ТАЗАЛАҒЫШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖАҢА ӨНІМДЕР ҚАТАРЫМЕН БЕТІҢІЗГЕ КҮТІМ ЖАСАҢЫЗ

NIVEA DERMA Skin Clear: 7 күннен кейін-ақ таза әрі сау тері

БІЗДІҢ ИННОВАЦИЯ

DERMA Skin Clear ТҮНГІ ХИМИЯЛЫҚ ПИЛИНГІ

Тері біздің күтім жасағанымызды сезеді.

 

DERMA Skin Clear түнгі пилингінің құрамында салицил және гликоль қышқылдары, сондай-ақ терінің табиғи жаңару процесін сақтайтын және қабынуды азайтатын ниацинамид бар.
DERMA SKIN CLEAR КЕШЕНІ

ҚАБЫНУСЫЗ САУ ТЕРІ

DERMA Skin Clear өнімдер қатары қабынуға бейім проблемалық тері үшін арнайы жасалған. Бірнеше жылдық ғылыми әзірлемелер NIVEA ғалымдарының қабынуды азайтып қана қоймай, акненің қайта пайда болуына жол бермейтін формула жасауына мүмкіндік берді.    

ТЕРІ ТАЗАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

DERMA SKIN CLEAR ТҮНГІ ПИЛИНГІ: НӘЗІК, БІРАҚ ТИІМДІ

DERMA Skin Clear пилингінің формуласының құрамында 8% салицил және гликоль қышқылы, ниацинамид бар. Бұл компоненттер теріні жұмсақ тазартады және қатты құрғатып жібермейді.

ӨНІМДЕР

DERMA SKIN CLEAR ӨНІМДЕР ҚАТАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ТЕРІҢІЗБЕН ДОС БОЛЫҢЫЗ

Derma Skin Clear бет жуғыш гелі

Саңылауларға терең енеді, терінің артық майы мен кірін кетіреді. Теріні құрғатпайды, жуғаннан кейін жағымды сезім қалдырады.  
Derma Skin Clear тонигі

Ылғалдандырады және терінің майлылығын бақылайды. Оның құрамында салицил қышқылы, теңіз тұзы мен ниацинамид бар, олар кемшіліктерге бейім терінің теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі.

Derma Skin Clear түнгі пилингі

Терінің табиғи жаңару процесін сақтайды және саңылауларды тарылтады. Салицил және гликоль қышқылдарының арқасында қабынуды азайтады және теріні жаңа қабынудың пайда болуынан қорғайды. 

РӘСІМДЕР

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТЕРІГЕ АРНАЛҒАН КҮНДЕЛІКТІ РӘСІМ

Өзіңе деген қамқорлық кішігірім, бірақ үнемі жасалатын әрекеттерден тұрады. Терімен де дәл солай: тұрақты күтім қабынуды басуға және май бездерінің жұмысын реттеуге көмектеседі. 7 күннен кейін-ақ алғашқы нәтижелерін көресіз.

ТАҢҒЫ РӘСІМ

Күніңізді Derma Skin Clear бет жуғыш гелі мен тонигінен бастаңыз.

Гельді бетіңізге аз мөлшерде сулап жағыңыз. Ол бетіңізде түні бойы жиналған тері майы мен шаңнан саңылауларды жұмсақ тазартады. Теріні жұмсақ сүлгімен немесе қағаз майлықпен құрғатыңыз.

Теріні Derma Skin Clear тонигімен ылғалдаңыз.

Нәтижені өзіңіз ұнататын SPF қосылған NIVEA күндізгі кремімен бекітіңіз, өйткені пилинг процедурасы кезінде тері аса сезімтал болады. 

 

Кешкі рәсім

Кешке бетіңізде күні бойы жиналғанның бәрін жуып тастаған жөн.

Derma Skin Clear гелімен бетті жуып, теріні осы өнімдер қатарындағы тоникпен ылғалдаңыз.

Күтімді Derma Skin Clear түнгі пилингімен аяқтаңыз: оны көз айналасына тигізбей, бетке жағыңыз. Пилингті жуудың қажеті жоқ — бір түн ішінде ол терінің ескі жасушаларын кетіреді және табиғи жаңару процесін сақтайды.

Шамалы күйдіретін болса, қорықпаңыз: бұл формуладағы альфа-гидроқышқылдарға терінің қалыпты реакциясы.

СҰРАҚ-ЖАУАП

Терінің қабынуы неден болады?

