Жанасу күші туралы біл


ТЕРІ БАЙЛАНЫСЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ДАМУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Өзіңіз үшін жанасу күші мен оның балалық шақтан бастап ересек өмірдің бүкіл кезеңінде өмірімізге көрсететін ықпалын анықта. Сезудің және тағы басқалардың қалай жұмыс істейтінін біліңіз.

Жанасу күші – ғылыми көзқарас

Жанасу – тек терімен үстіртін байланыс ғана емес, нейрондардың көмегімен дене арқылы хабарлама жіберуге арналған міндетті рецепторлармен өзара әрекеттесу.

Сенім арту сезімі

Жанасуды оп-оңай күнделікті өмірдің бөлшегіне айналдыруға болады. Жанасу мен жақындық сенімді қалыптастырады және осылар балалардың дамуы үшін аса қажет. Осындай маңызды жанасуларды NIVEA Creme мейіріммен жағу арқылы біріктіруге болады.

Түйсік қалай жұмыс істейді?

Біздің денемізде шамамен 5 миллион тері астында болатын сезу рецепторлары бар. Сіз ауруды, жанасуды, қысымды, температураны сезген сайын, осы рецепторлар нейрондарға электр импульстерін жібереді, ал нейрондар осы ақпаратты омыртқа арқылы әрі қарай миға жібереді.

Осы рецепторлардың негізгі міндеті ағзаны қорғау болып табылады. Мысалы, егер рецепторлар сіздің ауырып немесе қатты жаурап тұрғаныңыз жөнінде белгі жіберсе, ми тиісті түрде белгі береді. Ол ауырғаннан жиырылуға немесе төменгі температураға жауап ретінде дененің қалтырауына берілген бұйрық болуы мүмкін.


Тепе-теңдікті қамтамасыз ету және күйзелісті басу

Тепе-теңдікті қамтамасыз ету және күйзелісті басу

Тепе-теңдікті қайтарады және ширығуды басады

Зерттеулер физикалық түрде көбірек жанасатын балалардың аса салмақты әрі күйзелістерді көп сезбей өсетінін көрсетті. Өсе келе, біз махаббат пен мейірімділіктің осы сәттерін сақтауды жалғастырамыз. Жанасу баланың жеке басының физиологиялық және психологиялық дамуына мүмкіндік береді және олардың әлеуметтік дағдыларын жақсартады.

Тепе-теңдікті қамтамасыз ету және күйзелісті басу

Ұмытылмас сәттерді құрады

Баланың түйсік сезімі сәбидің анасының жанында жатқан кездегі жақындық пен қауіпсіздік сезімімен байланысты. Бала жанасу сезімін анасының жатырында-ақ көру және иіс сезу қабілеті жұмыс істей бастағаннан көп уақыт бұрын сезеді. Баланың терісін NIVEA Creme сияқты қою консистенциялы креммен уқалау арқылы, берік сенсорлы өмірбаянын құруға болады.

Жұбату

Жараланған тізенің ауруын басатындай мейіріммен сүю немесе шаншуды жеңілдететіндей ішті тыныштандыра отырып сипау болсын, жанасу күші жұбатады және тері бетінен сыртқа шығады. Бұдан басқа, адамның жанасуы өзге адамдармен байланыс орнатуға көмектеседі. Зерттеулер сүйіспеншілікпен жанасудың қарым-қатынасқа жағымды әсер ете алатынын көрсетеді.

Эмоциялық тұрақтылық

NIVEA Creme сияқты қорғаныш кремін жаққан кездегі физикалық жанасу балаларға қауіпсіздік пен сенімділік сезімін сыйлайды. Баланы жуындырғаннан кейін басынан аяғына дейін крем жағып уқалау кезіндегі босаңсытатын рәсім баланың өзін байсалды сезінуіне көмектеседі. Ол сондай-ақ ата-ана мен бала арасында берік байланыс орнатады.


Күнделікті өмірдегі жанасу күші

Жанасу ересектер үшін де, әсіресе, ауырған немесе күйзелген кезде, дәл балалардікіндей, жұбатып, тыныштандыруы мүмкін.

Денені сезу жүйесі жұмыс істеп тұр

Денені сезу жүйесі ауруды, қысымды, жылу мен қозғалысты сезуімізге мүмкіндік береді. Бұл жүйе жылуды немесе қысымды сезген кезде белсенді болатын бүкіл денедегі сенсор желісіне сүйенеді. Денелеріміздің түрлі аумақтарында не болып жатқанын денеміз сезу үшін осы сенсорлар нейрондар арқылы миға ақпарат жібереді.

Өз кезегінде, олар жұлын арқылы бас миына сигнал береді. Әрі қарай ми дененің не сезіп тұрғанын түсіну үшін хабарламаны оқиды: ауру, жанасу немесе температура.

Жанасу саласындағы қызықты деректер

Балалардың анасының жатырында жанасуды сезетінін Сіз білесіз бе? Егер оларға бірдеңе жанасып кетсе, олар оны сезеді және қозғалады. Балалар навигация үшін, сондай-ақ жайлылық түрі ретінде түйсік сезімін пайдаланады. Ол туылғаннан кейін анасының оны өзіне жақындатып ұстағаны оған ұнайтыны да осыдан.

Кремдердің көмегімен жанасу күші мен тері күтімін біріктіріңіз

СІЗГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ КЕҢЕСТЕР