Body Care FAQ

Сіздің дене күтімі туралы сұрақтарыңыз бар ма?

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар - мұнда.

1. ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ КРЕМДІ НЕ ҮШІН КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ?  
Біздің теріміз күн сайын түрлі әсерге дұшар болады – ол душтан кейін тез-ақ құрғап кетеді, қоршаған орта да оған құрғатушылық ықпалын тигізеді. Сондықтан теріні ылғалдандырудың маңызы өте зор. NIVEA ұсынған дене күтіміне арналған барлық құралдар, сонымен қатар NIVEA Soft және NIVEA Creme өнімдері теріні ылғалдандырғыш құрауыштармен қамтамасыз етеді. 

2. NIVEA ДЕНЕ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАРЫ БЕТКЕ ДЕ ЖАРАЙ МА? 
NIVEA терінің түрлі қажеттілігі үшін дайындалған бет күтімі бойынша құралдардың үлкен жиынтығын ұсынады, және біз оларды пайдалануға кеңес береміз.  

3. ҚОЛҒА АРНАЛҒАН ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ КРЕМДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?   
Қолға арналған ылғалдандырғыш кремді қолдану жиілігі қолыңыздың қандай сыртқы әсерлерге шалдығатынына және ылғалдандыруға деген жеке қажеттілігіңізге байланысты. Қол терісінің жұмсақтығы мен созылғыштығын сақтау үшін оны жеткілікті түрде жиі ылғалдандырып отырыңыз. 

 4. ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ СОЗЫЛЫП КЕТКЕН ЖЕРЛЕРГЕ МАССАЖ ЖАСАУ ҮШІН NIVEA ДЕНЕ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ҚАНДАЙ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАУІПСІЗ?  
Жүктілік кезінде іш терісін уқалау үшін құрамында күтім жасайтын майлардың көп болуынан NIVEA Q10 Firming Body Oil мінсіз жарамды. Созылған теріге массаж жасау кезінде ол тегістік сезімін береді. Құрал құрғақ немесе душтан кейінгі ылғалды теріге жағылады. 


5. ҚОЛДЫ ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ҮШІН НЕГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ? 

Біздің қолдарымыз күн сайын қоршаған орта, жуғыш құралдар мен су тарапынан түрлі әсерге дұшар болады. Біз үнемі бірдеңе жасап жүретіндіктен, қолға арналған крем теріні ылғалдандырып қана қоймай, жылдам сіңуі де тиіс.  



Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен сайттағы кері байланыс үлгісінің көмегімен хабарласуыңызды өтінеміз.
product-stage-bg

Таңдау сіздікі: жеңіл, қарқынды немесе сергітетін күтім?

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫМЫЗ