Құпиялылық саясаты

1. Жауапты ұйым

Жеке мәліметтерді қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңдеу, соның ішінде жинау және қолдану үшін жауапты ұйым: 
"Байерсдорф Қазақстан" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050022, Абай даңғылы 42, 5-ші қабат, тел: +7 (727) 313 0728; 


2. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ

Жеке мәліметтер – сіздің атыңыз, эл. поштаңыз немесе пошта мекенжайыңыз сияқты сізді сәйкестендіретін ақпарат. Beiersdorf сіз осы мәліметтерді нақты жағдайда (мысалы, жаңалықтарға жазылсаңыз, сұратуларда, конкурста немесе лотереяға қатыссаңыз, үлгілерді немесе брошюраларды тапсырсаңыз, немесе ақпарат сұратсаңыз) ұсынған және оларды пайдалануға келісім берген жағдайлардан басқа, сіздің мәліметтеріңізді жинамайды.
Біз сіздерді жеке мәліметтеріңізді сіздің берген келісіміңізге және (мазмұны мен уақытын ескеріп) әр нақты жағдай үшін қажетті, мысалы сіздің сұрақтарыңызға немесе қауіптенуіңізге жауап беру үшін сіздің өтініштеріңізді орындау үшін немесе конкурс немесе лотерея нәтижелері туралы ақпарат беру үшін қажетті шамада сақтаймыз немесе табыстаймыз. 
Осыны орындау үшін Beiersdorf-та сіздің мәліметтеріңізді Beiersdorf тобының интернационалдық тобының басқа компанияларына немесе қызметтердің сыртқы жеткізушілеріне мәліметтерді өңдеу үшін табыстау қажеттілігі туындауы мүмкін. Қызметтерді жеткізушілерге мысалы, тауарларды жеткізуге, жарнамалық материалдарды таратуға немесе конкурстарға байланысты міндеттер табысталуы мүмкін. Beiersdorf үшінші тұлғалар біздің нұсқаулықтар негізінде және мәліметтерді қорғау туралы осы сілтемелерге сәйкес жеке мәліметтерді өңдеуге келісім беруді талап етеді.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді кез келген түрде басқалай табыстау, мысалы біздің сайттардан әлеуметтік желі сайтына үшінші тараптың жүйеге немесе Facebook немесе Twitter сияқты веб-порталдарға кіруі үшін табыстау, әрине, сіздің алдын ала келісіміңізді талап етеді. Beiersdorf сіздің жеке мәліметтеріңізді үшінші тарапқа табыстамайтынына және сатпайтынына кепіл береді. Алайда, егер бізден заң бойынша немесе міндетті заңнамалық күші бар мемлекеттік органдардың талабы бойынша сіз туралы ақпарат талап етілсе, біз оны беруге мәжбүр боламыз.  
 

    a. NIVEA  пайдаланушының тіркеулік жазбасы қорында пайдаланушының профилін жасау  
      «Мен жеке ақпаратты жинау үшін пайдаланушы профилі жасалатынымен келісемін. Мен Құпиялылық саясатының шарттарын оқып шықтым. Бұл келісім кез келген уақытта қайтарылуы мүмкін.»*

          *Келісім мысалы
      Егер сіз жоғарыда келтірілген өтініштің көмегімен пайдаланушы профилін құруға келісіміңізді берсеңіз, онда біз сіздің мәліметтеріңізді келесі түрде қолданатын боламыз:
        
