• Бальзамдар
  • Сусабындар
Сүзгі
Сұрыптау
Сұрыптау

Шаш күтіміне арналған құралды таңдағанда, бастысы шашыңыздың түріне қажетті құралды таңдаған дұрыс

Бальзам: қосымша күтім

Денеңіз бен бетіңіз сияқты, шашыңызға да қосымша күтім қажет. Негізінде шаштың зақымдалуына жол бермеу үшін немесе оны қалпына келтіру үшін айына бірнеше рет шашқа арналған масканы қолданған дұрыс. Мұндай масканы боялған, зақымдалған немесе өңсіз шашқа қолданған дұрыс. Шашқа арналған масканы жағуға уақытыңыз болмаған кезде оның орнына бальзамды пайдаланыңыз. Бальзам — қолдануға тез әрі оңай керемет балама, оны қолданғаннан кейін шашыңыз күтілген болып көрінеді және оңай таралады.

Дәл сіздің шашыңыздың қажеттіліктеріне сай бальзамдар

Теріңізге қалай таңдайтын болсаңыз, шашыңызға да дәл солай, шаш түріне сай өнімдерді таңдау керек... Мысалы, боялған шашқа өңсіз шашқа жасалатын күтім берудің қажеті жоқ. Тарауға көнбейтін бұйра шашқа қарағанда, жұқа әрі жансыз шашқа басқа маска немесе бальзам қажет. Бірақ осы күтімге қажетті өнімдердің бәрінің бір ортақ ерекшелігі бар — бальзам шашты оған қажетті заттармен нәрлендіреді. Шаш тегістеліп, жібектей жайнап шыға келеді. Бұған қоса, бальзамды немесе масканы қолданған соң шашты тарау кәдімгідей оңай болады. Бұл ұзын немесе қатты бұйра шаш үшін өте ыңғайлы. NIVEA ассортиментінен таңдау жасағанда шашыңызға дұрыс бальзам таңдап жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Ол бас жуу мен шаш сәндеуді рахатқа айналдырады.

Сусабын не істеу керек және оның мақсаты неде?

Сусабын — шаш күтімінің негізі, ол сіздің шашыңыздың түріне келетіндей арнайы жасалған болуы тиіс. Ол кірді және сәндеуге арналған мусстың, шашқа арналған спрей мен гель қалдықтарын кетіреді. Әр жаққан сайын сусабын шашты оның табиғи жағдайына дейін қалпына келтіріп, оны келесі рәсімдерге дайындайды. Өнімдердің құрамында шашты тиімді тазартуға арналған беткі белсенді заттар бар. Олар шашты зақымдамастан оны ұқыпты тазартады. Бұдан бөлек, NIVEA сусабындарының құрамында нәрлендіргіш және кондиционерлегіш компонеттер де бар. Тіпті сусабынмен жуған кезде белсенді ингредиенттер шашқа сіңіп, шаштың сау құрылымын қалпына келтіруге көмектеседі. Сусабындар тағы не істей алады? Дұрыс сусабынды пайдалану бас терісі үшін де маңызды. Ол шашыңыз тез майланбауы үшін май мен себумның шығарылуын реттейді. Одан бөлек, біздің күтім жасауға арналған өнімдеріміз бас терісіне өте жұмсақ әсер етеді, тітіркендірмейді және құрғатпайды, сондықтан сезімтал бас терісіне де қолдануға болады. Шашыңыздың түріне арналған дұрыс сусабын — NIVEA-ның әр адамға жарайтын сусабыны бар.  Қалыпты шашқа арналған құралдар жарқыл береді, зақымдалған және құрғақ шашқа арналған құралдар нәрлендіргіш күтіммен қамтамасыз етеді, ал арнайы ылғалдандырғыш сусабындарды күнделікті бас жуғанда қолданған жақсы. Сіздің шашыңыз боялған ба? Онда шаштың түсін қорғайтын сусабынды таңдаңыз. Мұндай сусабындар шаштың бетін «бүркейді», сондықтан ашық бояу пигменттері, шашыңыз сары, қара немесе қызғылт сары болса да, тез жуылып кетпейді.