Адалдық пен айқындық

Біз NIVEA өнімдерінің бүкіл әлемде пайдаланылатынына қуаныштымыз. Біз осы жауапкершілікті сезініп, өз қызметімізде құндылықтарымыз бен сенімдерімізге сүйенеміз.

Құндылықтарымыз Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік кодексінде көрсетілген: құжатта экологиялық және әлеуметтік міндеттемелеріміз бен бастамаларымыз, сондай-ақ косметиканы жануарларда тестілеуге қатысты брендтің көзқарасы толық жазылған. Олар қауіпсіз және экологиялық таза формулалар мен ингредиенттерге арналған зерттеулерімізде де айтылады және серіктестерімізбен ортақ жобалардағы қозғаушы күш болып табылады.


NIVEA миссиясы — адамдарға қамқорлық көрсету

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам NIVEA өнімдеріне сенім артады — біз бұл сенімді ақтау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Біздің басты құндылықтарымыздың бірі — қамқорлық. Біз теріңіздің саулығы мен сұлулығын сақтаймыз және қоршаған ортаны қорғаймыз. Сол себепті косметикамыз үшін таңдайтын әр ингредиент сапаны бағалау бойынша ішкі қатаң критерийлерге сай болуы тиіс (не тіпті асып түсуі қажет). Күтім құралдарымыздың формулалары терінің қалыпты функцияларын қорғауға және жақсартуға бағытталған. Біз бұл мақсатқа жету үшін барынша аз ингредиенттер қолдануға тырысамыз.

NIVEA ғаламшарымызды бағалайды және қорғайды. Ондаған жыл бойы біз күтім құралдарын жасап шығару үшін неғұрлым табиғи формулалар мен ингредиенттерді және заманауи әдіс-тәсілдерді іздеуді тоқтатпадық. Тамыры тереңде жатқан косметикалық брендтердің бірі бола отырып, біз бай тәжірибеміз мен білімімізді осы саладағы экологиялық тазалық ұғымын кеңінен тарату үшін қолданамыз. Біз өнімдерімізді немесе ингредиенттерді жануарларда сынамаймыз. ЕО-да косметикалық өнімдерді жануарларда сынауға 2004 жылдан бері, ал барлық компоненттерді сынауға 2013 жылдан бері тыйым салынған. Әлбетте Beiersdorf компаниясы осы талапты сақтайды және заң бойынша мүмкін болған әлемнің барлық елдерінде жануарларға сынақ жүргізуден бас тартады. Біз 35 жылдан астам уақыт бойы косметиканы тестілеу бойынша балама жолдарды дамытуды және осы жолдардың халықаралық деңгейде мойындалуын қолдап келеміз.

NIVEA — бұл жай ғана бренд емес. Біріншіден бұл көпшіліктің жүрегінен орын алған күтім құралдарын жасап шығаратын адамдар. Барлығымыз ғаламшарға қамқорлық танытамыз және мұны әртүрлі жолдармен жасаймыз. Біреулер еріктілер бастамасына (бүкіл әлем бойынша ағаш отырғызу) қосылады, көбі жұмысқа бару үшін велосипед не каршеринг қолданады. Біз мүмкіндігінше іскери сапарлардың орнына телефон және бейнеконференциялар ұйымдастыруға тырысамыз. Біз бірте-бірте толықтай экологиялық таза бренд болуға жылжып келеміз!


Жануарларда сынау

NIVEA жануарларға сынақ жүргізуге қарсы

NIVEA ғаламшарымызға және ондағы әр тіршілік иесіне құрметпен қарайды. Көптеген жылдар бойы біз жануарларға сынақ жүргізуді алмастыратын және NIVEA өнімдерін ағзаның көтере алуын және олардың тиімділігін тестілеуге мүмкіндік беретін балама сынау жолдарын іздеумен және әзірлеумен айналысып келеміз.

Косметикалық зерттеулер саласындағы көшбасшылардың бірі NIVEA брендінің бүкіл әлем бойынша 50-ден астам серіктеспен бірге жұмыс істеу бойынша бай тарихы бар. Ынтымақтастықтың басты мақсаты — косметиканы тестілеудің балама жолдарын табу. Бірқатар жаңа сынақ әдісі тіпті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) мақұлдауын алды.

Дегенмен зерттеулер әлі де жалғасуда. Осылайша Beiersdorf компаниясы «чиптеу» технологиясының дамуын қолдайды: жүйе адам жасушалары мен тіндерінің бірнеше түрін біріктіреді және шағын масштабта адам биологиясын имитациялайды, бұл косметикалық құралдардың ағзаға in vitro («тірі ағзадан тыс») әсерін тексеруге мүмкіндік береді.

Біз косметиканы тестілеудің балама жолдарын табу қажеттілігі бүкіл әлемде мойындалуы үшін жұмыс жасаймыз. Қазір бірқатар елде, мысалы, Қытайда күтім құралдарының жануарларға әсерін сынау жергілікті заңнамаға сәйкес қажетті болып саналады. Біздің мақсаттарымыздың бірі — мұндай сынақтың қажет емес екеніне осы елдер өкілдерінің көзін жеткізу.


Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік кодексі

Шартқа отыру кезінде жеткізуші Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік кодексін сақтауға келісуге міндетті — келісімнің бұл бөлігің орындалуын арнайы тексеру, аудит жүргізу және қолдау жүйесі бақылап отырады. Жүйеге ортақ жұмысқа арналған платформалар кіреді, олар жеткізушілерге тәжірибе бөлісуге және қажет болғанда брендпен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

NIVEA брендінің құндылықтары туралы

NIVEA, халықаралық бренд бола отырып, бүкіл әлем бойынша жергілікті жеткізушілермен жұмыс істейді. Біз өндірістің барлық сатылары бренд құндылықтарына сай келетініне көз жеткізу үшін Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік кодексін жасадық. Ол барлық қызметкерлеріміз басшылыққа алатын құжат болып табылады. Кодексте бірқатар этикалық ереже, сондай-ақ NIVEA экологиялық бастамалары көрсетілген. Құжат Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары және ЭЫДҰ көпұлттық кәсіпорындарға арналған нұсқаулығы негізінде жасалған.