      NIVEA тіркелген клиенті бола отырып, сіз біздің интернет-дүкенімізде тапсырыстарды жылдам және қолайлы жасауға мүмкіндік алдыңыз. Сонымен қатар, сіз тіркелген кезде, біз сізге пайдаланушы профилін жасаймыз да, онда  веб-сайтымыздағы сіздің алдыңғы және келешектегі әрекеттеріңіз (сыйлықтар ұтысында қатысу, NIVEA жаңалықтарына жазылу, интернет-дүкендегі тапсырыстар, қалдырылған рейтингтер және т.б.) көрсетілетін болады. Сіздің жекеленген пайдаланушы профиліңіздің арқасында біз тек сізге ғана қызықты болатын қызметтеріміз бен өнімдеріміз туралы ақпарат ұсына аламыз. Сіздің пайдаланушы профиліңіздің элементтері мен мазмұны қарау үшін үнемі қолжетімді. Тіркелген пайдаланушы бола отырып, сіз сол сияқты біздің өнімімізге рейтинг жасай аласыз. Бұл жағдайда біз сіздің атыңызды және сіз қалдырған рейтингті көрсетеміз.  
       

      Сіздің тіркеулік жазбаңызда сақталатын мәліметтерді жарнамалық мақсатта қолданғымыз келсе, сіздің қосымша келісіміңізді (NIVEA немесе NIVEA FOR ME жаңалықтарына жазылу арқылы, төменде қараңыз) үнемі сұрайтын боламыз.                   

      Егер сіз NIVEA тіркеулік жазбаны қолданғыңыз келмесе, сіз оны кез келген уақытта өшіре аласыз. Осы үшін өзіңіздің пайдаланушы тіркеулік жазбаңызға кіріңіз және тіркеуден бас тарту процессін орындаңыз немесе бізге пайдаланушының тіркеулік жазбасын қолдауға келісім берген  (бас тарту туралы хабарлама) пікіріңізді эл. пошта арқылы жолдаңыз.  

      b.  жаңалық жіберілімі 

       «Иә, мен NIVEA жаңалық жіберілімін алып тұрғым келеді. Мен Құпиялылық саясатының шарттарын оқып шықтым. Бұл келісім кез келген уақытта қайтарылуы мүмкін»*

          *Келісім мысалы

      Егер сіз NIVEA жаңалықтар жіберіліміне жазылсаңыз және жоғарыда келтірілген мәлімдемемен келіссеңіз, онда біз мәліметтеріңізді келесі түрде қолданатын боламыз:  

      NIVEA жаңалықтар жіберілімі NIVEA және Beiersdorf және Beiersdorf Hautpflege GmbH (бұдан әрі мәтін бойынша — «NIVEA Haus») компаниясының басқа брендтеріне (мысалы, Labello, 8x4) қатысты  жаңалықтарынан, ұсыныстарынан және басқа ақпаратынан тұрады. NIVEA жаңалықтар жіберілімінде Сіз өнімдеріміз және қызметтеріміз туралы жекеленген жарнамалық ұсыныстарды, сонымен қатар белгілі кампанияларға қатысу бойынша ұсыныстарды, мысалы, сыйлықтар ұтыс ойыны немесе өнімдерді сынау сияқты ұсыныстарды алатын боласыз.  

      NIVEA жаңалықтар жіберілімін алу үшін тіркеле отырып, сіз жеке NIVEA жаңалық хатын құрастыру үшін жаңалықтар, ұсыныстар және басқа ақпараттың жинағын құрастыру үшін және сізге оны жеткізу үшін келісіміңізді растайсыз, біз сіздің сатып алу кезіндегі әдеттеріңізді және веб-сайтымыздағы кликтеріңізді қалауыңызға және қызығушылығыңызға толық сай келетін жаңалық хатты құрастыру үшін бағалаймыз. Сіздің мәліметтеріңіз сол сияқты нарықты зерттеу үшін және жарнамалық мақсатта сақталады және қолданылады. Осы мақсатта біз сізбен тек қана эл. пошта арқылы байланысамыз. Ақырында, біз мәліметтеріңізді веб-сайттарымыздың жұмысын талдау және тиімділігін арттыру үшін қолданамыз.  

      Егер сіз енді NIVEA жаңалықтар жіберілімін алғыңыз келмесе, кез келген уақытта одан бас тарта аласыз. Осыны жасау үшін әр жаңалық хатында тұратын сілтемені басуыңызды өтінеміз. Содан кейін сіз жіберілімнен бас тарту процессінен өтесіз немесе бізге жаңалық жіберілімін алуға берген келісіміңізді қайтаруды (бас тарту туралы хабарлама) эл. пошта арқылы сұрата аласыз.  

    3. Сіздің мәліметтеріңізді сақтау мерзімі

    Сіз ұсынған мәліметтер бізге мәліметтерді жіберген тиісті мақсаттарды орындау үшін қаншалықты қажет болса, немесе заңнамалық нормаларға сәйкес қаншалықты талап етілсе, сонша уақыт сақталатын болады.
     

    Егер сіз өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді жарнамалық мақсатта қолдану үшін (NIVEA жаңалық жіберіліміне жазыла отырып) келісім берсеңіз, біз мәліметтеріңізді осы мақсатта сіз өз келісіміңізді жойғанға дейін қолданамыз. Сіз келісіміңізді кез келген уақытта келешекте сәйкесінше нәтижелерін ала отырып,  жоя аласыз.

    4. Мәліметтерді шектеумен табыстау

    Сіздің сұратуыңызды өңдеу кезінде Beiersdorf-та сіздің жеке мәліметтеріңізді Beiersdorf тобындағы тек біздің атымыздан ғана әрекет ететін басқа үлестес компанияларға немесе қызметтердің сыртқы жеткізушісіне табыстауға қажеттілік туындауы мүмкін. Мұндай жеткізушілерге өнім үлгілерін жеткізумен, жарнамалық материалдарды таратумен, конкурстарды өткізумен байланысты міндеттер табысталуы мүмкін. Beiersdorf тобындағы басқа үлестес компаниялардан Beiersdorf  сіздің жеке мәліметтеріңізді біздің тапсырмаларымызға және мәліметтердің құпиялылығы туралы осы жариялымға, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу тәртібі бойынша заңнамалық нормаларға сәйкес  сақтауды талап етеді. 

    5. Біздің веб-сайтқа кіргенде автоматты түрде сақталатын ақпарат/куки файлдарын қолдану  

    Біздің сайтта куки файлдары қолданылады. Куки – сіздің браузеріңізбен  компьютеріңіздің қатқыл дискінде сақталатын мәліметтердің шағын бөліктері.  
    1. КУКИ ФАЙЛДАРЫ
    2. Сайтымызды пайдалануды жақсарту үшін біз куки файлдарын пайдаланамыз. Куки –  біздің браузермен сіздің компьютеріңіздің қатқыл дискінде сақталатын, біздің веб-сайтты пайдалану үшін қажетті мәліметтердің шағын бөліктері. Біздің веб-сайт қалай қолданылатынын түсіну үшін және бағытты жақсарту үшін біз куки-файлдармен жұмыс істейміз. Куки бізге, мысалы, біздің веб-сайттағы белгілі бір парақша қанша қаралғанын анықтауға көмектеседі. Куки бізге сіз сайтымызға алғаш рет кіргеніңіз немесе оны бұрын қарағаныңыз туралы да айта алады. Біз  сақтайтын куки файлдарында ешқандай жеке мәліметтер жоқ және олар қандай да бір басқа түрде жеке сәйкестендіргіш ақпаратты жинамайды. Егер сіз куки-файлдарын алғыңыз келмесе, интернет-браузеріңізді барлық куки-файлдарды сіздің компьютеріңіздегі қатқыл дискіден жою үшін куки-файлдарына тосқауыл қою үшін немесе куки-файлды сақтау алдында ескерту алу үшін реттеуіңізді өтінеміз. 

    3. Пайдаланушының ұнататындарына негізделген интернет-жарнама куки файлдары

    4. Біздің веб-сайтқа кіргендердің пайдаланушылық тәртібін талдау нәтижесінде біз алған куки файлдары арқылы, сізге біздің веб-сайттағы өнімдеріміз туралы белгілі бір жарнаманы көрсету үшін ақпаратты қолдану құқығын өзімізге қалдырамыз. Сізге пайдаланушы ретінде бұл пайдалы деп санаймыз, өйткені біз болжауымыз бойынша сізді қызықтыратын жарнаманы немесе басқа контентті көрсетеміз, демек, сіз өзіңізді қызықтырмайтын кездейсоқ жарнама немесе материалды алмайтын боласыз. 

      Біздің компания ерікті түрде өздігінен реттелетін ұйымның ережелерін – Германияның интернет-жарнама саласында мәліметтерді қорғау бойынша кеңестің (DDOW) ережелерін сақтайды. Сіз өздігінен реттелетін бізге қолданылатын кодты, сонымен қатар толық ақпаратты мына www.meine-cookies.org/ddow.html сайттан таба аласыз. 

    5. Сіздің қатқыл дискіңізде куки файлдарының сақталуын қалай болдырмау керек және/немесе оларды қалай жою қажет 

      Сіз өз браузеріңізді куки файлдары сіздің қатқыл дискіңізде  сақталмауы үшін және/немесе сіз куки файлдарын қосқыңыз келе ме деген сұрақты үнемі алу үшін реттей аласыз. Сіз сол сияқты кез келген уақытта қатқыл дискіңізге орнатылған куки файлдарды жоя аласыз. Бұны қалай жасау керектігі туралы толық ақпаратты браузеріңіздің пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз. Мына сілтеме арқылы сіз http://www.meine-cookies.org/cookies_verwalten/index.html.браузерлеріне арналған мәтін және суреттер түріндегі түсіндірмелерді ала аласыз. Егер сіз куки файлдарын сақтауға тыйым салсаңыз, бұл сайтымызды қолданудың функционалдық шектеулеріне әкелуі мүмкін. 
       
    6. Біз қолданылатын куки файлдары

    7. (1) Google Analytics

      Осы веб-сайт  Google Analytics, Google Inc (Google) желі талдауы бойынша сервисін қолданады. Google Analytics куки файлдарының ерекше түрін қолданады – сіздің компьютеріңізде сақталатын және веб-сайтты пайдалануыңызды талдауға мүмкіндік беретін мәтіндік файл. Осы веб-сайтты пайдалануыңыз туралы,  жалпы ереже бойынша куки файлмен жиналған ақпарат АҚШ Google серверіне жіберіледі және сонда сақталады. Біз осы веб-сайттағы Google Analytics ІР-мекенжайлардың анонимдік жазбасын (аталмыш "IP бүркеніші") қамтамасыз ету үшін “gat._anonymizeIp();” кодынан тұратынына назар аударғымыз келеді. ІР-мекенжайларды анонимдеу нәтижесінде аталған веб-сайтта,  Google сіздің IP-мекенжайыңызды ЕО және Еуропалық экономикалық қоғамдастық қатысушылар тараптарының аумақтары шегінде қысқартады. Тек қана ерекше жағдайларда ғана АҚШ Google серверіне толық мекенжай жіберіледі және сол жерде қысқартылады.

