Бұл ингредиент косметикалық өнімде қолдануға рұқсат етілген консерванттар тобына жатады және қауіпсіз заттар тізіміне (косметика туралы ЕО регламенті, V қосымшасы) енгізілген.
Осы жерден табуға болатындай консерванттар косметикалық өнімдерді қорғауға арналған. Бұл ингредиенттер косметикалық құралдарды сақтау және ұзақ қолдану кезінде бұзылудан және микроағзалармен ластанудан қорғауда маңызды рөл атқарады. Бұл тұтынушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Өнімнің қауіпсіздігі косметикалық өнеркәсіпте ең басты басымдық болып табылады, сондықтан біз рецептурасы микроағзалармен ластануға жол бермейтіндей әзірленген өнімдерді ұсынамыз.
Бактериялар, зеңдер мен өңез әрдайым терімізде, айналамыздағы ауада, тіптен ішіп отырған суымызда да тіршілік етеді. Олар тұрақты қолданылатын косметикалық өнімдерге түсіп кетуі мүмкін.
Әсіресе көздің айналасына және теріге қолданылатын өнімдердің ластану деңгейі жоғары болған жағдайда айтарлықтай проблемалар тудыруы мүмкін. Консерванттар өнімдегі микроағзалардың көбеюін тоқтата отырып, осы проблемалардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өнімдерімізде аса жиі қолданылатын косерванттар феноксиэтанол және парабендер болып табылады.
Бөлісу
Белгіні басу арқылы, Құпиялылық Саясатымен танысып, ережелерін қабылдайтыныңызбен келісесіз.