдары;
(б) функционалдық куки файлдары; және
(в) қолданыстық куки файлдары.

 

a. Абсолютті қажетті куки файлдары;   

Абсолютті қажетті куки файлдары сіз веб-сайтымыздың парақтарын пайдалана алатын қызметтерді орындауға кепіл береді, өйткені олар соған арналған. Бұл куки файлдарды біз ғана қолданамыз, сондықтан да олар «негізгі куки файлдары» болып табылады. Осы куки файлдарда сақталатын бүкіл ақпарат біздің веб-сайтқа оралады деген сөз.

Абсолютті қажетті куки файлдар, мысалы, сіз сайт жүйесінде біздің веб-сайттың түрлі парақшаларына кірген кезде тіркелген пайдаланушы ретінде қалуыңыз үшін, үнемі жаңа парақшаға ауысқан кезде өзіңіздің тіркеу мәліметтеріңізді қайта-қайта енгізбеу үшін қажет.   

Абсолютті қажетті куки файлдарды қолдану біздің веб-сайтта сіздің келісіміңсіз мүмкін. Сондықтан абсолютті қажетті куки файлдарын жеке түрде іске қосуға немесе өшіруге болмайды. Бұл қызмет тек сіздің келісіміңізді қажет ететін куки файлдар жағдайында ғана қолжетімді, яғни функционалдық және пайдаланылатын куки файлдарда. Алайда сіздің браузеріңіздегі барлық куки файлдарды өшіруге мүмкіндігіңіз бар (4-тармақты қараңыз). 

Біздің веб-сайтта келесі абсолютті қажетті куки файлдар қолданылуы мүм

 Name  Description/purpose  Lifespan
 ASP.NET_Sessionid Осы куки файлдары біздің веб-серверімізде автоматты түрде пайда болады және сессияның бірегей сәйкестендіру нөмірін белгілейді. Осы куки файлдары сайтқа кірген және оны пайдаланған кезде пайдаланушылар қалдырған деректердің сақталуын қамтамасыз етеді. Осы куки файлдары сайтты пайдаланушы веб-сайттан шығып кеткен кезде-ақ жойылады.  сессия
 PcLogin yyy Осы куки файлдары веб-сайтты басқару үшін қажетті түрлі ішкі жүйелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.   сессия
 cookie-opolicy-session Осы куки файлдары пайдаланушыға куки-файлдары туралы сұрақтар бар баннерді көрсету-көрсетпеу қажеттілігін анықтайды.  сессия
 Cxp auth xxxx Explicit Осы куки файлдары сессия кезінде пайдаланушының құпия сөзбен (логинмен) кірген-кірмегенін тексереді.   сессия
 Cxp_auth_xxx Осы куки файлдары сессия кезінде пайдаланушының құпия сөзбен (логинмен) кірген-кірмегенін тексереді.  сессия (немесе 4 апта)
 Dw_returnURL Осы куки файлдары пайдаланушы жүйеге кіргеннен кейін оның дәл кіруді бастаған парақшасына қайтып келуін қамтамасыз етеді.  сессия

b. Функционалдық куки файлдары

Функционалдық куки файлдары веб-сайтқа берілген ақпаратты (мысалы, тіркелген атты немесе таңдалған тілді) сақтауға мүмкіндік береді және осының негізінде сізге жетілдірілген жеке функцияларды ұсынады. Осы куки файлдар анонимдік ақпаратты жай ғана жинайды және сақтайды және сіздің сайттағы қозғалысыңызды бақылай алмайды.