      Google осы ақпаратты біздің атымыздан сіздің осы веб-сайттыен қолдануыңызды талдау үшін және веб-сайттағы белсенділік туралы есептер құрастыру үшін және веб-сайтты және интернетті қолдануға қатысты қосымша қызметтерді веб-сайттың операторына қамтамасыз ету үшін қолданады. Сіздің браузеріңізбен Google Analytics берілген ІР-мекенжай Google-дың басқа мәліметтеріне қосылмайды. Сіз өз браузеріңізде сәйкес реттеулерді орнатып, куки файлдарының сақталуын болдырмауға мүмкіндігіңіз бар, жоғарыдағы 5 в-бөлім ) қараңыз. Сонымен қатар сіз Google  үшін сіздің веб-сайтты пайдалануыңызға қатысты және куки-файлдарымен жиналған мәліметтерді (соның ішінде сіздің ІР-мекенжайыңыз) жазуға және осы мәліметтерді өңдеуге тыйым жасай аласыз, ол үшін келесі сілтеме арқылы өз браузеріңізге плагинді жүктеп, орнатыңыз:  https://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=en.  Мәліметтерді қолдану және қорғау ережелері туралы толық ақпаратты мына жерден табуға болады: 
      http://www.google.com/analytics/terms/us.html
      http://www.google.com/analytics/learn/privacy.html?hl=en немесе 
      http://www.google.com/intl/en/policies/privacy/

       

      (2) Google AdWords

      Осы веб-сайт Google AdWords, Google талдау қызметін және  Google AdWords-тың бір бөлігі болып табылатын конверсияны бақылауды қолданады. Бұл келесі түрде жұмыс істейді: сіз Google көрсететін жарнамалық хабарламаға басқан кезде  Google AdWords конверсияны бақылау үшін («конверсиялық куки файлы») куки файлды сіздің компьютеріңіздің қатқыл дискісіне сақтайды.  Бұндай куки файлдары 30 күннен кейін күшін жояды және сіздің жеке тұлғаңызды сәйкестендіру мүмкіндігін бермейді. Егер сіз біздің веб-сайтымыздың белгілі бір парақтарымызға кірсеңіз, біз және Google сіздің хабарламаға басқаныңызды және осы параққа бағытталғаныңызды біле аламыз.  

      Конверсиялық куки файлдары арқылы жиналған ақпарат конверсияны бақылауды қолданатын Adwords клиенттері үшін статистика жинау үшін қызмет етеді. Осы статистикалық ақпараттың арқасында біз Google жарнамалық хабарламаны басқан және конверсияны бақылау тэгі бар парақшаға кірген пайдаланушылар санын біле аламыз. 

      Біз сол сияқты AdWords мәліметтерді және DoubleClick кез келген куки файлдарын статистикалық мақсатта талдау үшін Google Analytics қолданамыз.  Егер сіз бұны қаламасаңыз, сіз жарнамалық қалаушылық менеджерінен (Ad Preferences Manager ) бұл қызметті өшіре аласыз:   (https://www.google.com/settings/u/0/ads?hl=en).

      Google компаниясының ремаркетинг қызметімен біз веб-сайтымызға кірген пайдаланушыларға жүгінуге мүмкіндігіміз бар. Мысалы, біз өнімімізге немесе қызметтерімізге қызығушылық танытқан мақсатты топқа хабарландыруларды көрсете  аламыз.  Сонымен қатар, веб-сайттардағы пайдаланушылардың алдыңғы 30 күнде Google жарнамалық желісіндегі (жарнамалық-баннерлік желі) тәртібіне негізделіп және мәнмәтіндік іздеуші көмегімен AdWords бағдарламасы біздің веб-сайт пайдаланушылардың ортақ қызығушылықтар мен сипаттамаларын анықтайды. Осы ақпаратқа негізделіп, AdWords бағдарламасы маркетинг мақсаттары үшін веб-сайтымыздың пайдаланушыларының қызығушылықтары мен сипаттамаларына ұқсас жаңа әлеуетті клиенттерді табады. Пайдаланушылардың белгілі топтары үшін мақсатты ремаркетинг Google Analytics куки және Google DoubleClick куки сияқты бірнеше куки файлдарын қолдану арқылы орындалады.
       
      Google AdWords мәліметтерін қолдану және құпиялылығы туралы ережелер мен шарттар туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына параққа кіріңіз: http://www.google.de/policies/technologies/ads/.

