Әрбір күннен қорғайтын құралдың құрамында сәулелердің барлық түрінен қорғайтын сүзгілер бар. Сүзгілер физикалық және химиялық болады. Физикалық сүзгілер қорғаныш экраны қызметін атқарып, тері үстінен күн сәулесін шағылыстырады, ал химиялық сүзгілер оны сіңіріп алады. Біз бұл сүзгілерді біріктіріп, теріңізді жақсырақ қорғау үшін NIVEA Sun топтамасын жасаймыз.
SPF бар құралдар D дәруменінің өндірілуін тежейді деген аңыз бар. Бірақ бұл олай емес. Егер күннің көзінде SPF бар кремімен жүрсеңіз, D дәрумені синтезделеді, бірақ бұл ретте крем теріні пигменттік дақтардан, әжім мен меланоманың даму қатерінен қорғайды.