Біздің веб-сайтта келесі функционалдық куки файлдар қолдалуы мүмкін:

 Name  Description/purpose Lifespan
 DWFirstName  Осы куки файлдары пайдаланушыны сайтта танып, оны атымен атау үшін атын сақтап қояды. 24 сағат
 DWGender Осы куки файлдары егер пайдаланушының жынысы оны қалай атау керектігі туралы нысанда берілген болса, онда жынысын сақтап қояды, ол тиісті мазмұнды жүктеу үшін қажет. 24 сағат
 DemandwareContactLevel Осы куки файлдары қандай мазмұнды және қандай парақшаны көрсету керектігін анықтау үшін пайдаланушының мәртебесін  (байланыс жасаушының деңгейі: сайтқа жаңа келген адам, осыған дейін сайтқа кірген, сайтта тіркелген пайдаланушы және т.б.) анықтайды. 365 күн

c. Қолданыстық куки файлдары

Қолданыстық куки файлдары біздің веб-парақтарымыздың тартымдылығын, мазмұнын және функционалдығын жақсарту үшін олар қалай қолданылатыны туралы ақпаратты жинайды. Осындай куки файлдар бізге, мысалы, пайдаланушылар біздің сайтымыздың парақшаларына кіре ме, қайсыларына кіреді және пайдаланушыларға олардың қандай мазмұны қызық екендігін анықтауға көмектеседі. Атап айтқанда, біз парақтарға пайдаланушылардың кіру санын, парақшалардың санын, сайтта өткізген уақытты, кірген парақтардың реттілігін, пайдаланушыны сайтқа қандай өзекті сөздер келтіргенін, елін, өңірін, және мүмкіндігінше, сайтқа кірген пайдаланушының қаласын, сонымен қатар мобильді кірудің пропорционалдық санын жазып аламыз. Біз сол сияқты сайтымыздың қандай аспектілері пайдаланушыларымызға көбірек қызықты екендігін түсіну үшін қозғалыстарды, кликтерді және тышқанның көмегімен айналдыруларды да жазып аламыз. Нәтижесінде біз веб-сайтымыздың мазмұнын пайдаланушыларымыздың талаптарына сай мақсатты мәнерде жасап, ұсыныстарымызды оңтайландырамыз. Біздің техникалық құралдарымызға берілген сіздің компьютеріңіздің ІР-мекенжайы автоматты түрде анонимделеді және бізге жеке пайдаланушы туралы ешқандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік бермейді.

Біз сіздерге біздің веб-сайттарда өнімдеріміз туралы белгілі бір жарнаманы көрсету үшін веб-сайттарымызға кірген пайдаланушылардың әдеттеріне анонимді талдау жасаудан куки файлдар арқылы алған ақпаратты қолданамыз. Пайдаланушы ретінде бұл сізге пайдалы болады деген ойдамыз, өйткені біз сіздің пайдаланушылық әдеттеріңізге негізделіп болжаған қызығушылықтарыңызға сай келетін жарнаманы немесе мазмұнды көрсетеміз, демек сіз кездейсоқ жарнама немесе қызық емес ақпаратты алмайтын боласыз.  

Біздің компания ерікті түрде өздігінен реттелетін ұйымның ережелерін – Германияның интернет-жарнама саласында мәліметтерді қорғау бойынша кеңестің (DDOW) ережелерін сақтайды. Сіз бізге қатысты қолданылатын өздігінен реттелетін кодты, сонымен қатар толық ақпаратты мына www.meine-cookies.org/ddow.html сайтынан таба аласыз.

Біздің веб-сайтта келесі қолданыстық куки файлдар қолданылуы мүмкін:

Name

Description/purpose

Lifespan

SC_ANALYTICS_GLOBAL_COOKIE

Осы куки файлдары пайдаланушының осыған дейін сайтта болған-болмағанын біліп отырады. Бұл бізге сайтымыздағы жаңа пайдаланушылардың үйлесімділігінің қандай екенін білуімізге мүмкіндік береді.

10 жас

SC_ANALYTICS_SESSION_COOKIE

Осы куки файлдары бір сессия кезінде пайдаланушының веб-сайттың қай парақшаларына кіргенін жазып отырады. Бұл ақпарат веб-сайтты жақсарту үшін пайдаланылады. 

сессия

 _ga

Осы куки файлдары пайдаланушының аналитикалық мақсаттар үшін веб-сайтты қалай пайдаланатыны жайында ақпарат жинайды. 