       

      (3) Google DoubleClick

      Біз веб-сайттардың қолданылуына баға беру үшін және біздер үшін, Google компаниясы үшін және DoubleClick ынтымақтастық ететін басқа жарнама берушілер үшін сіздің қызығушылығыңызға сай жарнаманы көрсетуді мүмкін ету үшін 
      Google DoubleClick қызметін қолданамыз. Ол үшін сіздің компьютеріңіздің қатты дискісіне куки файлдары жазылады. Осы куки файлдарының көмегімен сіздің браузеріңізге анонимдік сәйкестендіру нөмірі беріледі, және браузеріңізде көрсетілетін және бағаланатын жарнама туралы ақпарат жиналады. Сіздің веб-сайттарды пайдалануыңыз бойынша куки файлдарымен жиналған ақпарат, әдетте, АҚШ  Google серверіне беріледі және сонда сақталады. Жиналған ақпарат негізінде сіздің браузеріңізге қызығушылықтар бойынша белгілі санаттар беріледі. Осы санаттар қызығушылықтар бойынша жарнаманы көрсету үшін қолданылады.  

      Сіздің браузеріңіздегі баптауларды өзгертуден басқа, сіз сол сияқты браузердің плагині арқылы DoubleClick кукиді тұрақты түрде өшіре аласыз. Тіпті сіз барлық куки файлдарын өшірсеңіз де, плагинмен бірге сіздің өшіру бойынша орнатуларыңыз браузерде сақталады. Перманентті өшіру үшін браузердің плагинін мына жерден алуға болады.  

      Біздің веб-сайтты пайдаланып, сіз DoubleClick куки компьютеріңізде сақталатынына және ақпарат жоғарыда аталған әдіспен жиналатынына, сақталатынына және жоғарыда аталған мақсатта қолданылатынына келісім бересіз. Сіз сол сияқты сіздің мәліметтеріңіз куки файлдарында сақталатынына және браузер сессиясы аяқталған соң сіз, мысалы, веб-сайтқа қайта кіргенде қолжетімді болатынына келісесіз. Сіз кез келген уақытта келешектегі сәйкесінше салдарын біле отырып, DoubleClick куки файлдарын жою мен оларды тұрақты түрде өшіру жолымен аталған келісімді қайтара аласыз.  

       

       
      (4) Optimizely

      мінсіз суретті және функционалды ұсыну үшін біздің ұсыныстар Optimizely Inc компаниясының Optimizely веб-талдау сервисімен жүзеге асырылатын А/В тесттеріне және көп нұсқалы талдауға негізделеді. Бұл сервис кірген адамның браузерін сәйкестендіру үшін және осы веб-сайтты қолдануын талдау үшін куки файлдарын пайдаланады. Optimizely сіздің мәліметтеріңізді қалай өңдейтіні туралы толық ақпаратты сіз осы жерден. таба аласыз. Сіз  http://www.optimizely.com/opt_out, парағындағы немесе http://www.nivea.de/?optimizely_opt_out=true. сілтемесіне өтіп Optimizely бақылауын өшіре аласыз. Егер сіз кейін Optimizely талдау қызметін қайта іске қосқыңыз келсе, мына сілтемеге: http://www.nivea.de/?optimizely_opt_out=false өтуіңізді өтінеміз. 

       

      (5) Bunchbox

      Мінсіз суретті және функционалды ұсыну үшін біздің ұсыныстарды жетілдіру белгілі бір жағдайларда Bunchbox сайтты оңтайландыру құралын қолданумен іске асырылатын А/В тесттеріне және көп нұсқалы талдауға негізделеді. Бұл сервис  пайдаланушының браузерін сәйкестендіру және біздің веб-сайтты қолдануды оңтайландыру үшін куки файлдарын қолданады. Сіз  http://www.nivea.de/?_bb_optout=1.  сілтемесіне өтіп Optimizely бақылауын өшіре аласыз. Егер сіз кейін Optimizely талдау қызметін қайта іске қосқыңыз келсе, мына сілтемеге өтуіңізді өтінеміз: http://www.nivea.de/?_bb_optout=0.

