Ерлерге арналған бет күтімі — арнайы ерлер терісі үшін
Ерлердің терісі әйелдердің терісінен ерекше талаптарымен айтарлықтай өзгешеленеді. Сондықтан ерлерге арналған бет күтіміне қажетті өнімдер соларды есепке ала отырып арнайы әзірленуі тиіс. Кейбір ер азаматтар әйелдерге арналған бет күтіміне қажетті өнімдерді пайдаланады және бұл өнімдердің олардың терісімен үйлеспейтінін және олардың құрамында майлардың тым көп болатынын түсінбейді.
Ерлерге арналған бет күтімі — ерлер терісінің талаптарына сәйкестік
Ерлердің терісі әйелдердікіне қарағанда 15–20 процент қалыңырақ және май бездері әлдеқайда көбірек болады. Нәтижесінде ерлер терісі безеулердің пайда болуы мен терінің кірлеуіне бейім келеді. Ерлер үшін арнайы жасалған бет күтіміне арналған өнімдер осы ерекшеліктерді ескереді және саңылауларды зақымдап алмас үшін аз мөлшердегі майлармен ылғалдандырады.
Ерлерге арналған тері күтімі терінің түріне және ер азаматтың жасына негізделген
Ерлердің бет терісінде бетінің төменгі үштен бір бөлігінде түк фолликулдары көбірек болады, бұл оларға мұрт пен сақал қою мүмкіндігін береді! Беттің осы тұсында 5 000-нан 30 000-ға дейін түк болады. Олар бір-біріне өте жақын өседі және көптеген майбездерімен қоршалған. Ерлер терісінің күтіміне арналған құралдарды әзірлегенде қырыну әсері сияқты бұл да назарға алынады. Сондықтан ерлердің бетінде коллаген көбірек болады, сондықтан ол әйелдердікіне қарағанда шымырлығы мен тығыздығын ұзағырақ сақтайды. Алайда, 35 жастан бастап коллаген талшықтары бұзыла бастайды (ал әйелдерде одан да ерте бұзыла бастауы мүмкін). Қартаюға қарсы, күндізгі және түнгі күтімге арналған белсенді ингредиенттер ерлерде қартаюға қарсы тиімді нәтижелер береді. NIVEA алдыңғы қатарлы және мұқият үйлестірілген күтім тұжырымдамасын жасау үшін дерматология саласындағы көп жылдық тәжірибе мен өзекті жетістіктерді пайдаланады.