Біз сайтымызды оңтайландыру мақсатында пайдаланушыларымыздың тәртібін талдау үшін бағдарламалық құралдарды пайдаланамыз. Бұдан кез келген уақытта бас тарта аласыз.
Экологиялық материалдар: NIVEA планетаның қамын қалай ойлайды
Белгіні басу арқылы, Құпиялылық Саясатымен танысып, ережелерін қабылдайтыныңызбен келісесіз.
NIVEA қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мен көміртегі ізін азайту үшін қаптама материалын қалдықсыз өндіруге және жауапты пайдалануға қол жеткізуге ұмтылады. Біздің мақсаттарымыз:
пластикті қолдануды азайту,
ол үшін жарамды бұйымның бәрін қайта өңдеу,
пластикті экологиялық материалдарға алмастыру,
қаптаманың қайта қолданылуына жағдай жасау.
Бұл мақалада экологиялық қаптаманы не үшін жасайтынымызды және осы бағыттағы жетістіктеріміз туралы біле аласыз.
ҚАЙТАЛАМА ПЛАСТИКТІ ҚОЛДАНУ
Пластикпен ластану ғаламдық проблемаға айналды. Сондықтан NIVEA қазбалы шикізаттан алынатын пластмассаны қолдануды қысқарту бойынша ауқымды мақсаттар қойды. Біз қаптамамыздағы қайта өңделген материалдардың үлесін біртіндеп ұлғайтамыз, сондай-ақ оны қайта өңдеп, қайтадан қолдану үшін оның жарамдылығын арттырамыз.
Қаптама құрамындағы пластик мөлшерін азайтудың бір әдісі — оның орнына ағаш материалдарын, мысалы, қағаз бен картонды қолдану. Бұл ретте осы материалдардың ормандарға көп зиянын тигізбейтін орманды дұрыс пайдалану нәтижесінде алынғаны біз үшін маңызды. Біз табиғатқа ұқыпты қараудың қамын ойлаймыз.
Бөлісу
Белгіні басу арқылы, Құпиялылық Саясатымен танысып, ережелерін қабылдайтыныңызбен келісесіз.