Қабынудың негізгі себептері — майдың артық бөлінуі және терінің сыртқы қабаттарының қалыңдауы. Ғылыми түрде бұл гиперкератоз деп аталады: ол өлі жасушалардың жеткіліксіз қабыршықтануына әкеледі. Саңылаулар комедондар немесе, жай сөзбен айтқанда, безеу түзе отырып, бітеледі. Осындай бітелген саңылаулар — бактерия үшін мінсіз орта. Одан басқа, айтарлықтай қабыну мен қызару пайда болуы мүмкін. Безеулердің үлкен немесе кішкентай болғаны маңызды емес — олар әрдайым жағымсыз проблема ретінде қабылданады.

 

AHA мен BHA қышқылдарының айырмашылығы неде және олар қалай жұмыс істейді?

AHA қышқылдары — жемістің құрамында болатын табиғи заттектер (жеміс қышқылдары). Тері күтіміндегі ең маңызды AHA — гликоль, манделин және сүт қышқылдары. Олар негізінен тері бетінде әрекет етеді: жасушалардың жаңаруын сақтайды және өлі жасушаларды ерітеді. Гликоль қышқылы майлы, бөртуге бейім теріге көмектеседі, өйткені ол оны қабыршықтандырады.

 

BHA — салицил қышқылы. Осы майлы ортада еритін заттек тері қабаттарына AHA қышқылдарына қарағанда тереңірек енеді. Салицил қышқылы май бездерінің өзектерін ішінен тазартады және оларды артық майдан босатады. Сонымен қатар қабынуға қарсы әсер береді және қызаруды басады.

AHA қышқылдары анағұрлым жұмсақ және қабыршықтануда тиімділігі төмен болғандықтан, біз оларды көп мөлшерде қолданамыз. Одан басқа, олардың әдетте ылғалдандырғыш әсері бар. BHA қышқылы қабыршықтануда өте тиімді, сондықтан бізге оның көп мөлшері қажет емес. Одан басқа, салицил қышқылының бактерияға қарсы әсері бар.

 

Теріге қышқыл қауіпті ме?

Салицил қышқылы медицинада бұрыннан бері танымал. Сыртқа қолданған кезде оның қабынуды тарату әсері бар, сондықтан оны бөртпе мен қабыршықтану кезінде қолданады. Адамның терісі үнемі жаңарып отырады. Ескі тері жасушалары өледі, кератинделеді және қабыршықтанады. Салицил қышқылын сырттай қолдану бұл процесті тездетуге көмектеседі. Оның кератолитикалық тиімділігі бар, яғни терінің сыртқы қабатындағы қабыршықтанған жасушалардың ыдырауына және қабаттарының ажырауына әкеледі. Саңылауларды кірден босатады және терінің табиғи жаңару процесін сақтайды.

DERMA Skin Clear өнімдер қатарындағы қышқылдар концентрациясы қандай?

NIVEA DERMA Skin Clear түнгі пилингі құрамында жалпы алғанда 8% қышқылдық кешен бар. Мұндай мөлшерде белсенді ингредиентті ұзақ уақыт бойы қолдануға болады.

Ниацинамид теріге бөртпелерге қарсы қалай көмектеседі?

Ниацинамид — В3 дәруменінің суда еритін түрі, оны тері жақсы қабылдайды және майлылықты азайтуға жарайды. Бөртуге бейім аралас және майлы тері ниацинамидтің қабынуға қарсы және себореяны реттегіш әсерінен пайда алады. Тағы бір үлкен артықшылығы — оны тері күтіміндегі басқа компоненттермен оңай үйлестіруге болады.

DERMA Skin Clear қатарындағы өнімдер қандай нәтиже береді?

Өнімдер бір уақытта тиімді және әсері бойынша жұмсақ. 7 күн қолданғаннан кейін-ақ тері жаңарып, тазарады, ал қара нүктелер, ақ безеулер, безеулер, қызару мен құрғақтық артта қалады.

 

DERMA Skin Clear өнімдер қатарының тиімділігіне клиникалық зерттеулер жасалды ма?

Біз дерматологтармен бірге барлық құралдарымызға клиникалық зерттеулер жүргіздік, осылайша олар бөртпелермен күрестегі тиімділігін және теріге төзімділігін бағалай алады.

 

Сонымен қатар, біз қарапайым сатып алушылармен бірге барлық өнімге қосымша зерттеу* жүргіздік. Күн сайын 107 адам түнгі сарысуды тестіледі, сөйтіп олардың 93%-і небәрі 7 күнде терінің айтарлықтай тазарғанын байқады. Төрт аптадан кейін 93%-і бөртпенің айтарлықтай азайғанын растады.

*100 ер мен әйел арасындағы 8 апталық зерттеу, 2022 жыл.

Бүкіл DERMA Skin Clear өнімдер қатарын қолдану қажет пе?

Иә. Өнімдер қатарының бүкіл компоненттері мен өнімдері мінсіз таңдалған және терімен үйлесімді.