2 жас

 _gat

Егер бір парақша пайдаланушылардың тым көп сауалдарын алатын болса, осы куки файлдары деректер жиынын шектейді. Пайдаланушылардың кейбір сауалдары бұғатталады, ал нәтижелері жиналады.  

10 минут

_gas

Осы куки файлдары сессия кезінде қадағалауды жалғастырады («көмекшілер» ретінде пайдаланылады)

сессия

 _gau

Осы куки файлдары аса ұзақ уақыт бойы пайдаланушыны қадағалауды жалғастырады («көмекшілер» ретінде пайдаланылады).

2 жас

 _gat_UA-*

Егер бір парақша пайдаланушылардың тым көп сауалдарын алатын болса, осы куки файлдары деректер жиынын шектейді. Бұл тіпті үлкен жүктеме кезінде де веб-сайт жұмысының қалыпты жылдамдықты сақтауын қамтамасыз етеді.

10 минут

_dc_gtm_UA-*

Осы куки файлдары веб-сайтқа скриптер мен кодтарды жүктеу үшін қызмет етеді.

10 минут

optimizelyBuckets

Осы куки файлдары пайдаланушыны біркелкі жарнамалық тәжірибемен қамтамасыз ету үшін веб-сайттың А/В тесті аясында пайдаланушыға көрсетілген нұсқасын сақтайды. 

10 жас

optimizelyEndUserid

Осы куки файлдары уақытты белгілеудің және кездейсоқ өндірілген нөмірдің көмегімен жеке пайдаланушыны сәйкестендіреді.

10 жас

OptimizelySegments

Осы куки файлдары пайдаланушының әдістері мен сипаттамаларын (браузер, кампания, құрылғы және т.б.) сақтайды. 

10 жас

optimizelyPendingLogEvent

Осы куки файлдары серверлік сауалды Optimizely-ге жібергенге дейін уақытша берілген кэш ретінде қызмет етеді.

15 секунд

optimizelyRedirect

Осы куки файлдары циклдік қайта бағыттаудың алдын алу үшін пайдаланушы келген URL түпнұсқасын сақтап қалады. 

5 секунд

dwac_XXXX

Осы куки файлдары аналитикалық мақсаттарда пайдаланылады. 

 сессия

_m3Kxxxxxx

Осы куки файлдары веб-сайтты тиімді ету үшін сайттағы шертулерге қатысты пайдаланушының бет алысын сақтап қалады, мысалы, пайдаланушы үшін аса маңызды аумақтарды білу үшін және сәйкесінше көбірек шертулер алады. 

2 жас

Dwanonymous_xxxx

Осы куки файлдары сайтқа кірмеген және сайтқа қайта кірген пайдаланушыларды сәйкестендіру үшін анық қадағалайтын сәйкестендіру нөмірінен тұрады. Ол пайдаланушыға дүкендегі жеке баптауларды көрсету үшін пайдаланылады. 

6 ай

4. Барлық куки файлдарды басқару және өшіру  

Сіз өз браузеріңізді куки файлдары сіздің сайтыңызда сақталмауы үшін және/немесе сіз куки файлдарын қосқыңыз келе ме деген сұрақты үнемі алып отыратындай реттей аласыз. Сіз сол сияқты кез келген уақытта қатқыл дискіңізге орнатылған куки файлдарды жоя аласыз. Бұны қалай жасау керектігі туралы толық ақпаратты сіз браузеріңіздің пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз. Мына сілтеме бойынша сіз Firefox, Microsoft Internet Explorer және Google Chrome браузерлеріне арналған мәтін және суреттер түріндегі түсініктерді ала аласыз: http://www.meine-cookies.org/cookies_verwalten/index.html.

Сіз куки файлдарын мүлдем өшіріп тастасаңыз, бұл біздің сайтымызды қолданудың функционалдық шектеулеріне әкелуі мүмкін екенін қаперге алуыңызды сұраймыз. 

Соңғы редакция: қазан 2015 жыл.