Сіздің күннен қорғану туралы сұрақтарыңыз бар ма?

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар - мұнда.

1. МЕНІҢ ТЕРІМ ҚАЛАЙ КҮНГЕ КҮЙЕДІ?

Күннің УК-сәулелері әсерінен терінің пигменттік жасушалары қорғаныс шара ретінде меланин атты қоңыр пигмент шығарады. Ол біздің ағзамызбен УК-сәулеленуді жұту және бос радикалдармен күресу үшін шығарылады. Меланиннің шығуы – бұл ағзаның күн сәулесіне деген табиғи қорғаныс реакциясы. Терінің сезімталдығына оның табиғи түсі және күнге күюге деген жеке қабілеті әсер ететіндігін түсінген маңызды. 

2. КҮННЕН ҚОРҒАУШЫ ФАКТОР НЕНІ БІЛДІРЕДІ (SPF)?

Күннен қорғаушы фактор (SPF) сіз күнге қатты күймей, терінің жеке қорғаныс қабілетіне қарай күннің астында қаншалықты ұзақ жүре алатыныңызды анықтайды. Мысалы, егер сіз күннің астында 10 минут отырған кезде күйе бастасаңыз, онда SPF 10 күннен қорғау кремін қолдану «өзін өзі қорғау уақытын» 10 есе арттырады және сізге күннің астында 100 минут бойы қауіпсіз жүруге мүмкіндік береді. Осылайша, күннен қорғанысты тері түріне сәйкес таңдау қажет. Сонымен қатар жақсы қорғаныс үшін қорғаныс құралының дұрыс мөлшерін таңдау қажет. Кеңес берілген мөлшер – бір рет қолдану үшін  2 мг/см2. Басқа сөзбен айтқанда, саусақтың ұзындығындай құрал жолағы бетке жағуға жеткілікті, ал ересек адамның терісі үшін – 2-3 ас қасықтай мөлшері қажет болады. 

3. КҮННЕН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰРАЛДЫҢ ҚАНША МӨЛШЕРІН ЖАҒУ ҚАЖЕТ?

Қорғаныс деңгейі күннен қорғайтын құралдың жағылған мөлшеріне байланысты, сондықтан оны терінің барлық жеріне көбірек жаққан жөн. Әдетте, көп адамдар мойынның артқы бөлігін, кеуденің үстіңгі бөлігін және аяқтың артқы жағын ұмытып кетеді. Күннен қорғайтын құралдарды пайдалану – күннен тиімді қорғанудың маңызды бөлігі: құралды күн сәулелері теріге әсер еткенге дейін жағу қажет. Бір жаққан кезде шамамен құралдың 2-3 ас қасығын пайдалану қажет. Құралды әр 2 сағат сайын, шомылған соң, сүлгімен сүртінген соң немесе терлеген соң  қайталап жағу керек. 

4. БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРГЕ ШЫНЫМЕН ДЕ ӘР ТҮРЛІ КҮННЕН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ ҚАЖЕТ ПЕ?   
Балалардың терісі УК-сәулеленудің әсеріне сезімтал. Балалардың нәзік терісі өте сезімтал, ал нәрестелерде жеке қорғаныс әлі жетілмеген. Терінің жеткілікті қалыңдығы мен пигменттелуге қабілеттілігі тек қана жасөспірім жаста ғана қалыптасады. Бала кезінде жиі күнге күйіп кету кейіннен терінің қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін, сондықтан балалар үшін SPF-қорғаныстың жоғарғы немесе өте жоғарғы дәрежесі бар құралды пайдалану қажет. Сонымен қатар балалар жүзгенді және шомылғанды жақсы көреді. Бұл терінің жеке қорғаныс деңгейін төмендетеді және УК-сүзгілерді жартылай шайып тастайды. Күннен қорғау құралының әрекет ету уақытын барынша арттыру үшін біз экстра суға төзімді қасиеттері бар балаларға арналған лосьондар мен спрейлер дайындадық, ал Kids Swim&Play тіпті суға аса төзімді қорғанышты қамтамасыз етеді.    

«Еуропа косметикасы» Жеке гигиена қауымдастығының бекітілген стандартына сәйкес күннен қорғау құралдарын суға экстра төзімділікке тестілеу кезінде сыналатындар теріге крем жағады, содан кейін ваннаны 20 минуттан 4 рет қабылдайды. Біздің құралдарды суға төзімді жоғарғы қорғанысқа тестілеу кезінде сыналатындар 20 минуттан ваннаны 6 рет қабылдайды, және содан кейін де теріде күннен қорғау құралының 50% артығы қалады.

5. КҮННЕН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫН ҚАЙТАЛАП ЖАҒУ АРҚЫЛЫ ӘСЕР ЕТУ УАҚЫТЫН СОЗУҒА БОЛА МА? 

Қорғау әсері қайталап жағудан артпайды, сондықтан ең басынан бастап SPF-қорғанысы жоғары құралды қолдану маңызды. Қорғаныстың таңдалған деңгейін сақтау үшін сүлгі қолдансаңыз немесе шомылсаңыз да әр 2 сағат сайын қайталап жағу қажет. 

6. «СУҒА ТӨЗІМДІ» ҰҒЫМЫ НЕНІ БІЛДІРЕДІ? 