    6. Әлеуметтік плагиндер/ Shariff арқылы интегралдау

    Әлеуметтік желілердің әлеуметтік плагиндері («плагиндер») біздің веб-сайттарда қолданылады, атап айтқанда  facebook.com веб-сайты Facebook Inc. компаниясының (1601 S. California Ave, Palo Alto, CA 94304, USA) басқаруындағы Facebook ұсынған «Бөлісу» немесе «Достарыңмен бөлісу» тетіктері. Facebook Ireland Limited компаниясы (мекенжайы: Hanover Reach, 5-7 Hanover Quay, Dublin 2, Ireland) facebook.de неміс веб-сайт үшін жауапкершілік артады. Бұл плагиндер әдетте Facebook логотипімен белгіленген. Facebook-тен басқа біз Google+ плагиндерін қолданамыз (Провайдер: Google Inc., Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA 94043, USA), Twitter (Провайдер: Twitter, Inc., 1355 Market St, Suite 900, San Francisco, CA 94103) және Pinterest (Провайдер: Pinterest Inc., 808 Brannan Street San Francisco, CA 94103, USA).

    Мәліметтердің құпиялығына байланысты түсініктер бойынша біз әдейі біздің веб-сайттарда әлеуметтік желілердің плагиндерін тікелей қолданудан бас тарттық. Оның орнына біз  Shariff шешімін қолданамыз. Shariff көмегімен біз өзіміз сәйкес әлеуметтік желілердің мәліметтері операторға жете ме, және қай кезде екендігін анықтай аламыз. Сондықтан ешқандай мәліметтер Facebook, Google+, Twitter немесе Pinterest сияқты осындай әлеуметтік желілерге сіз біздің веб-сайтқа кіргенде автоматты түрде берілмейді. Егер сіз сәйкес тетікті бассаңыз ғана, біздің веб-браузер әлеуметтік желілердің серверлерімен байланыстырады. Осылайша, сәйкес тетікті (мысалы, «Жіберу», «Бөлісу» немесе «Достармен бөлісу») басу жолымен сіз сіздің веб-браузеріңіз сәйкес әлеуметтік желілердің серверлерімен байланысатынына және мәліметтерді әлеуметтік желі операторына беретіндігіне келісесіз. 

    Бұл жағдайда желілердің жинайтын мәліметтер табиғатына және санына әсер ететін мүмкіндігіміз жоқ. Сәйкес әлеуметтік желілермен мәліметтерді жинау көлемі және кейінгі өңдеуге қатысты, сонымен қатар сіздің құқықтарыңызға және осыған байланысты сіздің жеке өміріңізге қол сұқпауға қатысты толығырақ ақпарат алу үшін сәйкес әлеуметтік желілерідің құпиялылық саясаттарына жүгінуіңізді сұраймыз,  мысалы  Facebook үшін http://www.facebook.com/about/privacy/ және http://www.facebook.com/help/?faq=186325668085084 парақтарында. Google+ немесе Twitter желілерімен мәліметтерді қолдану туралы толығырақ ақпаратты  http://www.google.com/intl/policies/privacy/ немесе http://twitter.com/privacy, ал Pinterest —  http://about.pinterest.com/privacy/ табуға болады.

     

     

    7. Әлеуметтік желілер арқылы кіру

    NIVEA пайдаланушы аккаунтына тіркелген кезде немесе кіргенде, сізде сол сияқты сәйкестендіруге және осыдан кейін сайтқа келесі Facebook, Twitter немесе Google+ әлеуметтік желілердің біріндегі қолданыстағы профиль көмегімен тіркелуге немесе кіруге мүмкіндігіңіз бар.  

