Шаштардың әдемілігіне арналған күтім жөніндегі үздік кеңестер

Шашыңыз-
дың түрі қандай?

Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау

Арманыңыздағы шашқа қол жеткізу кеңестері

Тегіс әрі жұмсақ теріні қоспағанда, әйелдердің көбі, ең алдымен, әдемі шашты қалайды. Шаш түсуге төзімді, жылтыраған, сау әрі қайратты болуы тиіс. Осының барлығына қол жеткізіп, әдемі шашқа ие болу үшін шашқа күтім жасауда айтарлықтай күш салу қажет. NIVEA ұсынған шаш күтімі мен сәндеуге арналған құралдары бір-бірін толықтырады!

 

Әдемі шашқа айтарлықтай тиімді күтім қажет болады

Егер шашыңыз әдемі болғанын қаласаңыз, оған күтім жасауда айтарлықтай күш салу қажет. Сондықтан нәрлендіргіш сусабынды таңдаған дұрыс болады, олар шашты жуған кезде-ақ күтім жасайтын әсер беріп, шаштың сұлулығын қамтамасыз етеді. Тиісті кондиционер күтімді одан бетер тиімді етіп, шаштың таралуын жеңілдетеді.

 

Дұрыс күтім жасау әдемі шаш үшін маңызды

Күтім жасауда артық кетпеуге бола ма немесе құралдарды дұрыс пайдаланбау мүмкін бе? Әрине, сусабындарды, кондиционерлерді, күтім жасау мен сәндеу құралдарын таңдай отырып, олар шашыңыздың түріне оңтайлы шешім болып табылатынына көз жеткізіңіз. Шашты термиялық әдіспен жиі сәндейсіз бе және шашыңыздың ұшы құрғақ па? Егер солай болса, сұлулығын қалпына келтіруге көмектесетін әлсіреген шашқа арналған құралдарды таңдаңыз. Сондай-ақ ұзын және боялған шашқа, және де қайызғақпен күресуге арналған құралдардың өнімдер қатары бар. Шашыңыз онсыз да әдемі ме? Онда күнделікті күтім жасауға арналған қалыпты шашқа арналған құралдарды қолданыңыз. Олар жеткілікті түрде ылғалдандырып, бас терісінің табиғи теңгерімін сақтап, шашыңызды тегіс әрі жібектей етеді.

 

Әдемі шаш: сусабын мен бальзамнан басқа

Шаш өздігінен әдемі болмайды – шамалы күш жұмсау қажет. Аптасына бір немесе екі рет шашқа арналған масканы жағыңыз. Нәрлендіргіш ингредиенттері шашқа терең енеді де, қосымша күтіммен қамтамасыз етеді. Масканы шаштың ұшына жағыңыз да, оны түбіне тигізбестен, шаштың бүкіл ұзындығына таратып жағыңыз. Масканы шамамен 5 минутқа қалдырыңыз, сосын оны жылы сумен шайыңыз. Осылайша, ішінен жылтырайтын және ұстағанда жұмсақ болатын әдемі шашқа қол жеткізесіз. Мінсіз сәнделген әдемі шаш. Шаш қоюға арналған мусс пен шашқа арналған лак әдемі шашқа қажетті пішім беруге көмектесетін таптырмайтын негізгі құралдар қатарына жатады. Шаш қоюға арналған құралдар ассортиментінде шаштың нақты түрінің ерекшеліктерін ескеретін түрлі өнімдер қатары да берілген. Қосымша көлем, жылтырау немесе шаш қою – NIVEA ұсынған шаш қоюға арналған дұрыс құралдармен әдемі шаш одан да жақсы көрінеді.