• Күндізгі кремдер
  • Маскалар
  • Түнгі кремдер
Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау

Сіздің теріңіз өзіңіз сияқты бірегей

Теріңіздің қажеттіліктеріне мінсіз сәйкес келетін бетке арналған кремді таңдап алу үшін теріңіздің түрін білуіңіз қажет. Тек осылайша ғана өзіңізге жақсы келетін бет терісінің күтіміне арналған құралдарды таңдай аласыз. Теріңіз құрғап, тартылып қалатынын жиі сезесіз бе? Теріңіз қабынуға бейім бе? Сіз қатты жарық немесе суық пен ыстық әсер ете ме? Аралас тері, құрғақ тері, проблемалы тері, қалыпты тері немесе сезімтал тері: өзіңізге дәл келетін NIVEA бет терісінің күтіміне арналған құралдары ассортиментінен бетке арналған кремді таңдап алыңыз. Құрғақ теріні қарқынды ылғалдандырыңыз, сезімтал теріні ерекше ұқыпты формуламен еркелетіңіз және проблемалы теріні дақтар мен майлы жылтырдан тиімді тазартыңыз.

Ерекше күтім

Жас ұлғайған сайын теріміз өзгеріп отырады. Жасушалардың регенерациясы баяулайды, коллагенді аз өндіреді және тері ылғалдылығы мен шымырлығынан айырылады. NIVEA теріні зерттеу орталығында жетілген тері қажеттіліктеріне сәйкес бетке арналған ерекше кремдер әзірленді. Инновациялық формулалар әжімдерді көзге көрінетіндей жазып, жаңа әжімдердің пайда болуына жол бермейді, сонда тері анағұрлым сергек әрі жас болып көрінеді. Мерзімінен бұрын қартаюға қатты әсер ететін күннің ультракүлгін сәулесі. Бұл сәулелер ішінара әйнек арқылы енуі мүмкін, сондықтан теріміз күнделікті өмірде үнемі олардың әсеріне ұшырайды. Осы себептен NIVEA-ның күндізгі күтімге арналған көптеген құралдары SPF 15 немесе 30 күннен қорғайды және олардың UVA-сәулелерден арнайы фильтрі бар. 

NIVEA ұсынған кешенді тұрақты тері күтімі

Теріңіз ұзақ уақыт әдемі болып, жарқырағанын сақтауы үшін оған тұрақты күтім қажет. Ол бетке арналған түнгі крем мен көз айналасындағы тері күтіміне арналған ерекше құралдан, сондай-ақ бетке арналған күндізгі кремнен тұруы тиіс. Құралдарды әрқашанда тері күтіміне арналған бір құралдар қатарынан таңдаңыз. Осылайша, қолданатын құралдардағы ингредиенттердің барлығы теріңіздің ерекше қажеттіліктеріне сай келетініне және оңтайлы тиімді әсерге қол жеткізе алатыныңызға сенімді бола аласыз. Әрине, тиісті түрде тазарту бет терісі күтімінің бір бөлігі болып табылады. Тазартқыш құралдарды, гельдер мен скрабтарды пайдаланғанда, осы өнімдерді теріңізге қолдануға болатынына көз жеткізіп алу қажет.