    Осы мақсатта сіз сайтымыз қолдайтын тіркелу парағында немесе сайтқа кіру парағында әлеуметтік желілердің провайдерлерінің сәйкес белгілерін көре аласыз. Провайдермен байланыс орнату алдында сіз төменде сипатталған мәліметтерді тапсыру процессіне келісім беруіңізді растауыңыз қажет: 

    Сіз сәйкес белгіге басқан кезде әлеуметтік желіге кіру үшін сіздің деректеріңіздің көмегімен жүйеге кіру қажет болатын жаңа терезе (қосымша) ашылады. Кіру сәтті аяқталған соң әлеуметтік желі сізге сайтқа тіркелу немесе кіру процессі аясында сәйкестендіру үшін бізге қандай мәліметтер (аты және е-мейл) жіберілгендігін хабарлайды. Егер мәліметтерді осылай табыстауға келіссеңіз, біздің сайтта тіркелу кезінде толтырылатын жолдар берілген мәліметтермен толтырылады. Сайтта тіркелу немесе кіру үшін бізге келесі мәліметтер қажет: (а) сіздің атыңыз және (б) сіздің электрондық пошта адресіңіз.  

    Сіз жіберген және қажетті мәліметтерді қолдануға келісім берген соң ғана сіздің мәліметтеріңізді сақтаймыз және 2-тармақта аталған мақсаттарда қолданамыз. Біздің компаниямызбен NIVEA пайдаланушы аккаунтын орнату мен сіздің сәйкес әлеуметтік желі аккаунтын орнату арасында сәйкестендіру процессі арқылы ешқандай байланыс жоқ.  

    Сайтқа тіркелу және кіру үшін сәйкестендіру процессін жүргізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету мақсатында сіздің ІР-мекенжайыңыз әлеуметтік желінің сәйкес провайдеріне табысталады. Біз әлеуметтік желінің сәйкес провайдерінің мәліметтерді  жинау мақсаты мен жинау көлеміне және  кейінгі өңдеуіне ешқандай әсер етпейміз. Осы туралы толық ақпарат алу үшін сәйкесінше провайдердің Мәліметтердің құпиялылық саясатын оқыңыз. 

    Facebook мәліметтер құпиялылығының саясаты —  https://www.facebook.com/about/privacy/

    Google+ мәліметтер құпиялылығының саясаты — http://www.google.com/policies/privacy/

    Twitter мәліметтер құпиялылығының саясаты —  https://twitter.com/privacy?lang=de

     

    8. Байланыстар, ақпаратты сұрату, қайтару, бұғаттау, жою

    Кез келген уақытта келешекте сіздің жеке мәліметтеріңізді пайдалану мақсатында сіз мәліметтерді ішінара немесе толық жойылуына, оларды бұғаттауға, түзетуге, сонымен қатар бізде сақталатын сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеу туралы ақпаратты сұратуды тегін жасай аласыз. Белгілі бір нысанды ұстанудың қажеті жоқ. Сіз бізге, мысалы, nivea@beiersdorf.com электрондық пошта мекенжайына жазсаңыз болады немесе веб-сайттағы  байланыс нысанын  қолдансаңыз болады. 

    9. Мәліметтердің қауіпсіздігі

    Біз сіздің мәліметтеріңіздің жоғалуынан, өзгеруінен және үшінші тұлғалар тарапынан қатынаудан қорғау үшін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің рет-жосықтары үнемі технологиялық прогресске сәйкес болу үшін жаңарып отырады.  

    10. Жаңартулар мен түзетулер

    Біз сізге алдын ала хабарлаусыз, сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеуге берген келісіміңіздің бөліктерін өзгертуге немесе жаңартуға құқылымыз. Біздің веб-сайтты пайдалану алдында жеке мәліметтерді өңдеуге келісім түрін қандай да бір жаңартулар немесе түзетулерді қабылдау кезінде соңғы редакциясын біліп жүру үшін үнемі тексеруіңізді сұраймыз. Жеке мәліметтерді өңдеуге келісімнің соңғы редакциясы: 2015 жылғы қазан.