Біз сайтымызды оңтайландыру мақсатында пайдаланушыларымыздың тәртібін талдау үшін бағдарламалық құралдарды пайдаланамыз. Бұдан кез келген уақытта бас тарта аласыз.
Тері күтімі саласында 100 жылдан астам тәжірибеге ие бола отырып, біз терінің әдемі бола алатынына сенеміз және тері туралы бәрін білеміз деуге болады. Өнім сапасына қойылатын ресми талаптарды сақтау біз үшін жеткіліксіз: өнім қауіпсіздігіне қойылатын ішкі критерийлер кез келген сыртқы қағидадан әлдеқайда қатаң болады. Ингредиенттерді қадағалаудың жоғары деңгейі арқасында біз тіпті ең нәзік терінің қажетті күтімді алатынына кепілдік бере аламыз.
... және біз бұны бағалаймыз
Біз жоғары қауіпсіздік стандарттарын ұстану арқылы теріңіздің сұлулығы мен саулығын сақтауға қабілетті ингредиенттерді үнемі іздеп отырамыз. Біз кейбір жағдайларда тері мен қоршаған орта үшін зертханада жасалған ингредиенттер табиғи аналогтарынан әлдеқайда жақсы болатынын білеміз. Мысалы, эфир майларындағы табиғи компоненттер теріні тітіркендіруі не аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Ал зертханада жасалған эфир майлары тіпті сезімтал теріге жұмсақ әсер етіп, қоршаған ортаға да зиян келтірмейді.
Біздің өнімдеріміздің құрамына кіретін ингредиенттерді екі топқа бөлуге болады: Негізгі және Фирмалық. Негізгі ингредиенттер косметикалық өнімдердің теріге күтім жасауына көмектесе отырып, базалық функцияларды атқарады. Осылайша текстуризаторлар мен эмульгаторлар өнімдерді ұстағанға жағымды және қолдануға ыңғайлы етеді. Ал консерванттар NIVEA өнімдерінің сақталуына және нәтижесінде қауіпсіз болуына жауапты.
Фирмалық ингредиенттер күтімімізді ерекше етеді. Олардың көбі — мысалы, коэнзим Q10 — косметика әлемінде нағыз революция жасады. Мұндай ингредиенттер әр тері түрі үшін ерекше күтімді қамтамасыз етіп, оның табиғи функцияларын қалпында сақтап тұрады.
Барлық компоненттер қай топқа жататынына қарамастан түгел бірқатар қатаң сынақтан өтеді. Біз бұны бүкіл NIVEA өнімдері ең жоғары сапа стандарттарына сай болуы және тұтынушылардың сенімін ақтауы үшін жасаймыз.
NIVEA косметикасының құрамындағы ингредиенттер туралы көбірек білгіңіз келе ме? Арнайы сіз үшін олардың жұмысы туралы және брендіміздің тап осы ингредиенттерді қолдану себебін әңгімелеп береміз.
Қазіргі таңда эвцерит — NIVEA косметикалық құралдарының негізі. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын анықталған эмульгатор аңызға айналған NIVEA Cream кремінің негізгі ингредиентіне айналды. Эвцерит — кремдердің су және май компоненттері арасындағы байланыстырушы буын.
Коэнзим Q10 — біздің ағзамыз шығаратын молекула. Ол жасушалы метаболизм үшін қажет. Ол энергия көзі бола отырып, жасушаларымызға өсуге, денсаулықты сақтауға және қалыпқа келуге көмектеседі. Сонымен қатар Q10 — жасушаларға көптеген деңгейде, оның ішінде ДНҚ, протеиндер мен липидтер деңгейінде зиян келтіретін бос радикалдармен күресетін белсенді антиоксидант.
Бадам майын тәтті бадамның піскен дәнін салқындай сығу және артынан тазарту арқылы алады. Жеңіл, тәтті жаңғақ хош иісі бар алтын түсті май көптеген ғасырлар бойы медицинада және тері күтімі өнімдерінде қолданылып келеді.