Суға төзімділікті тестілеу үшін Еуропада «Еуропа косметикасы» Жеке гигиена қауымдастығымен (косметика индустриясындағы басты ұйым) құпталған стандарт бар. Осы стандартқа сәйкес барлық біздің суға төзімді күннен қорғау құралдарымыз тәуелсіз ұйымдарда суға төзімділікке сыналған және осы сынақтан сәтті өтті. Өнімді жаққаннан кейін сыналатындар 20 минуттан ваннаны 2 рет қабылдайды (суға төзімділікке) немесе 20 минуттан 4 рет қабылдайды (суға экстра төзімділікке), содан кейін теріде құралдың кем дегенде 50 % мөлшері қалуы тиіс. Алайда суға төзімділік күннен қорғаудың бастапқы деңгейі уақыттың шексіз мөлшерінде сақталады дегенді білдірмейді. 

7. ӨТКЕН ЖЫЛДАН ҚАЛҒАН КҮННЕН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА, ӘЛДЕ ҚОРҒАНЫС ТИІМДІЛІГІ АЗАЯ МА? 

Біз тауар сапасына ашылғаннан кейін 12 ай бойы кепілдік береміз. Егер өнім бөлме температурасында қалыпты жағдайда сақталса, түрі мен түсін өзгертпесе, сіз оны келесі жылы да қолдана аласыз.
Сақтау мерзімі физикалық тұрақсыздық (сұйықтықтың қабаттасуы), өнім иісі немесе түсінің өзгеруі сияқты факторларға байланысты. Күннен қорғау деңгейі уақыт өте келе азаяды және тек қана жаңадан шыққан өнімдер ғана толық қорғанышпен қамтамасыз етеді деген кең таралған пікір дұрыс емес. 

8. КҮННЕН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰРАЛДАРДЫ NIVEA ҰСЫНҒАН ДЕНЕ НЕМЕСЕ БЕТ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРМЕН БІРГЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА? 

Бұл мүмкін, егер сіз алдымен NIVEA ұсынған күннен қорғайтын құралды жақсаңыз, 15-30 минут күтіп, тек содан кейін ғана NIVEA ұсынған дене немесе бет күтіміне арналған құралды қолдансаңыз. Мұндай жағдайда күннен қорғау құралының УК-А және УК-В сүзгілерінің тиімділігі төмендемейді. 

9. КҮНГЕ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫ НЕ ТУҒЫЗАДЫ?  

Күн аллергиясының себебі УК-сәулелену әсерінен тері жасушасында бос радикалдардың пайда болуынан туындаған оксидативті стресс болып табылады. Бұл иммундық жүйенің өте қатты әсер беруін, қабыну процесстерін және көптеген аллергиялық симптомдарды туғызады. Негізінен бұған терісі сезімтал адамдар шалдығады, олар тұрғындардың шамамен 20% құрайды. Бұл қауіпті емес, алайда өте жағымсыз әсерлер туғызады. Егер УК-А және УК-В сүзгілерінің қорғаныс жүйесін дұрыс теңгерімге келтірсе, әсіресе УК-А сәулеленуден қорғаныстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етсе, күн аллергиясын болдырмауға мүмкіндік туады. Тері жасушаларын қорғайтын Е дәрумені сияқты белсенді заттар терінің күн әсерінен қорғанысын күшейте алады. Сіз түрлі дәрежеде қорғайтын ең жақсы жиынтықты таңдап алуыңыз үшін біз күннен қорғайтын лосьондар мен спрейлердің алуан түрін ұсынамыз. Терісі сезімтал адамдар үшін біз NIVEA Sun Protect & Sensitive құралдарын қолдануға кеңес береміз. 

11. КҮННЕН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ ТЕРІ ОНСЫЗ КҮЙГЕНДЕГІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА, НЕГЕ ҚАТТЫ КҮЙМЕЙДІ? 
 Көп адамдардың ойынша күннен қорғау факторы (SPF) жоғарғы құралдар күю процессін баяулатады деп ойлайды, және сондықтан (SPF) төмен өнімдерді қолданады. Дегенмен SPF-қорғанысы жоғарғы құралдардың өзі де күюге кедергі келтірмейді. Әрине, бұл процесс көп уақыт алады, бірақ ол сіздің теріңізді аяулайтын процесс болады. УК-сәулелену әсеріне кедергі жасай отырып, күннен қорғау факторы жоғары құралдар теріні күн күйігінен және алдын ала қартаюдан қорғайды. 

12. NIVEA ҰСЫНҒАН ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

NIVEA  ұсынған барлық құралдар өндірілген күннен бастап өнімнің ерекше жарамдылық мерзімі болатын жағдайлардан басқа, жабық күйінде 30 ай сақталуы мүмкін. Жоғарғы температура мен күн жарығының әсері уақыт өте келе өнім құрылымының өзгеруін тудыруы мүмкін. Біз сұйықтығын, түсін немесе иісін өзгерткен кез келген ескі өнімдерді тастауға кеңес береміз.  

13. КҮН АЛЛЕРГИЯСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ НЕДЕ?  

Күн аллергиясының себебі тері жасушаларында УК-сәулелену әсерінен бос радикалдардың пайда болуы мен туындайтын оксидативті стресс болып табылады. Бұл иммундық жүйенің өте қатты әсер беріп, салдарынан қабыну процесстеріне және көптеген аллергиялық симптомдардың пайда болуына алып келеді. Негізінен, бұған терісі сезімтал адамдар шалдығады, олар шамамен тұрғындардың 20% құрайды. Бұл қауіпті емес, алайда өте жағымсыз әсер туғызады. Егер УК-А және УК-В сүзгілерінің қорғаныс жүйесі дұрыс теңгерілсе, күн аллергиясынан құтылуға болады, әсіресе УК-А сәулеленуден қорғаныштың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етсе. Тері жасушасын 

 

Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен сайттағы кері байланыс үлгісінің көмегімен хабарласуыңызды өтінеміз.