Шаштардың әдемілігіне арналған күтім жөніндегі үздік кеңестер

Шаш күтімі бойынша кеңестер

Жуу, кептіру, сәндеу: шашқа қалай күтім жасайды

Шаш өздігінен әдемі болып кетпейді! Шаш құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, оған тиісті күтім жасау үшін шашыңыздың түріқандай екенін білу пайдалы. Шаш күтімі бойынша көптеген кеңестер шаштың барлық түрлеріне жарайды.

 

Бұйра шашқа күтім жасау бойынша ұсыныстар

Қарқынды күтім жасау денеңіз бен бетіңізге ғана емес, шашыңызға да қажет, әйтпесе шашыңыз құрғақ болып, тарауға келмейтін болады. Бұйра шаш түзу шашқа қарағанда табиғатынан айрықша қосымша күтімді қажет етеді. Сондықтан шашыңызға аптасына бір рет нәрлендіргіш маска жағуға кеңес береміз. Оған қоса, шаш күтімінің өзіңізге тән бағдарламасын жасауыңыз тиіс. Шашты жуғаннан кейін қолданылатын кондиционерді мерзімді қолданыңыз және фенді жиі пайдаланбауға тырысыңыз. Өте жиі болатын термиялық әсер шаш құрылымының зақымдалуына алып келеді.

 

Қалың шашқа күтім жасау бойынша ұсыныстар

 Тіпті егер шашыңыз қалың тарауға келмейтін болса да, қамықпаңыз! Шаштың сыртқы түрін керемет етіп көрсете аласыз. Шашыңыз терең нәрлендіруді қажет етеді, сондықтан сізге шашты жуғаннан кейін әрбір екінші рет кондиционерді қолданып, шашты табиғи жолмен кептіруге кеңес береміз. Таралуға келмейтін шашты сәндеп қою бойынша кеңестеріміз: шашыңыз жан-жаққа үрпиіп тұрмас үшін шаштың ұшына шашты сәндеуге арналған кремнің немесе мустың азғантай мөлшерін жағыңыз.

 

Сау әрі жібектей шашты қалпына келтіру

Шаш жылтырап, көлемді болған кезде ғана сау болып көрінеді. Алайда көп жағдайда шашымызға нәрлендіру мен жылтырау жетіспей жатады, сондықтан шаш сыңғақ әрі өңсіз болып көрінуі мүмкін. Біздің шаш күтімі бойынша кеңестеріміз: шашыңызды тереңнен қалпына келтіріңіз. Шаш күтімі кезінде нәрлендіргіш заттардың бас терісі мен шашты жақсы қанықтыруы үшін құралды бірден жуып тастамаңыз, оны біршама уақытқа қалдырыңыз. Шашыңыз қайтадан жібектей жылтырап шығады, ал оны тарау әлдеқайда оңай болады. 

 

Шашқа күнделікті күтім жасау бойынша кеңестерЕгер шашыңызға көлем жетіспейтін болса, шаштың көлемін арттыру үшін арнайы әзірленген құралдарды қолданыңыз. Шашты лезде көлемді етуге шашты фенмен дұрыс кептіру техникасы көмектеседі: ауа ағынын әрдайым өсу бағытына қарама-қарсы бағытта ұстаңыз. Бұл шашты түбінен көтеруге көмектеседі. Әлсіз әрі зақымдалған шаш күтіміне арналған нәрлендіргіш кондиционерлерді қолданыңыз және сәндеген кезде шашты термиялық әсерге ұшыратпаңыз. Күтім жасауға қажетті құралдарды пайдаланатыныңызға көз жеткізіңіз. Шашыңыздың түріне сәйкес келетін сусабындар мен кондиционерлерді пайдаланғанда ғана шашыңыз сау болып қалады.